Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил доплаты за квалификационную категорию и Перечня организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за условия труда

Бұйрық · № 576 · қабылданған 30.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54411/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил доплаты за квалификационную категорию и Перечня организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за условия труда Күшін жойған Бұйрық ·№ 576 ·30.07.2010
25.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил доплаты за квалификационную категорию и Перечня организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за условия труда

Күшін жойған Бұйрық ·№ 576 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил доплаты за квалификационную категорию и Перечня организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за условия труда
Атауы (қаз.)
Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесін және Еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
576
Қабылданған күні
30.07.2010
Көрсетілген редакция
25.09.2017 54411_258885.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006442_
ЭКБ идентификаторы
54411
Редакция идентификаторы
54411_258885
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:38

0 Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесін және Еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесі;

2

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен және АИТВ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖИТС қоздырғышымен және АИТВ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60 % мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес айрықша еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (М.М. Рысбеков) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. «Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін және Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4536 тіркелген, 2007 жылғы 5 мамырдағы № 18 (331) «Ресми газет» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі
№ 576 бұйрығына
1-қосымша
Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесі

1

1. Осы Ереже «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес әзірленген және біліктілік санаты үшін үстемеақы төлеу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
біліктілік санаты (разряд) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.

3 3. Медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ бөлімшелердің басшыларына (бөлімшелердің меңгерушілеріне, бас мейірбикелерге, аға мейірбикелерге) біліктілік санаты үшін үстеме ақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

4 4. Ұйым қызметкерлеріне осы қосымша ақылар олардың басшылық және медициналық лауазымдардағы қызметі ғылыми дәрежесіне бейіні бойынша сәйкес келген жағдайда белгіленеді.

5 5. Үстеме ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде айқындалады.

6 6. Көрсетілген қосымша ақы тиісті біліктілік санаты бар дәрігердің лауазымдық ақысынан белгіленеді.

7 7. Біліктілік санаты үшін үстеме ақы мөлшері Қаулының 19-қосымшасының 12-тармағына сәйкес базалық лауазымдық жалақыға пайыздық қатынаста айқындалады.

8 8. Медициналық ұйымдардың басшыларына, олардың орынбасарларына дәрігерлік мамандықтар бойынша біліктілік санаты үшін үстеме ақы қоса атқаратын дәрігерлік мамандықтар бойынша жұмыстарды атқарған жағдайларда ғана төленеді.

9 9. Көрсетілген үстеме ақы ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізетін қызметкерлерге біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген тиісті дипломы болған жағдайда белгіленеді және негізгі жұмысы бойынша төленеді.

2 ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен және АИТВ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖЙТС вирусымен және АИТВ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі
№ 576 бұйрығына
2-қосымша
ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен және АИТВ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖЙТС вирусымен және АИТВ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Ұй­ым­дар­дың тіз­бе­сі
Қыз­мет­кер­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның тіз­бе­сі
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің «ЖИТС-тің ал­дын алу және оған қар­сы кү­рес жө­нін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық ор­та­лық» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі (бұ­дан әрі - ММ)
Ла­у­а­зы­мы мен ма­манды­ғы­ның ата­уы­на қа­ра­ма­стан, бар­лық қыз­мет­кер­лер
2
Об­лы­стық (қа­ла­лық) ЖИТС-тің ал­дын алу және оған қар­сы кү­рес жө­нін­де­гі ор­та­лық­тар
Ла­у­а­зы­мы мен ма­манды­ғы­ның ата­уы­на қа­ра­ма­стан, бар­лық қыз­мет­кер­лер
3
АИТВ/ ЖИТС про­бле­ма­сы бой­ын­ша ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы­мен ай­на­лы­са­тын ден­са­улық сақ­тау са­ла­сы­ның ғы­лы­ми-зерт­теу ұй­ым­да­ры
Ди­рек­тор, ди­рек­тор­дың ем­деу ісі және ғы­лы­ми жұ­мыс жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры. Ғы­лы­ми қыз­мет­кер­лер (бас ғы­лы­ми қыз­мет­кер, же­тек­ші ғы­лы­ми қыз­мет­кер, аға ғы­лы­ми қыз­мет­кер, ғы­лы­ми қыз­мет­кер, кі­ші ғы­лы­ми қыз­мет­кер). Зерт­ха­на мең­ге­ру­ші­сі, зерт­ха­на­шы-дә­рі­гер, зерт­ха­на­шы, мей­ір­би­ке­нің кө­мек­ші­сі

3 Айрықша еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі
№ 576 бұйрығына
3-қосымша
Айрықша еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Ұй­ым­дар­дың (бө­лім­ше­лер­дің) тіз­бе­сі
Қыз­мет­кер­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның тіз­бе­сі
Ай­рық­ша жағ­дай­лар
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі (бұ­дан әрі - ҚР ДСМ) Мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің (бұ­дан әрі -МС­ЭҚК)
Оба­ға қар­сы кү­рес мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­рі, стан­ци­я­лар, (оның ішін­де бө­лім­ше­лер)
Ла­у­а­зы­мы мен ма­манды­ғы­ның ата­уы­на қа­ра­ма­стан, бар­лық қыз­мет­кер­лер
Аса қа­уіп­ті жұқ­па­лар­дың қоз­дыр­ғы­шта­ры­мен және оны ық­ти­мал жұқ­тыр­ған ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мыс іс­те­ге­ні үшін
2
ҚР ДСМ МС­ЭҚК «Мас­ғұт Ай­қым­ба­ев атын­да­ғы Қа­зақ ка­ран­т­ин­дік және зо­оноз­дық жұқ­па­лы ау­ру­лар ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­по­ры­ны (бұ­дан әрі - РМҚК)
Ла­у­а­зы­мы мен ма­манды­ғы­ның ата­уы­на қа­ра­ма­стан, бар­лық қыз­мет­кер­лер
Аса қа­уіп­ті жұқ­па­лар­дың қоз­дыр­ғы­шта­ры­мен және оны ық­ти­мал жұқ­тыр­ған ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мыс іс­те­ге­ні үшін
3
ҚР ДСМ МС­ЭҚК «Қа­зақ рес­пуб­ли­ка­лық са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық стан­ци­я­сы» ММ, об­лы­стар­дың, Аста­на мен Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма ор­та­лық­та­ры­ның аса қа­уіп­ті жұқ­па­лар зерт­ха­на­ла­ры мен бө­лім­де­рі
Аса қа­уіп­ті жұқ­па­лар зерт­ха­на­ла­ры мен бө­лім­де­рі­нің және ви­ва­рий­лер­дің қыз­мет­кер­ле­рі
Аса қа­уіп­ті жұқ­па­лар­дың қоз­дыр­ғы­шта­ры­мен және оны ық­ти­мал жұқ­тыр­ған ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мыс іс­те­ге­ні үшін
4
ҚР ДСМ МС­ЭҚК «Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» РМҚК транс­мис­си­я­лы ви­ру­сты жұқ­па­лар зерт­ха­на­ла­ры
ҚР ДСМ Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы" РМҚК транс­мис­си­я­лы ви­ру­сты жұқ­па­лар зерт­ха­на­ла­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі
Аса қа­уіп­ті жүқ­па­лар­дың қоз­дыр­ғы­шта­ры­мен және олар­дың жұқ­ты­ры­луы ық­ти­мал ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мыс іс­те­ге­ні үшін
5
ҚР ДСМ «Апат­тар ме­ди­ци­на­сы ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған бри­га­да­лар­дың қыз­мет­кер­ле­рі
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың сал­да­рын жою бой­ын­ша шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­сет­ке­ні үшін
6
ҚР ДСМ «Қа­зақ рес­пуб­ли­ка­лық леп­ро­зо­рийі» ММ
Ла­у­а­зы­мы мен  ма­манды­ғы­ның ата­уы­на қа­ра­ма­стан, бар­лық қыз­мет­кер­лер
Ала­пес ау­руын ем­де­уді ұй­ым­да­стыр­ға­ны үшін
7
ҚР ДСМ «Сот ме­ди­ци­на­сы ор­та­лы­ғы» РМҚК және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі, па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бю­ро (бө­лім­ше­ле­рі мен зерт­ха­на­ла­ры)
Бас­шы­лар, бас­шы­лар­дың ем­деу жұ­мыста­ры жө­нін­де­гі орын­ба­сар­ла­ры, бө­лім­ше­ле­рі­нің, зерт­ха­на­ла­ры­ның мең­ге­ру­ші­ле­рі, сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­та­ма дә­рі­гер­ле­рі, мей­ір­би­ке­лер, зерт­ха­на­шы­лар, фельд­шер­лер, ме­ди­ци­на­лық тір­ке­у­ші­лер және са­ни­тар­лар
Сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­та­ма қыз­ме­тін жү­зе­ге асыр­ға­ны үшін
8
Дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­ри­я­лар, қа­ла­лық, аудан­дық және ауыл­дық ем­ха­на­лар, аудан­дық, ор­та­лық аудан­дық ау­ру­ха­на­лар­дың ем­ха­на­ла­ры, фельд­шер­лік-аку­шер­лік, ме­ди­ци­на­лық пункт­тер
Те­ра­пия, пе­ди­ат­рия бө­лім­ше­ле­рі­нің мең­ге­ру­ші­ле­рі, учас­ке­лік те­ра­певт-дә­рі­гер­лер, учас­ке­лік пе­ди­а­тор-дә­рі­гер­лер, жал­пы тә­жі­ри­бе дә­рі­гер­ле­рі, аку­шер-ги­не­ко­лог дә­рі­гер­лер мен фельд­шер­лер, аку­шер­лер, учас­ке­лік мей­ір­би­ке­лер, сон­дай-ақ жа­сө­спі­рім­дер қыз­ме­ті­нің те­ра­пев­те­рі,
Аумақ­тық учас­ке­лер­де ха­лық­қа ме­ди­ци­на­лық-са­ни­тар­лық ал­ғаш­қы кө­мек көр­сет­ке­ні үшін
9
Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ем­ха­на­лар, ту­бер­ку­лез­ге қар­сы, нев­ро­ло­ги­я­лық, он­ко­ло­ги­я­лық, пси­хо-нев­ро­ло­ги­я­лық, нар­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер (ем­ха­на­лық бө­лім­ше­лер) және тәу­ел­ді­лік ау­ру­ла­ры­ның ал­дын алу және олар­ды ем­деу жө­нін­де­гі ор­та­лық­тар, сон­дай-ақ ту­бер­ку­лез­ге қар­сы са­на­то­ри­я­лар
Пси­хи­атр дә­рі­гер­лер, фти­зи­атр дә­рі­гер­лер, он­ко­лог дә­рі­гер­лер, нар­ко­лог дә­рі­гер­лер және көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің учас­ке­лік мей­ір­би­ке­ле­рі
10
«Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық кли­ни­ка­лық гос­пи­таль» РМҚК, «Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне ар­нал­ған ор­та­лық кли­ни­ка­лық гос­пи­таль» РМҚК, бас­қа ау­ру­ха­на­лар­дың құ­ра­мын­да­ғы бө­лім­дер мен бө­лім­ше­лер
Ла­у­а­зы­мы мен ма­манды­ғы­ның ата­уы­на қа­ра­ма­стан, бар­лық ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка қыз­мет­кер­ле­рі, қыз­мет­ші­лер, тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер мен бас­қа да жұ­мыс­кер­лер
Ұлы Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне және олар­ға те­ңе­сті­рі­л­ген адам­дар­ға ар­нал­ған гос­пи­таль­дар­да және ау­ру­ха­на­лар­дың құ­ра­мын­да­ғы ар­на­у­лы бө­лім­ше­лер­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­сет­ке­ні үшін
11
Шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ті ті­ке­лей көр­се­ту және құт­қа­ру жұ­мыста­ры үшін ұй­ым­да­сты­ры­л­ған ар­найы мақ­сат­та­ғы ме­ди­ци­на­лық жа­сақ­тар­дың ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі
Ла­у­а­зы­мы мен ма­манды­ғы­ның ата­уы­на қа­ра­ма­стан, са­ни­та­ри­я­лық авиа­ция стан­ци­я­сы­ның кө­шпе­лі бри­га­да­ла­ры­ның, рес­пуб­ли­ка­лық, об­лы­стық және өңір­лік ау­ру­ха­на­лар­дың жос­пар­лы және шұ­ғыл кон­суль­та­ци­я­лық кө­мек бө­лім­ше­ле­рі­нің ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі
Шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­сет­ке­ні үшін

Қолданыстағы