Қолданыстағы ред. 17.08.2010

Сексеуіл кентіндегі кейбір көшелердің атауларын өзгерту және жаңа көшеге атау беру туралы от 17.08.2010 г. № 24 (Сексеуіл кентіндегі кейбір көшелердің атауларын өзгерту және жаңа көшеге атау беру туралы)

0

Сексеуіл кентіндегі кейбір көшелердің атауларын өзгерту және жаңа көшеге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Арал аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 3 санды ұйғарымын, 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 1 ұйғарымын және 2010 жылдың 30 маусымдағы N 2 ұйғарымын жүзеге асыру мақсатына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі жаңадан ашылатын көшеге Байбазаров Жазықбайдың есімі берілсін.

2

2. Сексеуіл кентіндегі Ф. Энгельс көшесі Айқынов Бұлқайырдың, Киров көшесі Қонысбаев Елубайдың, Менделеев көшесі Жұмағұлов Ақсақалдың және Юбилейная көшесі Досмырзаев Әбдіразақтың есімдерімен өзгертілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Сексеуіл кенті әкімінің орынбасары М. Исматуллаевқа жүктелсін.

4

4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.