Об утверждении Положения и Правил приватизации объектов коммунальной собственности Қолданыста
Басқа 0
Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру Ережесі мен Тәртіптерін бекіту туралы
Коммуналдық меншік объектілерін сатуды ұйымдастыру және оларды сенімгерлікпен басқаруға беруге, жалдау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырғандар бекітілсін:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындарға пайдаланылмай тұрған үй жайлар мен объектілерді, кеңселік жайларды кеін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берудің реті туралы ережесі;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакетінің акцияларын сенімгерлікпен басқаруға берудін тәртібі;
Тармақша 3
3) коммуналдық меншіктің жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі.
Тармақ 2
2. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы жоғарыда көрсетілген Ереже мен Тәртіптердің жұмыс істеп тұрған зандарға сәйкес өткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Басқа 7
Облыс әкімінің 2000 жылғы
4 ақпандағы № 344 шешімімен
бекітілген
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындарға пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді, кеңселік жайларды кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берудің реті туралы Ереже
Тармақ 1
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес жасақталған және шағын кәсіпкерлік субъектлеріне мемлекеттік кәсіпорындардағы пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді, кеңселік жайларды кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді реттейді.
Тармақ 2
2. Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындардағы пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді, кеңселік жайларды кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру ашық тендер өткізу арқылы жүргізіледі. Тендер өткізу туралы шешімді облыс әкімі қабылдайды.
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлік субъектлеріне мемлекеттік кәсіпорындардағы пайдаланылмай тұрғын жайлар мен объектілерді, кеңселік жайларды кейін меншікке беру құқымен жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендердің негізгі шарты олардың өндірістік мақсатқа және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуға пайдалану болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде көрсетілгеннен басқа тендер өткізуді ұйымдастырудың негізгі шаралары коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакет акцияларын сенімгерлікпен басқаруға берудің Тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Тендер облыстық коммуналдық меншік басқармасында немесе объект орналасқан ауданда өткізіледі. Тендер комиссиясының құрамын облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы бекітеді. Тендер комиссиясының құрамына мүдделі ведомстволар мен басқармалардың өкілдері енгізіледі. Тендер комиссиясының төрағасы облыстық коммуналдық меншік басқармасының өкілі болады.
Тармақ 6
6. Жайлар мен объектілерді кейін меншікке беру құқымен жалға беру жөнінде тендер өткізгенде ақпарат хабарламаға жылдық 1 шаршы метрдің алғашқы жалдық төлемінің мөлшері немесе объектінің ерекшелігіне байланысты басқа да талаптар қосымша көрсетілуі тиіс.
Тармақ 7
7. Ішіне қондырғылар орнатылған пайдаланымай тұрғанөндірістік жайлар мен объектілер, кеңселік жайлар, қалыпты жағдайда сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендерге шығарылады.
Тармақ 8
8. Тендерге қатысуға:
-тендерге қатысуға өтінімді;
-өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткедігі жөніндегі құжаттарды;
-жеке конвертке салынып, мөрленып берілген жазбаша түрдегі тендерлік ұсыныстарды уақытында тапсырған шағын кәсіпкерлік субъектілері жіберіледі.
Тармақ 9
9. Жалғыз қатынасушыға объктіні жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруге мүмкіндік беретін үшінші және одан кейінгі тендерлерден басқа тендерлер өткізілмеген деп танылады.
Тармақ 10
10. Тендерөткеннен кейінгі 10 күн ішінде областық коммуналдық меншік басқармасы тендер Жеңімпазымен сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру келісім-шартын жасасады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді, кеңселік жайларды жалға немесе сенімгерлкпен басқаруға беру келісім-шарты бір жылға жаалады және ол, егер келісім-шарт немесе контракт жасалған күннен бастап алты ай өткенше өндірістік қызметке кіріспесе, бұзылуға жатады.
Қайтарылған мүлік тендерге қайта қойылады.
Тармақ 11
11. Жалға беру келісім-шартының немесе сенімгерлікпен басқаруға беру контрактысының шарттарының орындалуына облыстық коммуналдық меншік басқармасы және жергілікті атқарушы органдар бақылау жасайды.
Тармақ 12
12. Тендер Жеңімпазы жалға беру келісім-шартының немесе сенімгерлікпен басқарудың шарттарын ыждағаттылықпен орындаған жағдайда объект оның меншігіне беріледі.
Меншік құқына кірісудің заңды құжатталуы облыстық коммуналдық меншік басқармасы арқылы жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Осы Ереженің күші кіші кәсіпкерлік кәсіпорындарына мемлекеттік бітпеген құрылыс объектлерінде өндіріс қызметін ұйымдастыру үшін шартпен пайдалануға пайдалануға беруге де мүмкіндік береді. Тендерлық комиссия тендердің шарттарын, кепілдік жарнаның мөлшерін және оны төлеу тәртібін анықтайды және бекітеді, ақпараттық хабарлама жариялау туралы шешім қабылдайды, тендер өткізін оның Жеңімпазын анықтайды.
Тендерге қатысудың өтініміне инвестиция салудың көлемі мен кезеңдері, бітпеген құрылыс объектісін іске қосу мерзімі туралы ұсыныстар жалғанады.
Тендер Жеңімпазымен облыстық коммуналдық меншік басқармасы объектіні беру туралы келісім-шарт жасасады, оның мерзімі әрбір нақты жағдайда объектінің ерекшелігі ескеріле отырып анықталады. Кейбір жағдайда мемлекеттік бітпеген құрылыс абъектісінің баланс ұстаушысы, құрылысты аяқтауға ниеттенуші кіші кәсіпкерлік кәсіпорын және облыстық коммуналдық меншік басқармасы араларында үшжақты келісім жасалуы да мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпкердің берген кепілін ұстаушы облыстық коммуналдық меншік басқармасы болып табылады.
