Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам социально-культурного назначения и производству парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта"

Бұйрық · № 553 · қабылданған 28.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54490/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам социально-культурного назначения и производству парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта" Күшін жойған Бұйрық ·№ 553 ·28.07.2010
18.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам социально-культурного назначения и производству парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 553 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам социально-культурного назначения и производству парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта"
Атауы (қаз.)
"Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
553
Қабылданған күні
28.07.2010
Көрсетілген редакция
18.05.2012 AI54490_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006418_
ЭКБ идентификаторы
54490
Редакция идентификаторы
AI54490_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:40

0 "Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Мыналардың:

1

1) «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3074 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік мекемелер нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 ж. № 19 жарияланған);

2

2) «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 194 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6180 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н.Садықовқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 «Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 553 бұйрығымен бекітілген
«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1 1 тарау. Негізгі ережелер

1

1. Осы «Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру үй-жайларын, жабдығын жобалауға, құрылысына, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға, желдетуге, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Осы санитариялық ереженің талаптары косметологияда пайдаланылатын емдік дәрілерге қолданылмайды.

2 2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

әлеуметтік-мәдени мақсаттығы объектілер – жағу үшін қызмет көрсететін сала (шаштараз, косметологиялық орталықтар, салондар);
парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі - ПКӨ) – адамның денесін немесе тісін және ауыз қуысының сілемейлі қабығын тазалау, олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иіс беру немесе оларды күту мақсатында тікелей жағуға арналған заттар немесе заттардың қоспасы;
ауыз қуысы гигиенасы құралдары (бұдан әрі – АҚГҚ) – тазалау, жағымсыз иісті кетіру және алдын алу мақсатында тіспен және ауыз қуысының сілемейлі қабығымен жанасуға арналған құралдар;
косметологиялық рәсімдер – косметикалық ақаулармен қоса жүретін аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында, сондай-ақ терінің қартаюының және шаштың түсуінің алдын алу үшін қолданылатын, дәрігер-дерматокосметолог, олардың кейбіреуін дәрігердің тағайындауы және оның бақылауымен және басшылығымен мейірбике орындайтын іс-шаралар;
косметикалық рәсімдер – сәндік косметика құралдарымен жеке бас гигиенасы және косметикалық кемшіліктерді түзету мақсатында қолданылатын іс-шаралар;
косметологиялық құралдар – туа біткен, кейіннен пайда болған немесе ағзаның жас ерекшелік өзгерістері ауруларынан болатын тері ақауларының алдын алуға, емдеуге және түзетуге арналған құралдар;
косметикалық құралдар (косметика) – жеке бас гигиенасына және адамның сыртқы келбетін сәндеуге (жақсартуға) арналған құралдар;
косметологиялық орталық – ұйымдастырылған косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объект.

2 2 тарау. Жобалауға және құрылысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3 3. Шаштараздар, косметологиялық орталықтар, сән кабинеттері, салондары (бұдан әрі - объектілер) жеке тұрған ғимараттарда, сондай-ақ, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың цоколь және 1-қабаттарында орналасуы мүмкін.

4 4. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан жағдайда тұрғын пәтерлерден оқшауланған жеке кіру есігі қарастырылады.

5 5. Объектілерді ғимараттардың жертөле және жартылай жертөле қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.

Жертөле және жартылай жертөле қабаттарында қосалқы және көмекші үй-жайларды (зат қоятын бөлме, киім ілетін орын, қойма, кір жуу орнын) орналастыруға жол беріледі.

6 6. Ғимараттар мен үй-жайлар көлемді-жобалау және конструктивтік шешімі олардың көрсетілетін қызмет тізімі және олардың қуаттылығымен анықталады.

7

7. Косметологиялық, маникюр және педикюр бөлмелері жеке оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Шаштараздар залында 3 жұмыс орнына дейін қосымша 6 шаршы метр (бұдан әрі - м2) аудан бар болған жағдайда маникюрге бір жұмыс орнына жол беріледі. Шаштараз көлемі осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сай болуы тиіс.

8 8. Адамдарды жасанды ультракүлгін сәулесіне түсіру солярийі киім ілетін орын және себізгіге жақын жеке үй-жайларда орналастырылады. Солярий ауданы кабиналардың саны мен типіне байланысты қабылданады, бірақ 12 м2 кем болмауы тиіс.

3 3 тарау. Сумен жабдықтауға, желдетуге, жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

9 9. Объектіде ыстық су болмаған жағдайда су құбыры жүйесіне қосылған ағысты сужылыту жабдығын орнатуға жол беріледі. Ыстық су көзі резервте болғанда ғана ағыссыз су жылытқыштарды, газды және электр пештері қолданылуы мүмкін.

10 10. Желдету жүйесі тұрғын және қоғамдық ғимараттар желдету жүйелерінен оқшау болуы тиіс.

11 11. 3 жұмыс орнына дейін желдеткіш және фрамуга көмегімен табиғи желдету, 3-тен жоғарыда жасанды талаппен сору желдетуі қарастырылады.

12 12. Барлық объектілер үй-жайларында табиғи және жасанды жарықтандыру болуы тиіс. Маникюр және педикюр кабинеттерінде табиғи жарықтандыру ең аз коэффициенті 1,5 пайыздан төмен емес, қалған өндірістік үй-жайларда 1 пайыздан кем емес болуы тиіс.

13 13. Жұмыс орнында жарық осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сай болуы тиіс.

4 4 тарау. Үй-жайлар мен жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

14 14. Шаштараздарда шаш пен тырнақты күту бойынша гигиеналық және эстетикалық:

1 1) шаш қию, жатқызу, бояу, химиялық бұйралау және шашты күту бойынша басқа қызмет;

2 2) маникюр, педикюр;

3 3) парик, қапталған мұрт, сақал, бакенбард, шинъон және шаштан әшекейлер дайындау, соның ішінде тұтынушылардың жеке тапсырмасы бойынша, қасты, кірпікті бояу, макияж қызметі көрсетіледі.

