Құжат мәтініне өту

Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности пищевой продукции, предназначенной для детей и подростков"

Қаулы · № 935 · қабылданған 14.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54472/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности пищевой продукции, предназначенной для детей и подростков" Күшін жойған Қаулы ·№ 935 ·14.09.2010
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности пищевой продукции, предназначенной для детей и подростков"

Күшін жойған Қаулы ·№ 935 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности пищевой продукции, предназначенной для детей и подростков"
Атауы (қаз.)
"Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
935
Қабылданған күні
14.09.2010
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI54472_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000935_
ЭКБ идентификаторы
54472
Редакция идентификаторы
AI54472_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:22

0 "Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 "Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2010 жы­л­ғы 14 қыр­күй­ек­те­гі
№ 935 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
"Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1 1. Қолданылу аясы

1

1. Осы "Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына (бұдан әpi - Заң) сәйкес әзірленген.

2

2. Осы Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әpi - КО СЭК, ТН) 0402, 0406, 1103, 1602, 1604, 1704, 1806, 1901, 2005, 2007, 2008, 2009, 2104, 2201 тауар позициясына кіретін тамақ өнімдеріне қолданылады.

3 3. Осы Техникалық регламенттің талаптары:

жас балаларға арналған балалар тағамдарына;
диеталық және емдік-профилактикалық тағамдарға қолданылмайды.

4

4. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға (тәуекелдерге) мыналар жатады: тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, микоуыттардың, пестицидтердің, антибиотиктердің, радионуклидтердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің, микроэлементтердің және басқа да нормаланбайтын контаминанттардың артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы.

5 5. Мүмкін болатын тәуекелдер балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклдерінің мынадай сатылары (үдерістері) кезінде туындайды:

балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау);
қоймаларды, өндірістік үй-жайларды, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, қосалқы материалдарды дайындау;
өндіріске негізгі және қосымша шикі заттарды, оның ішінде тағамдық қоспаларды және ингредиенттерді қабылдау және дайындау;
балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау);
сақтау, тасымалдау, өткізу.

6 6. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тәуекелін бағалау кезінде қазіргі заманғы өңдеу әдістері, инспекциялаудың, ішінара бақылаудың, зертханалық зерттеулердің әдістері пайдаланылады.

7 7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау:

өндіру кезінде қолданылатын шикізаттар мен материалдардың қауіпсіздігімен;
құрамының артуы организмге зиянды әсер ететін химиялық және биологиялық ксенобиотиктер (уытты элементтер, пестицидтер, микоуыттар, антибиотиктер, радионуклидтер, тағамдық, қоспалар) бойынша өнімнің сипатын анықтау жолымен;
анықталған тәуекелдің әрқайсысының балалар мен жасөспірімдердің организміне әсерін және оның салдарларын талдау жолымен;
анықталған тәуекелдерді шектеу бойынша ic-шараларды белгілеумен айқындалады.

8

8. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сәйкестендіру оны осы Техникалық регламента пайдалану саласына жатқызу және олардың атаулар мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің, осы Техникалық регламентін, талаптарына сәйкестігін белгілеу және (немесе) ықтимал бұрмалауды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Сәйкестендіру үшін мына әдістердің бірі немесе олардың үйлесімі пайдаланылуы мүмкін:
құжаттама;
аспаптық;
органолептикалық;
көзбен қару;
өнімді сынау.

9

9. Егер, ілеспе құжаттардағы және зат таңбалардағы балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері туралы ақпарат осы Техникалық регламентте белгіленген атауларға және (немесе) сәйкестендіру көрсеткіштерге сәйкес келмесе немесе дұрыс болмаса, балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері бұрмаланған деп танылады және мәжбүрлеп кepi қайтаруға жатады.

2 2. Терминдер мен анықтамалар

10 10. Осы Техникалық регламентте тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы - тамақ өнімдерінің құнарлығы, құрамында белоктар, майлар, көмipcyлap, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;

2 2) тамақ өнімі - 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған және олардың тиісті сіңімділігін қамтамасыз ететін және баланың денсаулығына зиян келтірмейтін, балалар организмінің тиімді физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін тамақ өнімі;

3 3) тағамдық құндылығы — бала организмін энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын қоректік заттармен қанағаттандыру дәрежесі.

3 3. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

11

11. Қазақстан Республикасы аумағында айналымдағы, оның ішінде әкелінетін (импортталатын) балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері мақсаты бойынша пайдаланылуы кезінде бip жыл ішінде адамның өмipi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі және олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттармен (сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация) қоса жүруі тиіс.

12

12. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімін өткізуге жол берілмейді және "Адамның өмipi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 285 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.

4 4. Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

13

13. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері балалар мен жасөспірімдердің қажетті заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруы мен органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштер бөлігінде тамақ өніміне әдетте қойылатын талаптарға жауап бepyi және химиялық, биологиялық активті заттардың және олардың қоспаларының, микроорганизмдердің және басқа да қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін биологиялық организмдердің рұқсат етілген құрамына тамақ өнімінің жекелеген түpi үшін белгіленген техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер жасқа байланысты мынадай балалар үшін бөлінеді:

1 1) мектепке дейін жастағы - 3 жастан 6 жасқа дейін;

2 2) мектеп жасындағы - 6 жастан 18 жасқа дейін.

14

14. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық көрсеткіштері (органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, уытты, паразитологиялық, радиологиялық, энергетикалық және тамақ құндылығы) тамақ өнімінің жекелеген түрі үшін белгіленген техникалық регламенттер мен санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

15 15. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру үшін мыналарды:

жасанды және табиғи бірдей хош иістендіргіштерді, бояғыштарды, тұрақтандырғыштарды;
қант диабетімен ауыратын балалар үшін арнайы тағайындалатын тамақ өнімдерінен басқа жасанды тәттілендіру заттарын (қанталмастырғыштар);
гендік түрлендірілген өсімдіктер мен жануарлардан алынған тағамдық қоспалар мен ингредиенттерді;
балаларға арналған тамақ өнімдері және (немесе) оларды өндіруге арналған шикізат (ингредиенттер) ретінде генетикалық түрлендірілген объектілерді;
қайта мұздатылуға жатқызылған сойылған жануарлар мен құстардың етін;
балаларға арналған тамақ өнімдерін өндіруге арналған (барлық жастағы топ үшін, оның ішінде ұйымдастырылған балалар ұжымдары үшін) салқындатылғаннан басқа құс етін, механикалық жолмен жаншылған құс етін және құрамында коллаген бар шикізатты;
сіңірлі сиыр етін, шошқа етінен мұздатылған блоктарды, сондай-ақ жарамдылық мерзімі 6 айдан астам субөнімдерді;
үшінші және төртінші санаттағы сиыр етін;
майлы тіндерінің массалық үлесі 20 %-дан жоғары болатын бірінші және екінші санаттағы сиыр етін;
дәнекер және майлы тіндерінің массалық үлесі 12 %-дан жоғары болатын ciңірлі шұжық сиыр етін;
дәнекер және майлы тіндерінің массалық үлесі 12 %-дан жоғары болатын сиыр етінен жасалған котлет етін;
майлы тіндерінің массалық үлесі 60 %-дан жоғары болатын шошқа етін;
майлы тіндерінің массалық үлесі 50 %-дан жоғары болатын бірінші және екінші санаттағы сіңірлі шошқа етін;
дәнекер және майлы тіндердің массалық үлесі 60 %-дан жоғары болатын сіңірлі шұжық шошқа етін;
майлы тіндердің массалық үлесі 9 %-дан жоғары болатын қой етін;
бауырды, жүректі, тілді қоспағанда, субөнімдерді пайдалануға жол берілмейді.

16 16. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің құрамында:

миқуыт, оның өнімде диоксин;
бенз(а)пирен;
0,8 %-дан жоғары тағамдық ас тұзы;
натрий нитраты;
ащы қоспалар;
алкоголь, табиғи кофе, өрік сүйегінің дәні, аспаздық және кондитерлік майлар, натрий пиросульфаты - кондитерлік өнімдер болмауы тиіс.

17 17. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдеріне бензой қышқылын, сорбин қышқылын, калий немесе натрий сорбатын енгізуге жол берілмейді.

18 18. Тамақ өнімдерінің бөгде иістері, дәмдері, өнімнің, бұзылғандығы туралы куәландыратын түсінің, иісінің және консистенциясының езгерістері болмауы тиіс. Тамақ өнімдерінің органолептикалық қасиеттері сақтау, тасымалдау (көлікпен тасымалдау) кезінде және өткізу үдерісінде өзгермеуі тиіс.

19 19. Әр түрлі жастағы және жынысы бөлек балалар мен жасөспірімдерге арналған майларды, белоктарды және көмірсуларды тұтыну нормалары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада белгіленген.