Егер Жеңімпаз объектіде өндірістік қызмет ұйымдастыру жөніндегі міндеттерін орындамаса немесе жеткіліксіз орындаса келісім-шарт бұзылуға жатады. Бұл жағдайда Жеңімпазға төлеген кепілдік жарнасы кері қайтарылмайды.
Басқа 21
Облыс әкімінің 2000 жылғы
4 ақпандағы № 344 шешімімен
бекітілді
Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакет акцияларын сенімгерлікпен басқаруға берудің Тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы заң күші бар «Жекешелендіру туралы» жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» қаулысына және облыс әкімінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 321 шешімімен бекітілген «Атырау облыстық коммуналдық меншік басқармасы туралы» Ережеге сәйкес әзірленген және мемлекеттік кәсіпорындарды немесе акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакеттері акцияларын кейін сатып алу құқығымен (құқықсыз) тендер жеңімпазымен сенімгерлікпен басқаруға келісім жасау тәртібін және келісім шарттарының орындалысын бақылау механизмін айқындайды. Осы Тәртіп коммуналдық меншіктегі иеленуге, пайдалануға және басқаруға құқықсыз (кей»ннен құқықпен) билеуге беру процесінде туындайтын құқық қатынастарын реттейді.
Келісім жасау облыс әкімінің тендерден жеңіп шыққан қатысушыға коммуналдық меншіктегі объектіні иеленуге, пайдалануға және кеін биік ету құқығысыз (құқығымен) басқаруға беруді мемлекеттік ресімдеу болып табылады.
Толассыз пайдаланылуын және сақталуынқамтамасыз ету мақсатында коммуналдық меншіктегі объекті, кеін тендерге қойғанға дейін, шаруашылық субъектісіне сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы ережелерде келесі ұғымдар пайдаланылады:
Меншік иесі – облыс әкімінің уәкілдігі берілген және коммуналдық меншіктегі объектілерді билеуге құқы бар облыстық коммуналдық меншік басқармасы.
Тендер – билеу құқығымен (құқығынсыз) иелену, пайдалану және басқаруға беруде қатысушылар арасында бәсекелестікті көздейтін және келісімнің неғұрлым тиімді шарттарын табуға бағытталған жарыс өткізу тәсілі.
Тендер комиссиясы – облыс әкімінің уәкілеттігі берілген органы немесе меншік иесі құрған тендер өткізетін және оның жеңімпазын анықтайтын комиссия.
Объект – сенімгерлікпен басқаруға берілетін коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар және акционерлік қоғамның мемлекеттік пакеттерінің акциялары.
Қатысушы – меншік иесі қойған талаптармен келісім жасауға келіскен және тендерге қатысты қажетті құжаттарды тапсырған жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға.
Сенімгерлікпен басқаруға беру – мемлекеттің меншік иесі арқылы тендер жеңімпазына келісім негізінде объектіні иеленуге, пайдалануға және басқаруға кейіннен билік етуге құқықсыз (құқықты) мемлекет арқылы берілген құқық..
Объектіні басқару келісімі – меншік иесі мен басқарушы арасында жасалған азаматтық – құқықтық келісім.
Басқарушы – меншік иесі мен коммуналдық меншік объектісін сенімгерлікпен басқаруға келісім жасаған тендер жеңімпазы, жеке немесе заңды тұлға.
Өтінім – тендердің шарттарына сәйкес дайындалған тендерге қатысушы ұсынатын белгілі құжаттар жиынтығы.
Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету – тендерге жіберілген әлуетті қатысушының кепілдік жарнасы.
Тарау 2. 2. Тендерді ұйымдастыру
2. Тендерді ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Облыс әкімі атынан сөйлейтін және өз құзыры шегінде іс-қимыл жасайтын облыстық коммуналдық меншік басқармасы тендердің ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншіктегі жеке объектілер бойынша тендердің өткізілетіні жөнінде хабар облыстық баспасөз беттерінде тендер өткізілетін уақыттан 15 күн бұрын, ал мемлекеттік акциялар пакеттері мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық қорындағы мемлекеттік үлестер бойынша кем дегенде 30 күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
Тармақ 5
5. Тендерді ұйымдастырушы:
Тармақша 1
1) түскен тапсырыстарды және басқа тендер комиссиясына ұсынылатын тиісті құжаттарды қабылдайды және тіркейді, қатысушыларға тапсырған құжаттарындағы кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюға тиісті шаралар алуын хабарлайды;
Тармақша 2
2) қатысушыларға осы Тәртіпті таныстыру үшін ұсынады;
Тармақша 3
3) келісім негізінде қажет болғанда тиісті профильдегі мамандарды немесе кеңесші фирмаларды тартады.
Тармақ 6
6. Тендерді ұйымдастырушы тендер құжаттарын ұсынғаны үшін тендер ұйымдастырушының оны дайындауға, баспасөзге жариялауға және таратуға кеткеншығындарды жабу үшін төлемақы өндіріп алуға құқықты.
Тарау 3. 3. Тендер комиссиясының қызметі және ұйымдастыру тәртібі
3. Тендер комиссиясының қызметі және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Тендер өткізу үшін тендер комиссиясы құрылады, оның құрамын облыс әкімімен немесе оның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
Тармақ 8
8. Тендер комиссиясы тендерді ұйымдастыру және өткізу туралы меншік иесінің шешімі қабылданғаннан бастап объектіні басқару жөніндегі келісім күшіне енгенге дейін қызмет атқарады.
Тармақ 9
9. Тендер комиссиясының мүшелерінің жалпы саны 5-тен 7-ге дейінгі тақ сан болуы керек.