Косметологиялық кабинеттерде осы санитариялық ережеге 3-қосымшаға негізгі сай емдеу-алдын алу қызметі көрсетіледі.

15 15. Терезедегі перделері, кабинаға арналған шымылдықтар жарық реңді ылғалды тазалау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік беретін материалдардан дайындалады. Портьер қолдануға тыйым салынады.

16

16. Шаштараз жұмыс орындары кресломен, туалет шаш жууға арналған раковинасы бар үстелімен жабдықталады. Шаш жууға арналған арнайы орын немесе жеке үй-жай болған жағдайда туалет үстелдерін раковинасын орнатуға жол беріледі. Ерлер мен әйелдер залдарында шаштаразшыларға қол жууға арналған раковина жабдықталады. Үш жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында шаш жууға 1 раковина мен 1 шаш кептіргіш болу тиіс.

17 17. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемі және құрылымы бойынша олардың жасына сай болуы тиіс.

18 18. Косметологиялық, маникюр және педикюр кабинеттері қол және аспаптарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.

19 19. Бес жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында жұмыскерлер мен келушілерге арналған дәретханалар бөлек болу тиіс.

20 20. Таза және қолданылған кірлерді, парфюмерлік косметикалық өнімдерді, жууға залалсыздандыруға заттарын сақтауға арналған қойма бөлмелері жеке орналастырылады және стеллаждар және шкафтармен жабдықталады. Пайдаланылған киім-кешектер үшін таңбаланған пластикалық сыйымдылықтар қарастырылады.

21 21. Шаштараздардың қосалқы бөлмелерінде қиылған шаштарды сілкуге арналған арнайы орын бөлінеді. Шаштарды сақтау қақпағы тығыз жабылатын арнайы ыдыстарда жүзеге асырылады.

22 22. Косметологиялық, маникюр және педикюр кабинеттері жабық типтегі бактериоциттік ультракүлгінмен сәуле түсіргіштермен жабдықталады. Сәуле түсіргіштер жұмысының есебі әрбір бактериоциттік сәуле түсіргіш бойынша осы санитариялық ереженің 4-қосымшасына сәйкес тіркеледі.

23 23. Парфюмерлік-косметологиялық заттарға санитариялық-эпидемиологиалық қорытынды болуы тиіс.

24 24. Физиотерапевтік аппараттар бір аппараттан көп емес арнайы жабдықталған кабинеттерде орналастырылады. Кабинет ауданы 1 кушеткаға 6 м2, бірақ 12 м2 кем емес есебімен қабылданады.

25

25. Қауіптіліктің 1, 2-класындағы лазерлік қондырғыларын ортақ үй-жайларда орналастыруға жол беріледі. Қауіптілігі 3 және 4-класстағы лазерлік қондырғылар оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Қауіптілігі 3 және 4-класстағы үй-жайлардың қабырғалары жанбайтын, беткейі күңгірт материалдардан болуы тиіс. Лазермен жұмыс істеген уақытта бөтен адамдар кірмес үшін үй-жайлардың есіктері ішкі қорғау құрылғыларымен жабылады. Есікте лазерлік қауіптілікті білдіретін белгі және автоматты түрде қосылатын «Қауіпті, лазер іске қосулы!» деген сәулеленген табло ілінеді. Ашық типтегі лазер қондырғыларымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік көзді жеке қорғаныш құралдарын қолдану жолымен қамтамасыз етіледі.

26 26. Үй-жайларды өңдеу үшін рұқсат етілген материалдар қолданылады.

27 27. Үй-жайлардың ылғалды тазалау жұмыстары жуғыш заттарды қолдана отырып күніне екі реттен кем емес, жұмыс соңында жуғыш және залалсыздандыру заттарын қолданып жүргізіледі.

28

28. Келушілерге қызмет көрсету үшін таза заттар, соның ішінде бір рет қолданылатын бас киімдер, жамылғыштар, ақжаймалар, сулықтар қолданылады. Таза киімдер қоры (сүлгілер, сулықтар, ақжаймалар) әрбір келуші үшін жеке қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Таза заттар жабық шкафтарда немесе жеке пакеттерде сөрелерде сақталады.

29 29. Әрбір қолданылған кір жуылуға және дезинфекциялануға жатады.

30 30. Келушілердің шашына қызмет көрсету процесінде бит табылған жағдайда шаштар жиналады және металл ыдыста өртеледі.

31 31. Қоқысқа арналған қаптар мен пакеттерді қайта қолдану және тұрмыстық қоқысқа арналған контейнерлерде шашты қағуға жол берілмейді.

32 32. Әсемдеу косметикасын жағу үшін бір реттік заттар (күрекшелер, спонжиктер, кисточкалар) қолданылады. Ерін бояулары және қарындаштар әрбір клиенттен кейін ұшталады немесе кесіледі, тушь, тень және опа бір реттік кисттермен жағылады.

Процедураларды жүргізу үшін губкалар мен пуховиктерді көп рет қолдануға жол берілмейді.

33 33. Химиялық бұйралауды орындау кезінде шашты ерітіндімен сулау әрбір келушіден кейін ауыстырылатын тампонмен жүргізіледі.

34 34. Педикюр жүргізу кезінде аяқ астына қоятын жастықшада әрбір қолданудан кейін дезинфекциялау ерітіндісіне суланған шүберекпен сүртілетін кленкалы тысы болу тиіс.

35 35. Аяққа арналған ванналар әрбір келушіден кейін жуғыш және дезинфекиялау заттарын қолдана отырып шүберек немесе шөткемен өнделеді.