20 20. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде қолданылатын витаминдер мен микроэлементтердің тізбесі осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсеткіштен нормаларға сәйкес болуы тиіс.

21

21. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру үшін осы Техникалық регламентке 3-қосымшада көрсетілген дәрілік өсімдік шикізатының, түрлері пайдаланылады. Балалар мен жасөспірімдерде қарсы айғақтар мен аллергиялар болған жағдайда дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалған тамақ өнімін қолдану тек дәрігердің консультациясынан кейін ғана жүргізіледі.

22 22. Шикізатпен және дайын өніммен жанасатын жабдық, аппаратура және ыдыстар өнімнің осы түрімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан дайындалады және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдеден Заңының талаптарына сай келуі тиіс.

23 23. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің нақты түрлерінің қамтамасыз ету үшін технологиялық үдерістердің кезеңділігін және тиімділігін бақылау әдістерін өндірістік бақылау бағдарламасында өнім өндіруші белгілейді.

24

24. Ыдыстарға құйылған ауыз судың макро- және микроэлемент құрамы бойынша физиологиялық толымдылық нормативтері осы Техникалық регламентке 4-қосымшада көрсетілген және "Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 551 қаулысымен бекітілген Техникалық регламенттің талаптарына сай келуі тию.

25

25. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ыдыстарға құйылған ауыз судың физиологиялық толымдылығы, атап айтқанда судың адам организміне әcepi, оның диуретикалық және ас қорыту функциялары, биологиялық активті элементтер жеткіліксіздігін қалпына келтіру денсаулық сақтау саласында медициналық сараптама жүргізу жолымен белгілену және заңнамада белгіленген тәртіппен берілген медициналық қорытындымен расталуы тиіс.

26

26. Үй-жайлардың көлемдік-жоспарлау және конструкторлық шешімдері шикізаттардың, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің, лас және таза ыдыстардың жалпы, қарама-қарсы және қиылысатын ағындарын болдырмайтын өндірістік үдерістердің ағымдылығы ескеріле отырып, персонал мен шикізаттың кіру үшін жеке кіретін есіктерді көздейді.

27 27. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің өндіру кeзiндe пайдаланылатын технологиялық жабдыққа және мукәммалға мынадай талаптар қойылады:

тамақ өніммен жанасатын жабдық және мукәммал жасалған материалдар ластау (контаминация) көздері болмауы тиіс;
жабдық және мукәммал жарамды күйде ұсталуы тиіс;
жабдық, аппаратура және құбырлар іштерін өнімнен, жуу және дезинфекциялау ерітінділерін толығымен босатуға қол жеткізілетіндей етіп құрастырылуы тиіс;
балалар мен жасөспірімдерге арналған шикізатты, компоненттерді және дайын өнімді дайындауға және сақтауға арналған резервуарлар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады;
қорғаныш ілдірігі жоқ шыны термометрлерді пайдалануға жол берілмейді. Қолданылатын өлшеу құралдары жөнделген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.

28 28. Өнім дайындаушы балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға, мақсатына сәйкес келетіндей және осы Техникалық регламентте айқындалған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей етіп өндіреді.

29 29. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тиісті қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дайындаушы адал өндірістік практиканың мынадай қағидаттары мен ережелерін басшылыққа алады:

балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін дайындау технологиясы мен рецептурасын әзірлеу кезеңде тәуекелдерді талдау жүзеге асырылады, өндірістік үдерістердің қиын-қыстау кезеңдері (тәуекелдер) және өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына жағымсыз әсер етуі мүмкін технологиялардың өзгерістерін анықтау үшін бақылау нүктелері айқындалады;
кәсіпорындағы қауіпсіздік пен сапаны бақылау бақылаудың қажетті нақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен және ic-шаралармен жүзеге асырылады;
өндіру және бақылау бойынша барлық технологиялық операциялар өнім дайындаушы бекітетін өндірістік бақылау бағдарламаларында мұқият құжатталады, және өзге де ұйымдардың міндетті сараптаманы және келісімін қажет етпейді, өндірістік үдерістер регламенттеледі және жинақталған тәжірибе ескеріле отырып мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырады;
шикізатқа, технологиялық құралдарға және қосалқы материалдарға, сондай-ақ технологиялық үдерістің аралық сатыларындағы өнімдерге және өнімге қажет кіріс бақылауы жүргізіледі;
бақылау нәтижелері қолмен жазу тәсілмен және (немесе) техникалық құралдарды пайдалану арқылы жасалатын хаттамалар, журналдар, актілер түрінде құжатталады, олар техникалық құжаттамада көзделген барлық операциялардың өткізілгенін, сондай-ақ дайындалған өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының белгіленген талаптарға сәйкес келетінін құжаттамамен растайды;
техникалық құжаттамада белгіленген нормалардан ауытқулар құжатталады және толық көлемде тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша түзету ic-шаралары әзірленеді және жүзеге асырылады;
өнім партиясын қадағалау қамтамасыз етіледі;
лауазымдық нұсқаулық шеңберінде өндіріске және оны басқаруға қатысатын персоналдың жауапкершілігі мен өкілеттілігі айқындалады;
персонал оқытылған және аттестаттаудан өткен;
дайындаушының шарттарына сәйкес оның таралуы және айналысы кезіндегі барлық жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін кешенді ic-шаралар жүзеге асырылады;
өзін-өзі инспекциялау және (немесе) аудит жүйесі пайдаланылады;
өнімді, ыдысты, өнеркәсіптік қаптаманы тиісті кәдеге жарату жүргізіледі;
тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың рекламацияларын, ұйғарымдары мен хабарламаларын, сапасыз не қауіпті өнім партиясының айналысын қайтаруды немесе шектеуді қабылдауды және тексеруді қамтамасыз ететін рәсім айқындалады.

30 30. Кәсіпорынға келіп түсетін шикізаттың, қосалқы және ыдыс-қаптама материалдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы, ветеринариялық куәлігі, олардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаттары және (немесе) сәйкестік туралы декларациясы болуы тиіс.

31 31. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік мақсатында осы өнімді өндіру саласындағы шаруашылық қызметіне қатысушылар мынадай қағидаттарға негізделген өндірістік бақылау жүйесі ұйымдастырады, қолданады және қолдайды:

балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін айналысқа шығаруға әкелуі мүмкін, осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өндіріс үдерісіндегі кез келген қауіптерді айқындау;
өндіріс үдерісінде осы Техникалық регламентке сәйкес айқындалған қауіп болдырмау немесе жою үшін бақылау қажет қиын-қыстау бақылау нүктелерін айқындау (НАССР жүйесін қоса алғанда);
қиын-қыстау бақылау нүктелерінде айқындалатын және бақыланатын көрсеткіштердің шекті мәндерін белгілеу;
қиын-қыстау бақылау нүктелерінде бақыланатын көрсеткіштердің мониторингін жүргізу;
белгіленген қауіпсіздік ауытқыған жағдайда ic-қимылдар тәртібін белгілеу;
тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануды белгілейтін құжаттаманы жүргізу.

5 5. Сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар

32 32. Тамақ өнімдерін тасымалдау және сақтау кезінде тамақ өнімдерін ластаудың кез келген түрлеріне кедергі болатын және олардың бұзылуының алдын алатын шаралар сақталуы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сақтау шарттары олардың қауіпсіздігін қамтамасыз eтуi тиіс.

33 33. Сақтауда тұрған балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері қадағалауды қамтамасыз ететін құжаттармен, сондай-ақ сақтау шарттары, дайындалу күні, жарамдылық мерзімі туралы ақпаратпен қоса жүреді.

34 34. Балалар мен жасөсіпірімдерге арналған тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарының жүк бөлімдерінің, сондай-ақ контейнерлердің ішін әрлеу жуылатын және уытты емес материалдардан жасалады.

35

35. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін азық-түлік емес өнімдермен бірге тасымалдауға жол берілмейді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін тамақ өнімдерінің басқа да түрлерімен бірге көлік құралдарының бір жүк бөлімінде "тауар көршілестігі" қағидаты сақталған жағдайда тасымалдауға жол беріледі.

36

36. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлар, оның ішінде тоңазыту камералары, көлік құралдарының жүк бөлімдері және тасымалдауға арналған контейнерлер үй-жайлар мен көлік құралдары тамақ өнімдерін ластау көзі болмауы үшін қажетті кезеңділікпен, жүйелі түрде санитариялық өңделуге, жуылуға және дезинфекциялануға, дезинсекциялануға және дератизациялануға жатқызылады.

37

37. Өндірістік үй-жайларды санитариялық өңдеу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау, технологиялық жабдықты және мукаммалды санитариялық өңдеу және дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жуу және тазалау құралдарын, балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдеріне олардың қалдық мөлшері болмаған жағдайда дезинфекциялаудың химиялық құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.

6 6. Қаптамаға және таңбалауға қойылатын талаптар

38

38. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін қаптау және таңбалау Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына, сондай-ақ, өнімнің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарға сай келуі тиіс.

39 39. Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімді қаптау зақымдануды болдырмау мақсатында контаминацияны (ластауды) азайту және таңбалауды орналастыру өнімін барлық жарамдылық мерзімі ішінде барабар қорғанышты қамтамасыз етуі тиіс.

40 40. Қаптама материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалады.

41 41. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тұтынушы қаптамасының бүтіндігі бұзылған кезде осы өнімнің меншік иесі айналымнан жедел алып тастайды. Оны одан әpi пайдалану Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

42 42. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері, мынадай көлемдерден аспайтын қымталған қаптамада шығарылуы тиіс:

сұйық сүт және сүт қышқылы өнімдері - 1 литр;
паста тәрізді сүт өнімдері - 0,2 кг;
консервіленген ет және ет-өсімдік өнімдері - 0,35 кг;
жеміс, көкөніс және жеміс-жидек-көкөніс шырындары мен нектарлары - 2 литр.

43 43. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тұтынушы ыдысында мынадай таңбалау орналастырылуы тиіс:

дайындаушының және Қазақстан Республикасындағы аумағындағы тұтынушылардың талаптарын қабылдауға дайындаушы өкілеттік берген (бар болған кезде), (елді қоса алғанда заңды мекенжайы, ал заңды мекенжаймен сәйкес келмегенде кәсіпорынның мекенжайы) ұйымның атауы мен орналасқан жері;
өнімнің атауы;
өнімнің құрамы (тағамдық қоспаларды, витаминдерді, микронутриенттерді, хош истендіргіштерді міндетті түрде көрсете отырып, ингредиенттердің массалық үлесі азайту тәртібімен);
нетто массасы немесе көлемі;
құрамындағы витаминдерді, минералдық заттарды және энергетикалық құндылығын қоса алғанда, тағамдық құндылығы;
тұтыну қаптамасын ашқанға дейінгі және одан кейінгі сақтау шарттары;
тұтыну қаптамасын ашқанға дейінгі және одан кейінгі жарамдылық мерзімі;
дайындау тәсілі (қажеттілігіне қарай);
пайдалану жөніндегі ұсынымдар;
өнім соған сәйкес дайындалған және сәйкестендірілуі мүмкін нормативтік құжат.

44 44. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тасымалдау қаптамасына оны тасымалдау үдерісі кезіндегі өнімнің қауіпсіздігі үшін қажетті белгілер мен жазбалар жазылады.

7 7. Сәйкестікті растау

45

45. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау осы Техникалық регламенттің талаптарына, өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкестігін міндетті растау нысанында жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентімен белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен куәландырылады.

46 46. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері сәйкестігін растау схемаларын өнімнің көлемін, оның жарамдылық мерзімдерін есепке ала отырып, сәйкестікті растау жөніндегі органмен бірлесе отырып, өтініш беруші таңдайды.

8 8. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары

47. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Әртүрлі жастағы және жынысы бөлек балалар мен жасөспірімдердің энергияны қажет етуіне байланысты белоктарды, майларды және көмірсуларды (күніне/г) тұтыну нормалары

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
1-қо­сым­ша
Әртүрлі жастағы және жынысы бөлек балалар мен жасөспірімдердің энергияны қажет етуіне байланысты белоктарды, майларды және көмірсуларды (күніне/г) тұтыну нормалары
Жа­сы, жы­лы
Энер­ги­я­ның қа­жет­ті­лі­гіне бай­ла­ны­сты кү­ніне/г бе­л­ок­тар­ды, май­лар­ды және кө­мір­су­лар­ды тұ­ты­ну нор­ма­ла­ры
Ер ба­ла­лар мен бо­зба­ла­лар
Қыз ба­ла­лар мен бой­жет­кен­дер
бе­л­ок­тар
май­лар
кө­мір­су­лар
бе­л­ок­тар
май­лар
кө­мір­су­лар
3-4
39
42
180
36
39
166
4-5
43
45
196
39
41
178
5-6
46
49
211
42
44
191
6-7
49
52
226
45
48
205
7-8
53
56
243
49
52
223
8-9
57
61
263
53
57
244
9-10
62
66
284
58
62
267
10-11
67
72
309
63
67
288
11-12
73
78
337
67
72
309
12-13
80
85
366
71
76
327
13-14
87
92
398
74
79
342
14-15
93
100
430
77
82
352
15-16
99
106
457
78
83
358
16-17
104
111
478
78
83
360
17-18
107
114
490
78
83
360