Тармақ 10
10. Тендер комиссиясының құрамына облыстың, ауданның атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары кіреді.
Тармақ 11
11. Тендер комиссиясы сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер өткізеді және мынандай міндеттер атқарады:
Тармақша 1
1) тендер өткізудің шарттарын әзірлейді және оған қатысушыларға қойылатын талаптырды бекітеді;
Тармақша 2
2) тендер жеңімпазын анықтайды;
Тармақша 3
3) тендердің нәтижесі туралы хаттамаға қол қояды.
Тарау 4. 4. Қатысушыларға қойылатын талаптар
4. Қатысушыларға қойылатын талаптар
Тармақ 12
12. Тендерге қатысуға біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, тапсырыстарын және басқа құжаттарды мезгілінде берген әлуетті қатысушылар, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Тендерге қатысу үшін тендер комиссиясының атына мына құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) тендер ұйымдастырушысының белгілеген үлгісі бойынша тендерге қатысуға өтінім;
Тармақша 2
2) куәліктің, лицензияның, патенттің немесе осы қызметке құқығын растайтын басқа құжаттардың көшірмесі.
Тармақша 3
3) объектіні басқару жөнінде жеке конвертке салынған жазбаша түрде ұсыныс (бизнес-план);
Тармақша 4
4) қатынасушының қаржылық тұрғыдан орнықтылығын растайтын құжаттар.
Заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған құрылтайшы құжаттарын және тиісті органда мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаттарды қосымша тапсырады.
Қатысушы объектінің сипатына қарай басқа да құжаттарды тапсыруы мүмкін.
Тармақ 14
14. Тендерге қатысуға тапсырыс қабылдау тендер өткізуден бір күн бұрын сағат 18-00-де бітеді. Белгіленген мерзім біткесін тапсырысты және құжаттарды қабылдау аяқталады.
Тармақ 15
15. Тендер комиссиясы құжаттарды қабылдап болған соң тапсырыс берушіге оның тендерге қатысатыны жөнінде тапсырысының тіркелген күнін көрсетіп, жазбаша ескертеді. Жазбаша ескерту жіберілген сәттен бастап тапсырыс беруші тендерге қатысушылар қатарына жатқызылады.
Тармақ 16
16. Тапсырыс берушілердің тапсырысы қабылданбаған жағдайда себебі көрсетіліп, 7 күн мерзім ішінде жазбаша ескертіледі.
Тармақ 17
17. Тендерге қатысуға тапсырыс берген тұлғалар жөнінде мәлімет жарияланбайды.
Тармақ 18
18. тендерді ұйымдастырушы тендер тапсырысын қабылдау мерзімі біткенге дейін кез келген уақытта өз белсенділігімен, не болмаса қойылған сауалға түсінік беру жауабы ретінде тендер құжаттарына қосымша енгізу арқылы өзгертуге құқықты, мұндайда тендер тапсырысын қабылдау мерзімі әлеуетті қатысушыларға осындай қосымшалардың соңғы жіберілген күнінен бастап саналады.
Тармақ 19
19. Тендерге қатысушы белгіленген тендер өткізілетін мерзімге дейін ол жөнінде жазбаша түрде тендер басталуға кемінде 3 күн бұрын хабарлап, өз ұсынысын қайтып алуға құқықты.
Тарау 5. 5. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету
5. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету
Тармақ 20
20. Әлуетті қатысушы тендерлік өтінімін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 21
21. Тендерлік өтінімнің мазмұны мен үлгісін қамтамасыз ету нысанын тендер ұйымдастырушысы белгілейді.
Қамтамасыз ету мөлшері ұйымдастырушымен белгіленеді және мына түрде ұсынылады:
Тармақша 1
1) банк кепілі;
Тармақша 2
2) ақша қаражаты, бағалы қағаз кепілі.
Өтінімді қамтамасыз етуге ақшалай қаржы ұйымдастырушының есеп шотына тендер тапсырысының соңғы қабылдау мерзімі біткенге немесе тендер талабына сәйкес объектіні беру туралы келісім шартқа отырғанға дейін аударылады.
Тармақ 22
22. Тендер Ұйымдастырушы қарымды қатысушыға енгізген тендерлік өтінімнің қамтамасыз етуді мына жағдайларда кері қайтарып алады:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімнің қызмет мерзімі біткенде;
Тармақша 2
2) объектіні беру туралы келісім күшіне енгенде;
Тармақша 3
3) тендер жеңімпазы анықталмай тендер процедурасының тоқтатылуы;
Тармақша 4
4) тендер тапсырысының ұсынылатын соңғы мерзімі біткенге дейін тендер тапсырысын кері қайтарып алу;
Тармақша 5
5) басқа әлуетті қатысушының жеңімпаз болып анықталуы.
Тармақ 23
23. Тендер ұйымдастырушысы әлуетті қатысушыға енгізген тендер өтінімі қамтамасыз етуді мына жағдайларда қайтармайды, егер әлуетті қатысушы:
Тармақша 1
1) тендер өтінімін ұсыну мерзімі біткеннен кейін тендер өтінімін кері алса немесе өзгертсе;
Тармақша 2
2) тендер жеңімпазы болып анықталғаннан кейін объектіні беру туралы келісімге уақтылы қол қоймаса;
Тармақша 3
3) келісімге қол қойылғаннан кейін объектіні беру туралы келісімнің орындалуын қамтамасыз етілуін, егер ол қаралған болса, төлемесе.
Тармақ 24
24. Тендер жеңімпазына оның тендер өтінімін қамтамасыз ету төлемі келісімнің мерзімі біткен соң қайтарылады, егер келісім шарттарын бұзуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылмаса.