36 36. Маникюр жасау кезінде әрбір келушіге бір рет қолданылатын сулықтар және бір рет қолданылатын құрал-саймандар немесе көп рет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылады.

37 37. Бір рет қолданылатын сулықтар мен құрал-саймандар жойылуға жатады. Маникюр, педикюр, сақал алуға, косметикалық процедураларға арналған қайта қолданылатын құралдар дезинфекциялануға және стерильденуге жатады.

38 38. Тері және шырышты қабық бүтіндігін бұзумен байланысты косметологиялық процедураларға қайта қолдану құралдары микроорганизммен екінші қайта контаминациялауды болдырмау жағдайында стерильдеу алдында тазартылуға, дезинфекциялауға, стерильдеуге және кейіннен сақтауға жатады.

39

39. Құрал-саймандарды өндеуге арналған үй-жай функционалды «лас аймақ» және «таза аймақ» бөлінеді. «Лас аймақта» косметологиялық құралдарды алдын ала тазалау, «таза аймақта» құралдарды дезинфекциялау және стерильдеу жүргізіледі. Косметологиялық процедура өткізілетін үй-жай қызметкерлер қолын жуу үшін жеке раковинамен жабдықталады.

40 40. Құралдарды стерильдеу алдындағы тазарту, дезинфекция және стерильдеу осы мақсаттар үшін жабдықпен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі.

41 41. Персонал жұмыс басталу алдында клиенттер қатысуымен қолдарын сабынмен жуады.

42 42. Тері қабатын зақымдайтын процедуралар өткізу кезінде қызметкерлер қолғапты пайдаланады.

43 43. Күнделікті жұмыс басталу алдында жауапты адам қызметкерлерді микротравма, сызат, жара, жарылған жара, іріңді ауруларға тексереді. Тексеру нәтижесі арнайы журналға жазылады.

44 44. Манипуляция немесе процедуралар аяқталған соң тез арада пайдаланылған құралдар дезинфекциялау ерітіндісімен ыдысқа батырылады.

45 45. Тері бетін зақымдаумен манипуляция жүргізетін объектілер жұмыскерлері жұмысқа кіру кезінде және жыл сайын В және С вирустық гепатит маркеріне тексеріледі.

46 46. Химиялық бұйралауға арналған қысқыштар, бигудилер, колпактар мен торларды, мелированияға арналған бас киімшелер жуғыш заттар қолданыла ағынды сумен жуылады.

47 47. Шаш қиюға арналған тарақтар, щеткалар, қайшылар ағынды су астында жуылады немесе (бактерицидтік сәулеленуде немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерінде) дезинфекцияланады.

48 48. Электр ұстараларының жинап алынатын пышақтары, физиотерапевтік жабдықтар мен құралдар электродтары 70 градус этиль спиртімен дымқылданған тампонмен екі мәрте (15 минут интервалмен) сүртіледі.

49 49. Косметология орталықтарында персонал қолдарын өңдеуі үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тері антисептиктері пайдаланылады.

Объектіде алғашқы медициналық көмек көрсетудің дәрі қобдишасы қарастырылады.

50 50. Жеке және арнайы киімді сақтауға арналған шкафтар қарастырылады. Косметологиялық процедуралар жүргізу үшін персонал қорғаныш маскаларымен, экран жапқышпен, бір рет қолданылатын қолғаппен жұмыс жасауы тиіс. Жұмыс орнында темекі тартуға және тамақ ішуге жол берілмейді.

5 5 тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдері мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

51 51. ПКӨ мен АҚГҚ шығаратын және тұтынатын объектілерді орналастыру, жер учаскесін беру, оны салуға және реконструкциялауға, пайдалануға енгізуге жоба құжаттарын бекіту санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана жол беріледі.

52 52. Объектілер жеке аумақта орналасуы тиіс. Өндірістің аумағы жарықтандырылуы, қоршалуы және көгалдандырылуы тиіс.

Аумақ өндірістік және шаруашылық аймақтарға бөлінеді:

1 1) өндірістік аймақта: өндірістік корпус, шикізат пен дайын өнімге арналған қойма бөлмесі, тұрмыстық бөлмелер, медициналық пункті орналасады;

2 2) шаруашылық аймақта - жөндеу шеберханалары, ыдысты және отынды сақтайтын қойма, бу жіберетін қазандар орнатылған орын, гараж, қоқысты жинауға арналған контейнерлермен алаң, ауладағы дәретхана орналасады.

53 53. Шаруашылық аймақ өндіріске қатысты желдің ық жағына орналасуы және жас көшеттермен (ағаштармен, тал-шілікпен және бұтамен) бөлінуі тиіс.

Көлік кіретін жерлер мен жаяу жүретін жол асфальтталуы немесе қатты жабыны болуы тиіс.

54 54. Ыдыстар, құрылыс және шаруашылық материалдары қоймаларда сақталынуы керек. Ыдыстарды қоймада ұстауға және асфальтты алаңның қалқаланған жерінде уақытша сақтауға жол беріледі.

55 55. Атмосфералық сулардың ағып кетуі үшін ғимараттан және басқа құрылғыдан су жинағыштарға бағытталған еңістер жабдықталуы тиіс.

56 56. Аумақ күнделікті жиналуы; жазғы уақытта – су себілуі; қысқы мезгілде - қардан және мұздан тазартылуы, құм себілуі тиіс.

57 57. Қалдықтар мен қоқыстар үшін асфальтталған алаңға қойылған металл контейнерлер қолданылуы тиіс. Оның өлшемі контейнердің алаңынан үш есе артық болуы керек және өндірістік, қосалқы бөлмелерден 25 метрден жақын орналаспауы тиіс.