2 Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын витаминдер мен минералды тұздар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
2-қо­сым­ша
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын витаминдер мен минералды тұздар
Ата­уы
Ны­сан
1
2
1. Ви­та­мин­дер
А ви­та­ми­ні
Ре­ти­но­лаце­тат; ре­ти­нол­паль­ми­тат; бе­та-ка­ро­тин
Д ви­та­ми­ні
Д2 эр­го­каль­ци­фе­рол; Д3 хо­ле­каль­ци­фе­рол
Е ви­та­ми­ні
Д-то­ко­фе­рол; ДL-аль­фа-то­ко­фе­рол; Д-аль­фа-то­ко­фе­рол
В1 ви­та­ми­ні
Ти­а­ми­на гид­ро­хло­рид; ти­а­ми­на бро­мид; ти­а­ми­на мо­но­нит­рат; ти­а­ми­на хло­рид
В2 ви­та­ми­ні
Ри­бо­фла­вин; ри­бо­фла­вин-5-фос­фат, на­трий
РР ви­та­ми­ні (ни­а­цин)
Ни­ко­ти­на­мил; ни­ко­тин қыш­қы­лы
В6 ви­та­ми­ні
Пи­ри­док­син гид­ро­хло­рид; пи­ри­док­син-5-фос­фат; пи­ри­док­син ди­паль­ми­тат
Пан­то­тен қыш­қы­лы
Каль­ций D-пан­то­те­на­ты; на­трий D-пан­то­те­на­ты; дексан­те­нол
В12 ви­та­ми­ні
Ци­ан­ко­ба­ла­мин; гид­рок­со­ко­ба­ла­мин
Фо­ле қыш­қы­лы
Фо­ле қыш­қы­лы
С ви­та­ми­ні
L-ас­кор­бин қыш­қы­лы; на­трий Lас­кор­ба­ты; каль­ций L-ас­кор­ба­ты; 6-паль­ми­тил- L-ас­кор­бин қыш­қы­лы (ас­кор­бил­паль­ми­тат); ка­лий ас­кор­ба­ты;
К ви­та­ми­ні
Фил­ло­хи­нон (фи­то­ме­на­ди­он)
Био­тин
Д-био­тин
Хо­лин
Хо­ли­на хло­рид, хо­ли­на цит­рат, хо­ли­на би­тарт­рат
Ино­зит
Ино­зит
Кар­ни­тин
L-кар­ни­тин, L-кар­ни­тин хл­ор­гид­рат
2. Ми­не­рал­ды тұз­дар
Каль­ций
Каль­ций кө­мір қыш­қы­лы (Е 170); үш ал­ма­сты­ры­л­ған каль­ций ли­мон қыш­қы­лы (Е 333); каль­ций глю­ко­на­ты (Е 578); каль­ций
гли­це­ро­фос­фа­ты (Е 383); каль­ций лак­та­ты (Е 327); ор­то­фос­фор қыш­қы­лы­ның каль­ций тұ­зы (Е 341)
На­трий
На­трий цит­ра­ты; на­трий хло­ридд (Е 331)
Маг­ний
Маг­ний кар­бо­на­ты (Е 504); ли­мон қыш­қыл­ды қо­сал­ма­сты­ры­л­ған маг­ний (Е 345); маг­ний хло­ри­ді (Е 511); маг­ний глю­ко­на­ты (Е 580); ор­то­фос­фор қыш­қы­лы­ның маг­ний тұ­зы (Е 343); маг­ний суль­фа­ты (Е 518); маг­ний лак­та­ты (Е 329)
Ка­лий
Ка­лий цит­ра­ты (Е 332); ка­лий лак­та­ты (Е 326); ГОСТ 2493 бой­ын­ша фос­фор қыш­қыл­ды қо­сал­ма­сты­ры­л­ған ка­лий
Te­мip
Те­мір глю­ко­на­ты (II) (Е 579); ГОСТ 4148 бой­ын­ша (II) кү­кірт қыш­қы­лы 7-су­лы те­мір; те­мір лак­тат (II) (Е 585); те­мір фу­ма­ра­ты (II); те­мір қос­фос­фа­ты (пи­ро­фос­фа­ты) (II); қа­ра­пай­ым те­мір
Мыс
Мыс кар­бо­на­ты; мыс цит­ра­ты; мыс глю­ко­на­ты; мыс суль­фа­ты (Е 519)
Қор­ға­сын
Қор­ға­сын аце­та­ты; қор­ға­сын суль­фа­ты; қор­ға­сын хло­ри­ді
Мар­га­нец
Мар­га­нец кар­бо­на­ты; мар­га­нец хло­ри­ді, мар­га­нец цит­ра­ты; мар­га­нец глю­ко­на­ты; мар­га­нец суль­фа­ты
Йод
Ка­лий йо­ди­ды; ка­лий йо­да­ты

3 Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын дәрілік өсімдік шикізатының түрлері

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
3-қо­сым­ша
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын дәрілік өсімдік шикізатының түрлері
Дә­рі­лік өсім­дік­тің ата­уы
Дә­рі­лік өсім­дік­тің ла­тын­ша ата­уы
Ши­кі­заттың тү­рі
1
2
3
Кә­дім­гі анис
Anisum vulgare Gftrth сем. Umbelliferae
Анис же­мі­сте­рі (Anisi fructus)
Дә­рі­лік жал­быз­ті­кен
Althaea oficinalis ceM.​Malvacae
Жал­быз­ті­кен­нің та­мыр­ла­ры (Althaeae radix)
Сүй­ел қай­ың
Betula verrucosa Ehrh. ceM.​Betulaceae
Қай­ың жа­пы­ра­ғы (Betulae folium)
Қо­тыр қай­ың
Betula pendula
Қай­ың жа­пы­рақ­та­ры (Betulae folium)
Ги­бис­кус
Hibiscus sadariffa L. сем.Malvaceae
Ги­бис­кус гүл­де­рі (Hibisci flos)
Қы­зыл құ­лұ­қай­ыр
Hibiscus sadariffa L. ceм.Malvaceae
Ги­бис­кус гүл­де­рі (Hibisci flos)
Кә­дім­гі жұ­п­ар­гүл
Origanuv vulgare сем. Lamiaceae
Жұ­п­ар­гүл шө­бі (Origani herba)
Бүл­дір­ген
Fragaria ceM.​Rosaceae
Бүл­дір­ген жа­пы­рақ­та­ры (Fragariae folium)
Дә­рі­лік тыр­нақ­гүл
Calendula officinalis L. сем. Composite
Ка­лен­ду­ла гүл­де­рі (Calendulae flos)
Қо­сүй­лі қа­ла­қай
Urtica diocia L. сем. Urtica L. сем. Urticaceae
Қа­ла­қай жа­пы­ра­ғы (Urticae folium)
Қу­шық­ты ла­ван­да
Lavandula angustifolia Mill. ceM.​Lamiactat
Ла­ван­да гул­де­рі (Lavandulae flos)
Өзек­ті жөкеа­ғаш
Tilia cordata Mill сем. Tiliaceae
Жөкеа­ғаш гүл­де­рі (Tiliae flous)
Кә­дам­гі таң­қу­рай
Rubus ideaus L. сем. Rosaceae
Таң­қу­рай­дың жа­пы­рақ­та­ры (Rubi idaei folium)
Ор­ман про­свир­ни­гі
Malva sylvestris L (syn.​Malva Mauritiana ) сем. Malvaceae
Құл­қай­ыр­дың гүл­де­рі (Malvae flous)
Ор­ман құ­лұ­қай­ы­ры
Malva sylvestris L ( syn.​Malva Mauritiana) сем. Malvaceae
Құ­лұ­қай­ыр­дың гүл­де­рі (Malvae flous)
Ме­лис­са
Melissa officinalis ceM.​Lamiaceae
Ме­лис­са­ның жа­пы­рақ­та­ры (Melissa folium)
Ли­мон жал­бы­зы
Melissa officinalis ceм.Lamiaceae
Жал­бы­зды жа­пы­рақ­та­ры
Бұ­рыш жал­быз
Melissa piperita ceM.​Lamiaceae
Бұ­рыш жал­бы­здың жа­пы­рақ­та­ры (Menthae piperitae folium)
Шыр­ға­нақ
Hippophae rhamnides L. ceM.​Elaeagnaceae
Шыр­ға­нақ­тың жа­пы­рақ­та­ры (Hyppophaes folium)
Үл­кен ба­қа жа­пы­рақ
Plantago major L. сем. Plantaginaeae
Ба­қа жа­пы­рақ­тың жа­пы­рақ­та­ры (Plantaginis herba)
Ор­та­ша ба­қа жа­пы­рақ
Plantago madia L. сем. Plantaginaeae
Ба­қа жа­пы­рақ­тың жа­пы­рақ­та­ры (Plantaginis herba)
Лан­цент тә­р­із­дес ба­қа жа­пы­рақ
Plantago lanceolate L. сем. Plantaginaeae
Ба­қа жа­пы­рақ­тың жа­пы­рақ­та­ры (Plantaginis herba)
Ащы по­ме­ра­нец
Citrys aurantium сем. Rutaceae
По­ме­ранц қа­бығы
Дә­рі­лік түй­ме­дақ
Matricaria recutita L. сем. (sen.​Chamomilla L.)
Түй­ме­дақ гүл­де­рі (Chamomillae flos)
Қа­ра қа­ра­қат
Ribts nigrum L. сем. Saxifragaceae
Қа­ра­қат жа­пы­рақ­та­ры (Ribi nigri flos)
Хош иісті же­бір шөп
Thymus vulgaris L. (Thymus marschallianus) ceM.​Lamiaceae
Жeбip шө­бі (Trymi herba)
Ча­брец
Thymus serpyllum сем. Lamiaceae
Ча­брец шө­бі (Trymi herba)
Тас­шөп же­бір
Thymus serpyllum сем. Lamiaceae
Жeбip шө­бі (Trymi herba)
Кә­дім­гі тмин
Carom carvi, сем. Umbellifere
Тмин же­мі­сте­рі (Can carvi fructus
Кә­дім­гі фен­хель
Foeniculum vulgare Mill сем. Umbelliferae
Фен­хель же­мі­сте­рі (Foeniculi fructus)
Дә­рі­лік көк­шөп
Foeniculum vulgare Mill сем. Umbelliferae
Көк­шөп жe­мicтepi
Үштар­мақ ито­ша­ған
Bidens tripartiye L. сем. Composite
Ито­ша­ған шө­бі (Bidentis herba)
Қа­ра­жи­дек
Vaccinium myrtillus L. сем. Vacciniaceae
Қа­ра­жи­дек же­мі­сте­рі (Myrtilli fructus)
Ит бүл­дір­ген
Vaccinium myrtillus L. сем. Vacciniaceae
Ит бүл­дір­ген же­мі­сте­рі (Vaccini fructus)

