Сексеуіл кентіндегі кейбір көшелердің атауларын өзгерту және жаңа көшеге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Сексеуіл кентіндегі кейбір көшелердің атауларын өзгерту және жаңа көшеге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Арал аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 3 санды ұйғарымын, 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 1 ұйғарымын және 2010 жылдың 30 маусымдағы N 2 ұйғарымын жүзеге асыру мақсатына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі жаңадан ашылатын көшеге Байбазаров Жазықбайдың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Сексеуіл кентіндегі Ф. Энгельс көшесі Айқынов Бұлқайырдың, Киров көшесі Қонысбаев Елубайдың, Менделеев көшесі Жұмағұлов Ақсақалдың және Юбилейная көшесі Досмырзаев Әбдіразақтың есімдерімен өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Сексеуіл кенті әкімінің орынбасары М. Исматуллаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.