58 58. Қалдықтар мен қоқыстар күніне кемінде бір рет, контейнердің үштен екі сыйымдылығынан артық емес жиналғанда шығарылады. Босатылғаннан соң контейнерлер жуылады және дезинфекцияланады.

59 59. Қоқыстарды шығару арнайы көлік жабдығымен жүзеге асырылуы тиіс, шикізатты және дайын өнімді шығару үшін оны пайдалануға жол берілмейді.

60 60. Объектілердің су, кәріздену, жылыту, желдету және ауа баптау қамтамасыз етілуі тиіс.

61 61. Техникалық және ауыз суының құбырлары бөлек болуы, ерекшеленетін түстерге боялуы және бір-бірімен байланысы болмауы тиіс.

62 62. Кәрізденбеген елді мекендерге объектілерді орналастыру барысында, жергілікті кәріздеу құрылғысы қарастырылады. Ағынды суларды қабылдайтын бетондалған шұңқырдың қақпағы болуы және шұңқырдың көлемінің үштен екі бөлігіне жинақталуына байланысты тазартылуы тиіс.

63 63. Ғимараттар жалпықалалық кәріздеуге қосылу немесе өзіндік кәріздеу мен тазарту құрылғылары болуы тиіс. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларға арналған кәріздеудің ішкі тармағы жеке болуы тиіс.

64 64. Шикізат пен дайын өнімді өндіруге, сақтауға арналған бөлмелерге тұрмыстық ағынды сулардың құбырларын салуға болмайды, ал өндірістік ағынды сулардың құбырларын - тек тексеру қондырғысынсыз оларды салу шартында ғана жол беріледі.

65 65. Қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау әдістері қоршаған орта объектілерінің ластану мүмкіндігін шектеуі және өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру және тазарту бойынша жұмыстың барлық кезеңдерінде жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

66 66. Өндірістік бөлмелердің ішінде орналасқан бастапқы өнімдердің, жартылай өнімдердің, бөлменің ауасына бөлінетін зиянды және өте қатты иісі бар заттардың қоймалары ауаны шығаратын вентиляциясымен арнайы баспанамен жабдықталуы тиіс.

6 6 тарау. Өндірістік және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

67 67. Өндірістік үй-жайларды жоспарлау:

1 1) технологиялық байланысқан бөлмелер арасында ең қысқа ара қашықтықтағы процестің үздіксіздігін;

2 2) технологиялық ағымдылықпен көпшіліктің қиылысуын болдырмауды;

3 3) тазалық дәрежесі бірдей бөлмелерді барынша көп топтау, бастапқы шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің әр алуан түрлерінің араласып кетуін болдырмау үшін жабдықтар мен материалдарды ұтымды орналастыруды, санитариялық-гигиеналық тәртіптің шарттарының толығымен сақталуын;

4 4) бастапқы шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің ғимараттың ішінде және бір ғимараттан екіншіге ауысқан кезде ластанудан қорғауды;

5 5) техника қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

68 68. Қабырғалары мен төбелерін ылғалды өңдеуге бейімді жеңіл және залалсыздандыратын материалдармен қолданылады.

69 69. Өндірістік бөлмелер ультракүлгін сәулелермен жабдықталуы тиіс (бұдан әрі - УК-сәулелену).

70 70. ПКӨ-ді және АҚГҚ-ын өндіретін объектілер күші бар ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес санитариялық-тұрмыстық бөлмелермен жабдықталуы тиіс.

71 71. Өндірістік бөлмелер санитариялық-тұрмыстық, қызмет, әкімшілік бөлмелерінен оқшаулануы тиіс.

72 72. Санитариялық-тұрмыстық бөлмелер жеке тұрған ғимаратқа орналасқан жағдайда өндірістік бөлмелерге өтетін жылы жер қарастырылуы тиіс.

73

73. Санитариялық-тұрмыстық бөлмелердің құрамына жоғарғы, жеке және санитарлық киім мен аяқ-киімді шешетін жерлер; таза киімді сақтауға арналған бөлме; лас арнайы киімді қабылдайтын бөлме; душ бөлмесі мен қолжуғыштар; киімді және аяқ-киімді кептіретін жерлер; тамақтанатын бөлме немесе асхана; жинайтын заттарды сақтауға арналған бөлме және кір жуатын жер кіруі тиіс.

74 74. Санитариялық киімнің сақталуы ашық әдіспен жүзеге асырылуы тиіс, ол үшін тұрмыстық бөлмелердегі киім ілгіштер аяқ-киім қойғышы бар ашық шкафтармен немесе киім ілгіштермен жабдықталуы тиіс.

Үй киімі мен арнайы киімді сақтауға арналған жердің саны барлық ауысымдағы жұмысшылардың санына тең болуы тиіс.
Санитариялық киім мен үй киімін бірге сақтауға жол берілмейді.

75 75. Объектілерде медициналық пункт ұйымдастырылады.

76 76. Персонал үшін 10 жұмыс істеушіге 1-еу есебімен санитариялық-техникалық приборлармен жабдықталатын себезгі, дәретханасы бар киім ілетін орын болуы тиіс.

77 77. Жұмыс істеушілерге арналған асхана немесе буфет тұрмыстық бөлмелердің құрамында немесе жеке тұрған ғимаратта орналасуы тиіс. Өндірістік бөлмелерде тамақ ішуге жол берілмейді.

78 78. Асханаға кіретін жерде киім ілгіш, ыстық және суық суы жүргізілген қолжуғыш болуы, сабынмен және электрсүлгілермен жабдықталуы тиіс. Цехтарда тікелей тамақтануға жол берілмейді.

7 7 тарау. Өндірістік процестер мен жабдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

79 79. Өндірістік жабдықтар технологиялық процестің үздіксіздігін және пайдалану процесінде стерильдік жағдайын қамтамасыз ететіндей болып орналасуы тиіс.

80 80. Жабдықтардың элементтерін химиялық заттардың әсеріне, температураның әсеріне тұрақсыз және олармен жанасатын ортада зиянды химиялық зат бөлуге қабілетті материалдан дайындауға жол берілмейді.

81 81. Сұйық зиянды және (немесе) аса күшті иісі бар заттарға арналған дозаланатын аппаратура олардың шамадан тыс толуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

82 82. Төгілетін заттардың тиелуі мен түсірілуі шаң бөлінбейтін әдіспен іске асырылуы тиіс.

83 83. Сұйық шикізатты тиеу жабық коммуникацияларда жүзеге асырылуы тиіс. Зиянды және (немесе) аса күшті иісі бар заттардың ерітіндісін ашық ағыспен беруге жол берілмейді.

84 84. Үй жиыстырғанда сығылған ауа мен және органикалық заттардың қосылған еріткіші болмауы тиіс. Үй жиыстырғанда жуу жабдықтарымен орындалады.

85 85. Технологиялық процесстің барлық операциялары объектінің персоналымен орындалуы және бақылануы тиіс.

86

86. ПКӨ мен АҚГҚ-ын алу технологиясындағы барлық өзгерістер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын алғаннан соң және қауіпсіз еңбек жағдайын, қоршаған ортаның қорғанысын қамтамасыз ететін, соңғы өнімнің тұтынушылық сапасын төмендетпейтін шараларды жүзеге асырғаннан соң жол беріледі.

8 8 тарау. ПКӨ мен АҚГҚ-ның шикізатын сақтау және өнімді қаптау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

87 87. Келіп түсетін шикізаттың және реактивтің әрбір партиясы оның қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын құжатпен жіберілуі тиіс, арнайы журналға тіркелуі, қаптамасының бүтіндігіне және оның заттаңбасы болуына тексерілуі тиіс.

88 88. Шығаратын өнімнің көлемі мен номенклатурасына сәйкес келетін қойма бөлмелерінің қуаты болуы керек, қоймалардың өлшемдері, конструкциясы және орналасуы - өнімді тиімді орналастыруға, тазалауға және басқа қажетті техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

89 89. Шикізатты және дайын өнімді қабылдау, орналастыру және сақтау, белгіленген сақтау мерзімі барысында оның бұзылмауын қамтамасыз ететін және араласуы мен ластануын болдыртпайтын шарттарды сақтай отырып стеллаждарда жиналуы, жеке бөлмелерде жүзеге асырылуы тиіс.

90 90. Шикізаттың жарамсыз партияларын өндірісте қолдануға жол берілмеуі тиіс.

91 91. Қойма бөлмелері шикізаттың және дайын өнімнің сақтау шартын анықтау үшін қажет өлшеудің сенімді құралдарымен жабдықталуы тиіс.

92 92. Қоймада улы және жеңіл тұтанатын заттарды сақтауға жеке бөлме қарастырылуы тиіс.

93 93. Кіре берістегі бақылаудан өткен және өндірісте қолдануға рұқсат етілген шикізаттардың арнайы таңбасы болуы тиіс және олар кіре берістегі бақылаудан өтпеген және бақылау барысында жарамсыз деп табылған партиядан жеке сақталуы тиіс.

94 94. ПКӨ мен АҚГҚ-ы белгіленген жарамдылық мерзімі барысында дайын өнімнің қасиеттерінің сақталуын және пайдаланудың қолайлығын қамтамасыз ететін, тұтынушының ыдысына өлшеп оралады.

122 Шаштараз, косметологиялық және косметикалық орталықтардың, кабинеттердің, сән салондарының үй-жайларының құрылымы мен алаңы

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне
1-қосымша
Шаштараз, косметологиялық және косметикалық орталықтардың, кабинеттердің, сән салондарының үй-жайларының құрылымы мен алаңы

Үй-жай­лар­дың ата­уы
1 жұ­мыс ор­ны­на бел­гі­лен­ген аудан, м2
Ес­керт­пе
1
Ке­лу­ші­лер­ге ар­нал­ған үй-жай­лар:
- кү­ту за­лы
- ки­ім іле­тін орын
3,0-ден 10 жұ­мыс ор­ны­на дей­ін
1,5 – әр­қай­сысы­на
0,3
кү­ту за­лы мен ки­ім іле­тін орын ауда­ны 6 м2 кем емес
2
Ша­шта­раз за­лы:
ша­шта­раз қыз­мет­ші­сі­нің әм­бе­бап жұ­мыс ор­ны
7,0
Бір орын­дық ша­шта­раз үшін 1 жұ­мыс ор­ны 15,0-ден кем емес
3
Кос­ме­ти­ка­лық ка­би­нет
Әр жұ­мыс ор­ны­на 8,0 бі­рақ 12,0-ден кем емес
4
Ма­ни­кюр­лік ка­би­нет
6,0
Әй­ел­дер за­лын­да ма­ни­кюр­лік үстел­ді ор­на­ла­сты­ру – қо­сым­ша 6,0 м2
5
Пе­ди­кюр­лік ка­би­нет
8,0
6
Кос­ме­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет
Әр жұ­мыс ор­ны­на 8,0 бі­рақ 12,0-ден кем емес
7
Мас­саж (мас­саж, сы­лап-си­пау) ка­би­не­ті
9,0
8
Жұ­мыста­рын жа­са­у­ға ар­нал­ған үй-жай
8,0
Қо­сым­ша жұ­мыс ор­ны­на 4,0 м2
9
Кір жу­а­тын орын
9,0-дан жо­ға­ры (жу­ғыш ма­ши­на­ла­ры­ның ти­пін есеп­ке ал­ған­да)
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған кір жу­ған­да қа­рас­ты­рыл­май­ды
10
Та­мақ қа­был­дау және де­ма­лу ор­ны
6,0
11
Қо­сал­қы үй-жай­лар:
- Әб­зел­дер жиын­тығ­ын сақ­тай­тын орын;
- Жи­нау құ­рал­да­ры мен алын­ған ша­штар­ды сақ­тай­тын орын
6,0
2,0
12
Пар­фю­мер­лі- кос­ме­ти­ка­лық өнім­дер­ді, за­лал­сыздан­дыр­ғыш, жу­ғыш заттар­ды сақ­тай­тын орын
4,0
13
Мед.қал­дық­тар­ды уа­қыт­ша сақ­тай­тын орын
4,0
14
За­рар­сыздан­ды­ру ор­ны
8,0
15
Ки­ім іле­тін орын
1 жұ­мыс ор­ны­на 0,3 м2

