Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Заречный ауылдық округінің «Арна» елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Заречный ауылдық округінің «Арна» елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Заречный ауылдық округінің «Арна» ауылындағы ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына жол бермеу жөніндегі Қапшағай қаласының бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 1-18-164 ұсынысы негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Заречный ауылдық округінің «Арна» елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринарлық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.