О некоторых вопросах учебных заведений Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах учебных заведений Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 957
- Қабылданған күні
- 17.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI54488_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000957_
- ЭКБ идентификаторы
- 54488
- Редакция идентификаторы
- AI54488_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:20
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қайта құру жолымен:
1
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын);
2
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні;
2 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 6, 24-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
6 «6. «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы;
24 24. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Астана қаласы»;
2
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов