Құжат мәтініне өту

О создании государственного учреждения "Карагандинская республиканская специальная школа-интернат для детей с нарушением зрения"

Қаулы · № 900 · қабылданған 06.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54371/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О создании государственного учреждения "Карагандинская республиканская специальная школа-интернат для детей с нарушением зрения" Күшін жойған Қаулы ·№ 900 ·06.09.2010
31.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного учреждения "Карагандинская республиканская специальная школа-интернат для детей с нарушением зрения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 900 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного учреждения "Карагандинская республиканская специальная школа-интернат для детей с нарушением зрения"
Атауы (қаз.)
«Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
900
Қабылданған күні
06.09.2010
Көрсетілген редакция
31.01.2020 54371_446936.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000900_
ЭКБ идентификаторы
54371
Редакция идентификаторы
54371_446936
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:25

0 «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы

Көру қабілеті бұзылған балалардың білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және оларды сапалы біліммен қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2 2. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж,. № 40, 552-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-жолмен толықтырылсын:
«93. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты»;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 12-жолда:
3-бағанда:
«2564» деген сандар «2655,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде» деген жолда «1868» деген сандар «1959,5» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты 91,5».

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы