Қолданыстағы ред. 13.08.2010

Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Заречный ауылдық округінің «Арна» елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы от 13.08.2010 г. № 50-08 (Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Заречный ауылдық округінің «Арна» елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы)

0

Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Заречный ауылдық округінің «Арна» елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Заречный ауылдық округінің «Арна» ауылындағы ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына жол бермеу жөніндегі Қапшағай қаласының бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 1-18-164 ұсынысы негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Заречный ауылдық округінің «Арна» елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринарлық режимі белгіленсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.