4 Ыдысқа құйылған ауыз судың макро- және микроэлемент құрамы бойынша физиологиялық толықтығының нормативтepi

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
4-қо­сым­ша
Ыдысқа құйылған ауыз судың макро- және микроэлемент құрамы бойынша физиологиялық толықтығының нормативтepi
Көр­сет­кіш­тер (негіз­гі био­ло­ги­я­лық ак­тив­ті эле­мент­тер)
Су­дың фи­зио­ло­ги­я­лық то­лық­тығы нор­ма­тив­те­рі, ба­стап-дей­ін
Су са­па­сы­ның нор­ма­тив­тepi
Ба­ла­лар та­ға­мы­нан бас­қа, бар­лық су­лар үшін, ас­пай­тын
Ба­ла­лар та­ға­мы үшін, ба­стап-дей­ін
Ми­не­рал­дау, мг/л
100 - 1000
1000
200 - 500
Кер­мек­ті­гі, мг-экв/л
1,5-7,0
7,0
1,5-7,0
Гид­ро­кар­бо­нат­тар, мг/л
30 - 400
400
30 - 400
Каль­ций*, мг/л
25 - 130
130
25-80
Маг­ний*, мг/л
5-65
65
5-50
Ка­лий, мг/л
-
20
2-20
Фтор, мг/л
0,5-1,5
1,5
0,6-1,2
Йод, мг/л
0,01-0,125
0,125**
0,04 - 0,06***
От­те­гі, мг/л
5 кем емес
5 кем емес
9 кем емес
📌 Ескертпе.
* барышна рұқсат етілген кермектің 7 мг-экв/л қарай және кальцийдің барынша рұқсат етілген құрамын есептеу кезінде магнийдің құрамының барынша аз қажетті деңгейін есепке ала отырып және есептелген керісінше.
** ШРШ деңгейінде суды йодтау қоршаған ортаның барлық объектілерінен организмге жиынтық келіп түсетін йодид-ионның рұқсат етілген дозасын сақтау шарттары кезінде йодталған тұз есебінен йод жеткіліксіздіктің алдын алу болмаған кезде жол беріледі.
*** 0,04 - 0,06 мг/л деңгейінде суды йодтау профилактикалаудың өзге де шараларын пайдалану кезінде йод жеткіліксіздігінің жаппай профилактикалық тәсілі ретінде рұқсат етіледі.

Қолданыстағы