123 Шаштараздар және косметологиялық кабинеттердің негізгі және қосалқы үй-жайларының жасанды жарықтандыру деңгейі

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне
2-қосымша
Шаштараздар және косметологиялық кабинеттердің негізгі және қосалқы үй-жайларының жасанды жарықтандыру деңгейі

Үй-жай­дың аты
Жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру
Жал­пы жа­рық­тан­ды­ру жүй­е­сі­нен жұ­мыс бет­кей­і­нің жа­рық­тан­ды­руы, лк
1
Кос­ме­то­ло­ги­я­лық және кос­ме­ти­ка­лық ка­би­нет­тер
500
2
Ма­ни­кюр­лік және пе­ди­кюр­лік ка­би­нет­тер
500
3
Ша­шта­раз зал­да­ры
400
4
Пер­со­нал­дың де­ма­лу бөл­ме­сі
200
5
Ке­лу­ші­лер­ге ар­нал­ған бөл­ме
200
Ескертпе:
көрсетілген жасанды жарықтандырудың нормалары жұмыс залдарында табиғи жарық болған кезде қабылданады.

124 Негізгі косметологиялық рәсімдер

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне
3-қосымша
Негізгі косметологиялық рәсімдер

Кос­ме­то­ло­ги­я­лық рә­сім­дер­дің ата­луы
Тер­мин анық­та­ма­сы
1
Биоде­пи­ля­ция
Био­ло­ги­я­лық бел­сен­ді заттар­ды қол­да­на оты­рып ша­шты алып та­стау (жа­сан­ды және та­би­ғи смо­ла мен воск)
2
Брос­саж
Ап­па­рат­ты пи­линг­тің бір тү­рі, ай­на­ла­тын қы­л­шық­тар кө­ме­гі­мен жұ­мыс іс­тей­ді
3
Ва­ку­ум­ды мас­саж
Ас­пап­ты уқа­лау те­ріс ба­ро­метр­лік қы­сым­ның де­не­нің бел­гі­лі бір же­ріне на­сад­ка­да­ғы ауа­ның до­за­лық әсер ету­і­нен бо­ла­тын уқа­лау
4
Ва­ку­ум-спрей
Те­рі­ні ас­пап­ты та­за­лау, те­рі­ге су неме­се ар­найы кос­ме­ти­ка­лық өнім­нің (то­ник, лосьон) там­шы­ла­ту неме­се қы­сым­мен до­за­лық жаң­быр­ла­ту рә­сі­мі
5
Ва­по­ри­за­ция
Брос­саж неме­се мас­ка­ны қол­да­нар ал­дын те­рі­ні ас­пап­ты бу­лау рә­сі­мі. Тә­жі­ри­бе­лік жұ­мыс ба­ры­сын­да суық неме­се ауы­спа­лы тем­пе­ра­ту­ра­да­ғы 40-500С, озон­ды неме­се ион­ды бу қол­да­ны­ла­ды.
6
Ді­ріл­мас­саж
Ас­пап­ты уқа­лау, ме­ха­ни­ка­лық ді­ріл 10-нан 250 Гц жи­і­лі­гін­де іс­ке асы­ры­ла­ды
7
Де­пи­ля­ция
Шаш те­рі­сіне за­қым кел­тір­мей ша­шты алып та­стау, ша­штың өсуі тоқ­тал­май­ды
8
Дер­мо­бра­зия неме­се ро­та­ци­он­дық шли­фов­ка
Эпи­дер­мис қа­ба­тын те­рі­нің мүй­із­ді қа­ба­ты­на дей­ін алып та­стау, ар­найы ас­пап ар­қы­лы
9
Де­та­ту­аж
Те­рі­де­гі та­ту­и­ров­ка­ны шли­фов­ка әді­сі­мен алып та­стау (дер­мо­бра­зия)
10
Инъ­ек­ци­я­лық және им­пла­та­ци­я­лық те­ра­пия – дис­порт, ме­зо­те­ра­пия т.б.
Те­рі­ге әр­түр­лі бөгде заттар мен пре­па­рат­тар­ды (А тип­тік бо­ту­лин­дік ток­син, по­ли­ме­тил­ме­та­кри­лат қо­спа­сы бар кол­ла­ген, ак­рил­ді гид­ро­ге­лі қо­сы­л­ған ги­а­лу­рин­дік қыш­қыл­дар т.б) инъ­ек­ци­я­лық им­план­та­ци­я­лық түр­де ен­гі­зу, май­да әжім­дер­ді ем­деу тыр­тық­ты тү­зел­ту, ерін­нің пі­ші­нін үл­кей­ту және т.б. мақ­сат­тар­да пай­да­ла­на­ды
11
Крио­мас­саж
Азот ері­т­ін­ді­сіне ба­ты­ры­л­ған ап­пли­ка­тор кө­ме­гі­мен те­рі­ні уқа­лау
12
Крио­те­ра­пия
Ем­деу әді­сі­нің жал­пы ата­уы, мұз­да­ты­л­ған тін­дер­ге тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­ны қол­да­ну мақ­са­тын­да негіз­дел­ген. Крио­те­ра­пи­я­ға азот ері­т­ін­ді­сін (жиі) неме­се кө­мір­қыш­қыл қар (ан­да-сан­да) қол­да­на­ды.
13
Мас­ка
Те­рі­нің ла­ста­нуын­да та­за­лау, қар­та­ю­дан, бөрт­пе­лер­ден, ги­пер­пиг­мент­тер­ден ал­дын алу және ем­деу мақ­са­тын­да қол­да­ны­ла­тын рә­сім. Мас­ка­ның құ­ра­мы­на бай­ла­ны­сты қа­бы­ну­ға қар­сы, жұм­сар­та­тын, ағар­та­тын, құр­ға­та­тын қа­си­е­ті бо­ла­ды. Те­рі­нің тур­го­рын жо­ға­ры­ла­та­ды.
14
Мас­саж (мас­саж неме­се сы­лап-си­пау)
Ем­дік, ал­дын алу ша­ра­ла­ры ре­т­ін­де ар­найы ас­пап­пен неме­се қол­мен бел­гі­лі бір жер­де­гі те­рі­ге ме­ха­ни­ка­лық до­за­лық әсер ету рә­сі­мі.
15
Мик­ро­дер­мо­бра­зия
Пи­линг және те­рі­нің шли­фов­ка­сын жүр­гі­зу үшін қол­да­ны­ла­ды. Те­рі­ге ұсақ аб­ра­зив­тік бөл­шек­тер­ді (алю­ми­ний гид­ро­қыш­қыл­да­ры) қы­сым­мен жі­бе­ру, эпи­дер­маль­ді тін­дер­ді ва­ку­ум­дық жүй­е­мен бір мез­гіл­де со­ру рә­сі­мі.
16
Мио­лиф­тинг
Те­рі­нің қар­та­юын ал­дын алу, ем­деу әді­сте­рі. Кон­сер­ва­тив­ті ем қа­был­дау жо­лы­мен (сы­лап-си­пау, мио­сти­му­ля­ция және т.б.)