Тарау 6. 6. Тендерді өткізу тәртібі
6. Тендерді өткізу тәртібі
Тармақ 25
25. Тендер комиссиясы тендерлік өтінімі бар конвертті барлық қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен тендер құжаттарында көрсетілген күнде, уақытта және орында ашады.
Тармақ 26
26. Тендер комиссиясы қатысушылардың ұсыныстарын жеңімпазды айқындау белгісіне сүйеніп қарайды. Тендер комиссиясы жобалардың тәуелсіз сараптамасын өткізуге құқықты.
Тармақ 27
27. Тендер комиссиясының шешімі оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болса төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 28
28. Тендер комиссиясының шешімі төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшесі өзінің айрықша пікірін жазбаша түрде жазып, оны хаттамаға тіркеуге құқықты, бұл жөнінде соңында белгі қойылады. Тендердің нәтижесіне оның қатысушыларымен жеңімпаз жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде наразылық көрсетілуі мүмкін.
Тармақ 29
29. Тендердің қорытындысы жеңімпаз жарияланған күннен бастап 5 күн ішінде облыс әкімімен немесе ол уәкілеттеген лауазымды тұлғамен бекітіледі. Тендер қорытындысы бекітілмеген, тендерге қатысуға өтінімнің жоқтығы немесе тендер комиссиясы жаңа тендер жариялауға құқықты.
Тармақ 30
30. Бір қатысушы қатысқан тендер өткізілмеген деп табылады, үшінші және келесі тендерде объект сенімгерлікпен басқаруға жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін.
Тарау 7. 7. Келісім жасау
7. Келісім жасау
Тармақ 31
31. Объектіні басқаруға жасалатын келісімге тендер қорытындысы бекітілгеннен кейін меншік иесі мен тендер жеңімпазы аралығында 10 күннен кешікпей қол қойылуы қажет.
Тармақ 32
32. Сенімгерлікпен басқаруға берілген объекті тарапынан қол қойылған алыс-беріс актісі келісімнің негізгі құрамды бөлігі болып табылады.
Тармақ 33
33. Берілген объектілер бойынша өндірістік іс-әрекетке белгіленген тәртіппен берілетін рұқсат құжаттарын (лицензия және т.б.) алу Басқарушыға жүктеледі.
Тарау 8. 8. Келісімнің шарттары
8. Келісімнің шарттары
Тармақ 34
34. Келісімнің негізгі шарттары болып табылатындар:
Тармақша 1
1) өндіріс профилін сақтау, қызмет көрсету, белгіленген деңгейде өнім көлемін шығару немесе әрі қарай ұлғайту;
Тармақша 2
2) барлық немесе келісімде белгіленген жұмыс орнының санын сақтау;
Тармақша 3
3) әлеуметтік кепілді қамтамасыщ ету, объект жұмысшыларының денсаулығын, өндірістік жарақаттар және бақытсыз оқиғалардан жеке өмірін сақтандыру;
Тармақша 4
4) объект мүлкін өрттен, жарылыстан, апаттан, табиғи апаттан сақтандыру;
Тармақша 5
5) өнімнің сапасын және бәсекелестік қабілетін арттыру, өндіріс шығынын азайту;
Тармақша 6
6) келісімде мәлилескен мерзімде объект берешектерін жою;
Тармақша 7
7) жер қойнауының, қоршаған ортаның және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін сақтау;
Тармақша 8
8) қаржы қорларын: тауар кредиттерін, айналым қорлары, инвестициялар тарту міндеттемелері;
Тармақша 9
9) монополиялыққа қарсы реттеуге жататын шығарылатын өнім (тауар, қызмет) бағасының деңгейі бойынша міндеттер;
Тармақша 10
10) отандық өндірушілер үшін өзара тиімді бағада ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру бойынша міндеттер;
Тармақша 11
11) объектінің орташа және ұзақ мерзімді перспективасының инвестициялық бағдарламасын іске асыру бойынша басқарушылардың міндеттері мен құқықтары аймақтық және салалардың дамуының мемлекеттік инвестициялық стратегиясына сәйкестігі;
Тармақша 12
12) объектінің қаржы тұрақтылығына жетуді қамтамасыз ететін, оның қайта құрылу толықтай бағдарламасын әзірлейтін басқарушының ұсынысы.
Тармақ 35
35. Кез келген жағдайда объектінің ерекшелігіне қарай талаптардың өзгеруі мүмкін. Мұндайда тендер комиссиясы келісімді, құрылымдық-салалық бағытына байланысты келісімді, сенімгерлікпен басқаруға не берілетіндігін:
Тармақша 1
1) тұтас сала объектілері;
Тармақша 2
2) ірі өндіріс кешендері;
Тармақша 3
3) жеке объектілер екенін ескере қарайды.
Тарау 9. 9. Келісім мерзімдері
9. Келісім мерзімдері
Тармақ 36
36. Меншік иесі мен Басқарушының арасындағы келісімге қол қойылған мезгілден бастап келісім күшіне енеді. Мерзімді есептеу меншік иесінің Басқарушыға объектіні берген күннен бастап есептеледі.
Тармақ 37
37. Келісім объектінің құрылымдық-салалық маңызына байланысты 10 жылдан артпайтын мерзімге жасалады.
Тармақ 38
38. Егер тендер жеңімпазы болып табылған әлуетті қатысушы белгіленген мерзімде келісімге қол қоймаса, меншік иесі тендер жеңімпазының ұсынысынан кейінгі неғұрлым артығырақ болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен келісім жасауға құқықты.
Тарау 10. 10. Тараптар жауапкершілігі
10. Тараптар жауапкершілігі
Тармақ 39
39. Келісім бойынша міндеттердің орындалмау немесе жеткіліксіз орындалу жағдайында, тараптар Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жауапкершілікті көтереді. Қазақстан Республикасының заңымен және келісім шарттармен реттелмеген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім нормалары пайдаланылады.
