Қолданыстағы ред. 10.08.2010 (Редакция AI54365_0.kaz)

Тереңөзек кентіндегі көшеге атау беру туралы от 10.08.2010 г. № 90 (Тереңөзек кентіндегі көшеге атау беру туралы)

0

Тереңөзек кентіндегі көшеге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы, Сырдария ауданы әкімі жанындағы аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 4 ұйғарымы негізінде ШЕШЕМІН:

1

1. Тереңөзек кентіндегі Әйтек каналының оңтүстік бетіне жаңадан түсетін тұйық көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының "Халық ағарту ісінің озығы" Жарекеев Төлептің атауы берілсін.

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.