17
Па­ра­фи­но­те­ра­пия
Ері­ті­л­ген неме­се жы­лы­ты­л­ған күй­де­гі та­зар­ты­л­ған ақ па­ра­фин­ді қол­да­ну ар­қы­лы жы­лу­мен ем­деу тү­рі. Мас­ка тү­рін­де пай­да­лы­на­ды.
18
Пи­линг
Те­рі­нің өл­ген клет­ка­ла­рын уль­тра­ды­быс, ла­зер сәу­ле­сі, хи­ми­я­лық заттар ар­қы­лы неме­се ме­ха­ни­ка­лық жол­мен ке­ті­ру.
19
Пир­синг
Де­не­нің әр тұ­сын­да­ғы те­рі­ні те­сіп, те­сік­ке әр­түр­лі әше­кей­лер­ді та­ғу.
20
Та­ту­аж
Те­рі­ні шан­ши те­сіп, оған бо­яу жі­бе­ру ар­қы­лы адам те­рі­сіне өр­нек пен су­рет са­лу.
21
То­ни­за­ция
Те­рі­ні та­за­ла­у­ға, сы­лап-си­па­у­ға, ва­по­ри­за­ци­я­ға әр­түр­лі кос­ме­ти­ка­лық өнім­дер­мен ал­дын ала өң­деу рә­сі­мі.
22
Бет­ті та­за­лау
Бет те­рі­сін қол­мен неме­се ас­пап­ты жол­мен бөрт­пе­лер­ден т.б. ақа­у­лар­дан та­за­лау.
23
Элек­тро­ко­а­гу­ля­ция және элек­тро­экс­ци­зия
Элек­тр­лік тоқ­пен тін­дер­лі күй­ді­ру. Бұл мақ­сат­та тұ­рақ­ты тоқ (галь­ва­но­ка­у­сти­ка), жо­ға­ры жи­і­лік­те­гі тоқ (ди­а­тер­мо­ко­а­гу­ля­ция, дар­сон­ва­ли­за­ция, УВЧ-Бре­ви­люкс-те­ра­пия).
24
Эпи­ля­ция
Ар­найы тә­сіл­дер­ді қол­да­ну ар­қы­лы те­рі­ні жа­сан­ды алу. Нәти­же­сін­де шаш өсуі тоқ­та­ты­ла­ды. Ап­па­рат­тық жол­мен орын­да­луы мүм­кін (элек­тро­эпи­ля­ция).
25
Аэро­ио­но­те­ра­пия
Фи­зио­те­ра­пи­я­лық рә­сім. Уни­по­ляр­лы за­қым­дан­ған жа­сан­ды неме­се та­би­ғи аэро­ион­дар негіз­гі әсер ету­ші фак­тор ре­т­ін­де қол­да­ны­ла­ды.
26
Галь­ва­ни­за­ция
Фи­зио­те­ра­пи­я­лық рә­сім. Адам ағ­за­сы­на тұ­рақ­ты кі­ші жи­і­лік­те­гі элек­тр­лік тоқ­тың (50 мА дей­ін) және тө­мен қу­ат­ты­лық­тың (30-80 В) де­не­ге қон­ды­ры­л­ған элек­трод­тар ар­қы­лы әсер етуі.
27
Дар­сон­ва­ли­за­ция
Фи­зио­те­ра­пи­я­лық рә­сім. Адам ағ­за­сы­на ауы­спа­лы им­пу­льстік тоқ­ты неме­се жо­ға­ры жи­і­лік­те­гі элек­тро­маг­нит­тік өріс ар­қы­лы де­не­ге қон­ды­ры­л­ған әр­түр­лі пі­шін­ді және мөл­шер­лі элек­трод­тар­дың әсер етуі.
28
Дезин­кру­ста­ция
Галь­ва­ни­за­ция тә­сі­лі ар­қы­лы те­рі­ні ас­пап­ты та­за­лау рә­сі­мі. Бұл жағ­дай­да па­ци­ент оң за­ряд­ты элек­тродт­ты қо­лы­на ұстай­ды, ал жұ­мыс ар­найы ері­т­ін­ді­ге ба­ты­ры­л­ған дезин­кру­стант, те­ріс за­ряд­тал­ған элек­трод ар­қы­лы жү­зе­ге аса­ды.
29
Ин­тер­фе­ренц­те­ра­пия
Бұл­шы­қет ті­ніне ар­нал­ған ас­пап­ты уқа­лау рә­сі­мі. Бір бі­рін ин­тер­фе­рен­ци­я­лай­тын, екі си­ну­со­ид­ты тоқ ар­қы­лы тін ара­лы­ғын­да жа­ңа ор­та және тө­мен жи­і­лік­те­гі ауы­спа­лы тоқ­тар­дың пай­да бо­луы. Бі­рін­ші­лік­ті тоқ­тың жи­і­лі­гі өзге­ріс­сіз 3000-5000 Гц, ал екін­ші­лік­ті жи­і­лік 120-200 Гц ара­лы­ғын­да рет­те­ле­ді.
30
Иони­за­ция
Тін­дер­де оң және те­ріс ион­дар­дың, элек­тр­лік ней­трал­ды атом­дар мен ма­ле­ку­ла­лар­дан бос элек­трон­дар­дың ада де­не­сіне қой­ған­да тү­зі­луі. Ионо­фо­рез ке­зін­де қол­да­ны­ла­ды.
31
Ионо­фо­рез
Фи­зио­те­ра­пи­я­лық рә­сім. Дә­рі­лік және кос­ме­ти­ка­лық заттар­ды жа­ра­қат­тал­ма­ған те­рі мен шы­рыш қа­ба­ты­на ен­гі­зу. Теріспо­ляр­лы заттар ка­тод ар­қы­лы, ал оң по­ляр­лы заттар анод ар­қы­лы ен­гі­зі­ле­ді.
32
Ла­зер­лік те­ра­пия
Ас­пап­ты рә­сім, тін­ді ла­зер­лік сәу­ле­лен­ді­ру­ге негіз­дел­ген. Ла­зер­лік сәу­ле­нің ин­тен­сив­ті­гіне бай­ла­ны­сты сти­му­ля­ци­а­ла­у­шы, де­струк­тив­ті, ко­а­гу­ля­ци­я­ла­у­шы және т.б. эф­фект­тер пай­да­ла­ны­ла­ды.
33
Лим­фод­ре­наж
Көл­де­нең – жо­лақ­ты бұл­шы­қет­ке тө­мен жи­і­лік­те­гі ауы­спа­лы по­ляр­лы ин­тер­фе­рен­ци­а­лық ток­тың әсер етуі.
34
Ри­до­лиз
Әжім­дер­ді ас­пап­ты түр­де ем­деу рә­сі­мі. Тө­мен жи­і­лік­ті мо­дуль­де­у­ші (50-200 Гц) және ине се­кіл­ді элек­трод­тар­мен бе­рі­ле­тін Жо­ға­ры жи­і­лік­ті электр то­ғы (6000 Гц) кө­ме­гі­мен, дер­ма қа­ба­ты­на ен­гі­зу.
35
Элек­тро­мио­сти­му­ля­ция
Бұл­шы­қет­тің атро­фи­я­сы және босаң­с­уы, те­рі тур­го­ры­ның тө­мен­де­уі, ар­тық сал­мақ­ты азай­ту­да қол­да­ны­ла­тын ем.
36
Элек­тро­по­лиз
Ней­трал­ды май­ла­ры бар адипо­зо­цит­тер­ді элек­тр­лік ток­пен ажы­ра­та­тын ас­пап­ты рә­сім. Элек­трод­тар те­рі­нің үсті­нен неме­се те­рі­і­ші­лік бо­луы мүм­кін. Цел­люлит­ті ем­де­уде қол­да­ны­ла­ды.