Тармақ 40
40. Келісімнің шарттарын және талаптарын бұзатын тікелей немесе жасырын түрде жасалатын жарамсыз деп табылады, оны жасаған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының белгіленген заңы бойынша жауап береді.
Тармақ 41
41. Жауапқа тартылу кінәлі адамдарды келтірген зияндарының орнын толтыру міндетінен босатпайды.
Тармақ 42
42. Осы Тәртіппен қаралмаған негіздер бойынша келісім мерзімінен бұрын бұзылса, кінәлі жақ келесі жақтан барлық тікелей шығындарды, оған қоса осындай бұзудан залалы тиген материалдық шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқықты.
Тарау 11. 11. Форс-Мажор
11. Форс-Мажор
Тармақ 43
43. Тараптар міндеттерді толықтай немесе бірен-саран орындамаса немесе жасалған келісімдегі олардың орындалу мерзімін кешіктірсе, егер бұл жеңе алмайтын кедергіге (форс-мажор) байланысты болса, сонымен қатар келісім талаптарын орындауға тікелей немесе жанама әсерін тигізетін Қазақстан Республикасының нормативті актілері қабылданған жағдайда олар жауапкершіліктен босатылады.
Жеңе алмайтын кедергілерге жақтардың бақылау шегінен шығып кеткен кез келген оқиғалар жатады, яғни: әскри жанжал, табиғи апат, (су тасқыны, жер сілкіну т.б.)
Тармақ 44
44. Форс-мажорлық жағдай пайда болған жағдайда одан зардапшеккен жақтар кідірместен жазбаша түрде бұл жөнінде келесі жаққа оқиғаның басталған уақытын көрсетіп ескертеді және форс-мажорды дәлелдеуге міндетті.
Тармақ 45
45. Жасалған келісімдегі міндеттердің орындалу мерзімі форс-мажордың созылу мерзіміне сәйкес кеін ығыстырылады.
Тарау 12. 12. Келісім қызметінің тоқтатылу шарттары
12. Келісім қызметінің тоқтатылу шарттары
Тармақ 46
46. Келісім өз қызметін мына себептердің біреуіне сәйкес тоқтатады:
Тармақша 1
1) егер оның қызметі келісімнің мерзімі біткен соң тараптар ұйғаруымен ұзартылмаса;
Тармақша 2
2) тараптардың біреуі, осы Тәртіптің «форс-мажор» 1 тарауына сәйкес жеңе алмайтын форс-мажор кедергіден басқа, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес келісім шартын айтарлықтай бұзса немесе орындамаса;
Тармақша 3
3) тараптардың біреуі өз үлесінің кез келген бөлігін үшінші жаққа келесі жақтың рұқсатынсыз берсе;
Тармақша 4
4) соттың тиісті шешіміне сәйкес;
Тармақша 5
5) сатып лған жағдайда.
Тармақ 47
47. Басқарушымен келісімде белгіленген мерзім ішінде объект қызметін қамтамасыз ету міндеттері орындалмаса, меншік иесі басқарушыны 15 күн бұрын бұл жөнінде ескертіп, бір жақты тәртіппен келісімді бұзуға құқықты.
Тарау 13. 13. Таластарды шешу
13. Таластарды шешу
Тармақ 48
48. Осы Тәртіппен реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық статусы бар халықаралық келісімдердің нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 49
49. Келісім бойынша объектіні басқару құқықтығын және немесе мемлекеттік пакеттер акцияларын беруде туындайтын таластар жақтардың өзара келісімімен немесе сот тәртібімен қаралады. Егер 60 күн мерзім ішінде оны жақтармен шешу мүмкіндігі болмаса, олар біржолата шешуге тиісті сотқа беріледі. Бұл органның шешімі екі жақ үшін де соңғы шешім болып табылады.
Басқа 124
Облыс әкімінің 2000 жылғы
4 ақпандағы № 344 шешімімен
бекітілген
Коммуналдық меншіктің жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондар ұйымдастыру мен өткізу ТӘРТІБІ
Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастырудың және өткізу Ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін сатудың тәртібін, сондай-ақ аукционға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Жекешелендіру объектісі»– мүліктік кешен ретіндегі мемлекеттік кәсіпорын мен мекеме; тұйықталған технологиялық кезекті бұзбай, одан бөлінген өндірістік бөлімшелер мен құрылымдық бірліктер; сондай-ақ мүліктің барлық түрлері.
Тармақша 2
2) «Сатушы» - Облыстық коммуналдық меншік басқармасы.
Тармақша 3
3) «Ұйымдастырушы» - сатушы немесе делдал – жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционның дайындалуы мен өткізілуін ұйымдастыратын өзге заңды немесе жеке тұлға.
Тармақша 4
4) «Қатысушы» - аукционға қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген заңды немесе жеке тұлға.
Тармақша 5
5) «Объект бойынша сауда-саттыққа қатысушы» - объект бойынша сауда-саттық қатысуға нөмірін көрсету арқылы көпшілік алдында келіскен Қатысушы.
Тармақша 6
6) «Сауда – саттық» – жекешелендіру объектілерін сатудың аукциондық нысаны.
Тармақша 7
7) «Сауда – саттықтын ағылшындық тәсілі» - бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым ең жоғарғы баға ұсынған бір Қатысушы қалған сәтке дейін көтерілген жағдайдағы саудаласу тәсілі.
Тармақша 8
8) «Сауда-саттықтың голландтық тәсілі» - бастапқы баға хабарланған қадаммен хабарланған баға бойынша Қатысушылардың бірі объектіні сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендеген жағдайдағы саудаласу тәсілі.
