Қолданыстағы ред. 01.09.2010 (Редакция 54469_192881.kaz)

Мыңбаев селолық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлеріне жаңадан көше атауларын беру туралы от 01.09.2010 г. № 9-81 (Мыңбаев селолық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлеріне жаңадан көше атауларын беру туралы)

0

Мыңбаев селолық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлеріне жаңадан көше атауларын беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімін, халықтың пікірін ескере отырып, Мыңбаев селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев селолық округіне қарасты Мыңбаев ауылындағы жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: «Көкбастау, Суықтөбе, Майтөбе, Басбатыр, Ақсу, Көксу, Қарасу» деп көшелерге атау берілсін.

2

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.