125 Бактерицидтік қондырғыны тіркеу, бақылау журналының үлгісі және оны жүргізу тәртібі

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне
4-қосымша
Бактерицидтік қондырғыны тіркеу, бақылау журналының үлгісі және оны жүргізу тәртібі
Үй-жай­дың ата­уы мен ау­ма­ғы /м2
Қон­дыр­ғы­ның нө­мі­рі мен ор­на­ла­сты­ру ор­ны
Бак­те­ри­цид­ті қон­дыр­ғы­ның нө­мі­рі мен ұста­лым­ға бе­рі­л­ген акт кү­ні
За­рар­сыздан­ды­ру жүй­е­сі
За­рар­сыздан­ды­ру объ­ек­ті­сі
За­рар­сыздан­ды­ру шар­тта­ры (адам­дар бар болған­да/жоқ болған­да)
Сәу­ле­нің ұз­ақ­тығы мен за­рар­сыздан­ды­ру шар­тта­ры (үзі­ліс­сіз неме­се қы­сқа мер­зім­ді-қай­та­ла­ну ре­жим­мен сәу­ле­лен­ді­ру)
Ке­піл­де­ме­лік сақ­тау мер­зі­мі
Шам­ды ауы­сты­ру мер­зі­мі (анық­тал­ған мер­зім­ге дей­ін қыз­мет­тен шы­ғуы)

Қолданыстағы