Тармақша 9
9) «Объектінің ең аз бағасы» - объектінің осыдан төмен сатылуы мүмін емес баға.
Тармақша 10
10) «Объектінің бастапқы бағасы» - әрбірп объект бойынша саудаласу басталатын баға.
Тармақша 11
11) «Сауда-саттықта жеңіп шыққан тұлға» - саудаласуда объект үшін ең жоғары баға ұсынған Қатысушы.
Тармақ 2
2. Белгіленген тәртіппен сатуға тапсырылған мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкі жекешелендіру объектісі болып табылады. Объектінің сақталуына және оны сатқанға дейін жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына және қабылдап алу-жөнелту актісіне қол қоюға жауапкершілік баланс иесіне жүктеледі.
Жекешелендіру объектісін аукционға шығару туралы шешімді Сатушы қабылдайды.
Тармақ 3
3. Жеке тұрған ғимараттарда және жапсарластырып салынған жайда орналасқан жекешелендіру объектілері бойынша аукциондарда объект тұтастай, яғни ғимарат, үй-жай және объектінің барлық мемлекеттік мүлкі оған бөлінген жер учаскесімен бірге сатылады.
Іштен салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері бойынша сату үшін жекешелендіру объектісі орналасқан жер учаскесінің бөлігін бөлу, егер учаске жер заңдарына сәйкес бөліну разрядына жататын болса ғана жүргізіледі. Объект бөлінбейтін учаскедк орналасқан жағдайда сату шарты кезінде объектінің бөліктері жер учаскесін жалпы пайдалану тәртібіне келісілді.
Тармақ 4
4. Егер объект бірінші аукционда сатылмаса, ол екінші және одан кейінгі аукциондарда шығарылады.
Тармақ 5
5. Жекешелендіру объектісін аукционда сату туралы хабарламаның жариялануы жекешелендірудің басталғаны туралы ресми хабар болып табылады.
Тармақ 6
6. Сатушы объектілерді сатуды қолданылып жүрген заңдарда және Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Сатушының айрықша міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жеке аукциондар бойынша жекешелендіру объектілерінің тізбесін бекіту және оларды өткізу мерзімдерін белгілеу;
Тармақша 2
2) Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті аумақтық органдарының жер учаскесінің құнын анықтау жөніндегі жұмыстар жүргізу туралы ресми хабарлауы;
Тармақша 3
3) объектілердің бастапқы және ең аз бағасын, кепілдік жарна мөлшерін бекіту;
Тармақша 4
4) аукцион өткізу тәсілін анықтау;
Тармақша 5
5) Ұйымдастырушылармен бірге аукцион ұйымдастыруға және өткізуге келісімдер жасасу;
Тармақша 6
6) аукциондар ұйымдастырудың және жүргізудің барысына бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлғалармен бірге сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуына бақылау жасау;
Тармақша 8
8) жекешелендіру объектілерін екінші және одан кейінгі аукциондарға шығарған кезде бөлу;
Тармақша 9
9) Қатысушылармен, Сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру;
Тармақ 8
8. Сатушы аукционды өз бетімен ұйымдастырады және жүргізеді, не жекешелендіру объектілерін сату жөнінде аукционды ұйымдастыру мен өткізуге Ұйымдастырушымен келісім жасасады.
Сатушы осы Ереженің 7-тармағында атап көрсетілген міндеттерді беруге құқығы жоқ.
Тармақ 9
9. Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыру және өткізу келісім. Сатып алушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша нысанда жасалады және мына мазмұндарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жекелеген аукциондар бойынша бөлінген жекешелендіру объектілерінің тізімін;
Тармақша 2
2) аукцион өткізудің шектеулі мерзімін;
Тармақша 3
3) әрбір объектіні сату кезінде сауда-саттықты өткізу тәсілін;
Тармақша 4
4) Ұйымдастырушыға берілетін әрбір объект бойынша құжаттардың тізбесін;
Тармақша 5
5) аукционға дайындық пен оны өткізу барысы туралы Ұйымдастырушы есебінің мерзімділігі мен нысанын;
Тармақша 6
6) тараптардың өзара міндеттемелері мен мүліктік жауапкершілігін;
Тармақша 7
7) Ұйымдастырушы алатын сыйақының мөлшері мен шартын және Сатушымен өзара есеп айырысу тәртібін;
Тармақша 8
8) шарттың әрекет ету мерзімін және оны бұзудың шартын қамтуы керек.
Тармақ 10
10. Ұйымдастырушыға берілетін сайақының мөлшері Сатып алушы осы Ереженің 44-тармағына сәйкес аванстық төлем жасаған әрбір объектіні сату бағасының кемінде 5% -ін құрайды.
Тармақ 11
11. Аукционға қатысуға осы Ереженің 30 және 31-тармақтарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды және шетелдік заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.
Тармақ 12
12. Аукционға мыналар қатыса алмайды:
Тармақша 1
1) жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің үлесі 20%-тен асқан Ұйымдар;
Тармақша 2
2) аукционды Ұйымдастырушы;
Тармақша 3
3) Аукционшы.
Тармақша 4
4) Алдыңғы өткен сауда-саттықтарда жеңіп шыққан, бірақ сатып алу-сату келісім-шарттарын жасасу және орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерін орындамаған жақтар.
Тармақ 13
13. Аукционға барлық ниет білдірушілердің қатысуға құқығы бар.
Тарау 2. 2. Аукционды өткізуге дайындық
2. Аукционды өткізуге дайындық
Тармақ 14
14. Аукционды өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аукционға шығарылатын объектілердің тізбесі белгіленеді;
Тармақша 2
2) әрбір объектіні сатудың тәсілі белгіленеды;
Тармақша 3
3) объектілердің бастапқы және ең аз бағалары белгіленеды;
Тармақша 4
4) кепілдік жарнаның мөлшері енгізу тәртібі белгіленеды;
Тармақша 5
5) аукционды өткізудің уақыты белгіленеді;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін шарт жасасу құқығына арналған тендер өткізіледі;
Тармақша 7
7) объектілерде болудың тәртібі белгіленеді;
Тармақша 8
8) аукционды өткізу туралы хабарлама жарияланады және басқа да жарнамалық қызметтер жүзеге асырылады;
Тармақша 9
9) кепілдік жарналар қабылданады;
Тармақша 10
10) Қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы жекешелендіру объектілерінің бағасын реттейтін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес есептеледі.
Тармақ 16
16. Қажет болған жағдайда объектінің бастапқы бағасы негізгі қорлар (қаражаттар) құнының өсу коэффициентіне индекстеледі.
Тармақ 21
21. Кепілдік жарна сауда-саттықты өткізу туралы деректерде белгіленген нвсан мен тәртіпте және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілуі мүмкін емес. Кепілдік жарнаны Қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізуі мүмкін. Кепілдік жарнаны алушы Сатушы болып табылады.
Тармақ 22
22. Сауда-саттықта жеңіп шыққан және сатып алу-сату келісімі жасасқан Тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату келісімі бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.
Егер сату объектісінің құны кепілдік жарнасының сомасынан кем болған жағдайда, Сатушы олардың арасындағы айырмашылықты сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлғаға 5 банк күннен кешіктірмей қайтарады. Егер сауда-саттыққа Қатысушы енгізген кепілдік жарнаның саны сауда-саттықта сатып алынған объектілердің санынан асса, пайдаланбаған кепілдік жарналар Қатысушыға сауда-саттық өткізген күннен бастап 5 банк күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
Тармақ 23
23. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда қайтармайды:
Тармақша 1
1) аукционды өткізуге үш күннен аз уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартса;
Тармақша 2
2) сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға және Екінші Сатып алушы (сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі кезінде) сауда-саттықтын нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, не сатып алу-сату шартынан бас тартса;
Тармақша 3
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаса, немесе лайықты орындамаса;
Тармақша 4
4) оған осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңдарымен қойылатын талаптарға Қатысушының лайықты еместігін байқаса.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар аукцион аяқталған күннен бастап бес банк күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының шотынан түссе, онда олардың түскен күнінен бастап бес банк күнінің ішінде қайтарылады.
Тармақ 24
24. Аукционды өткізу туралы хабарлама аукцион өткізгенге дейінгі 15 күннен кешіктірілмей ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми басылымда жарияланады.
Тармақ 25
25. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мына мазмұнды қамтуы шарт:
Тармақша 1
1) аукцион өткізілетін күнді, орынды және кезенді;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 29 және 39-тармақтарында атап көрсетілгендерден басқа, Қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттар берілуін талап етуге құқығы жоқ.
Тармақ 32
32. Тіркеуден өткен Тұлға аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге ауыстырылатын Қатысушының билетін алады. Бұл ретте Ұйымдастырушының белгілі бір объектілерге бекітіліп берілген нөмірді пайдалануына тыйым салынады.
Тарау 3. 3. Аукцион өткізу
3. Аукцион өткізу
Тармақ 33
33. Аукционды Аукционшы өткізеді. Аукцион оны өткізудің ережесін жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалардың аукционның барысына ықпал етуге немесе оны өткізудің ережесін бұзуға құқығы жоқ, басқаша жағдайда олар аукцион өткізілетін залдан шығарылып жіберілуі мүмкін. Объектілердің сауда-саттыққа дәйекті түрде шығарылуы туралы шешімді Аукционшы қабылдайды.
Тармақ 34
34. Әрбір объект бойынша сауда-саттық Аукционшының жекешелендіру объектісінің атауын, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткізу тәсілін, бастапқы бағасы мен баға өзгерісінің қадамын жариялаудан басталады.
Аукционшы әрбір объект бойынша сауда-саттық басталар алдында осы объект бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың санын тіркейді. Егер объект бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың саны екіден кем болса, сауда-саттық өткізмей қалды деп жарияланады. Келесі, үшінші сауда-саттықта объект жалғыз қатысушыға сатылды мүмкін жағдайдан басқа жағдайда.
Аукционшы бұл туралы хабарлай отырып, сауда-саттық процесіндегі қадамдарын өзгертуге құқылы. Қадамын өзгерту объектінің ағымдағы бағасының 5% -10 % аралығына дейінгішекте белгіленеді. Аукционшының объект бағасын қайталап хабарлауы арасындағы үзіліс кемінде 10 секунд болуы керек.
Тармақ 35
35. Сауда-саттық төменде сипатталған тәсілдердің екеуінің бірі бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі.
Аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа Қатысушылар нөмірді көтере отырып, бастапқы бағаны көтере түседі, бірақ оның мөлшері жарияланған қадамнан кем болмауы тиіс. Қолайлы болу үшін Аукционшы объектінің бағасын ағымдағы қадамның 1/2 аспайтын көлемге дөнгелектей алады. Аукционшы объект бойынша сауда-саттықта қатысушы аукциондық нөмірлерді хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарлатуды ұсынады. Объект бойынша сауда-саттық ең жоғарғы ұсынылған бағаға дейін жүргізіледі. Аукционшы объектіге неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушыны жариялайды. Аукционшы объектінің сонғы бағасын үш рет хабарлайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда, балғаны соғу бұл объектінің сатылғандығы туралы хабарлайды.
Сауда-саттықта жеңіп шыққан тұлға айқындалғаннан кейін, сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға рәсімдерді және шарт жасасу жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған жағдайда. Сатушы объектіні сатып алу құқығын осы объект үшін көлемі жөнінен екінші баға берген Қатысушыға (Екінші Сатып алушыға) беруі керек.
Тармақша 2
2) Сауда-саттықтың голландтық тәсілі.
Аукционшы объектінің бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлімделген қадам бойынша төмендетіп отырады. Аукционшы жарияланған бағада аукциондық нөмірін бірінші көтерген Қатысушының нөмірін атайды және балғаны ұрып, оны осы объект бойынша сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға деп жариялайды.
Егер баға жарияланған сәтте ұсынылған бағамен келісетін Қатысушылар екі және одан көп болған жағдайда, Аукционшы бағаны сауда-саттықты жеңіп шыққан Тұлғаны анықтаған сәтке дейін тіркелген қадамның мөлшеріне көтере бастайды.
Сауда-саттықтың бұл тәсілі электрондық жүйені қолдана отырып іске асырылуы мүмкін.
Тармақ 36
36. Бір аукционда сауда-саттықтын екі тәсілін жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте ең алдымен сауда-саттықтың голландтық тәсілі жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Әрбір сатылған объект бойынша сауда-саттықтың нәтижелері сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамамен рәсімделеді.
Хаттамаға қол қою үшін Аукционшы сауда-саттықты жеңіп шыққан тұлғаны, Сатып алушыны (сауда-саттықтың, ағылшындық тәсілі кезінде) шақырады. Хаттама Сатушы, Сатып алушы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеті және Ұйымдастырушы үшін бір-бірден төрт дана етіп жасалады. Ұйымдастырушы аукцион өткізілген күннен кейінгі бір күннен кешіктірмей сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын Сатушыға табыстауға міндетті.
Тармақ 38
38. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттама сауда-саттықтын нәтижелерін және сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға мен Сатушының сауда-саттықтың барысында белгіленген баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын жасауды тіркейтін құжат болып табылады.
Тармақ 39
39. Сауда-саттықтан кейінгі бес күнтізбелік күннің ішінде сатып алынған объектіні және оның мүлкін сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға, жекешелендірілген объектінің басшысы, Сатушының өкілі объектіні қабылда-тапсыру актісін, онда осы объектінің қаржылық активтері мен пассивтерінің құнын көрсете отырып (таратылған объект жекешелендірілген жағдайда, қаржылық активтер мен пассивтер қабылдау-тапсыру актісіне енгізілмейді және оларды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады) жасайды.
Объектінің мүлкі жауапты сақталу жағдайында сауда-саттықты жеңіп алған Тұлғаға табыс етіледі, бұл туралы Сатушы қабылдау-тапсыру актісіне белгі қояды. Қабылдау-тапсыру актісін Сатушы бекітеді.
Тармақ 40
40. Сауда-саттық аяқталған соң 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, қабылдау-тапсыру актісі деректерінің және сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың негізінде Сатып алушы мен Сатушы сатып алу-сату шартына қол қояды. 10 күнтізбелік күн өткен соң бұл құқық жойылады.
Тармақ 41
41. Объектіні қабылдау-тапсыру актісін ресімдеудің және сатып алу-сату шартын жасасудың осы Қағидамен белгіленген мерзімдері Екінші Сатып алушы үшін оның объектіні сатып алу құқығы пайда болған сәттен бастап, бірақ оған хабарланғаннан кейін үш күннен кешіктірмей есептеледі.
Тармақ 42
42. Егер объект аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукциондарға шығарылады.
Егер объект белгіленген тәртіппен сатуға тапсырылғаннан кейінгі алты айдың ішінде сатылмаса, Сатушы объектіні иесіне қайтарады немесе оны әрі пайдалану немесе есептен шығару жөнінде шешім қабылдайды.
Тарау 4. 4. Сатып алушылармен есеп айырысу және меншік құқығын ресімдеу тәртібі
4. Сатып алушылармен есеп айырысу және меншік құқығын ресімдеу тәртібі
Тармақ 43
43. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату келісімі шарттың мәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері, объектінің құны, төлем нысаны мен мерзімі көрсетілген Сатушы мен Сатып алушы арасында жазбаша түрде жасалады.
Тармақ 44
44. Сатып алу-сату келісімінде қол қойған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірілмей сауда-саттық барысында белгіленген бағадан 50%-тен кем емес мөлшерде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептелінеді;
Тармақша 1
1) аванстық төлем сатып алу-сату келісімінде қол қойған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірілмей сауда-саттық барысында белгіленген бағадан 50%-тен кем емес мөлшерде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептелінеді;
Тармақша 2
2) қалған сома сатып алу-сату келісіміне қол қойған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі керек.
Тармақ 45
45. Аванстық және ақырғы төлемнің мерзімі өткен жағдайда, Сатушы біржақты тәртіппен шартты бұзады және Сатушыдан кепілдік жарна жаппаған және келісінде белгіленген айыпақы бөлігінде нақты шығындарды қайтарып алуды талап етуге құқылы.
Тармақ 46
46. Жекешелендіру объектісін толық төлегеннен кейін сатып алу-сату келісімінде сатылған объектіге меншік иесінің өзгергендігі туралы мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін негіз болып табылатын тиісті белгі қойылды.
Тармақ 47
47. Сатып алу-сату келісімі бойынша жекешелендіру объектісіне және жер учаскесіне меншік құқығы Сатып алушыда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілеге берілетін құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күші бар Жарлығында көзделген тәртіннен мәмілені тіркеу сәтінен бастап пайда болады.
Тармақ 48
48. Ақырғы төлем жүргізілмеген жекешелендіру объектілері қайталама аукциондарға шығарылады.
Тарау 5. 5. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражаттар
5. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражаттар
Тармақ 49
49. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалған шығындарды қоспағанда, жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.