Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями

Қаулы · № 108 · қабылданған 15.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54491/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении форм представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями Күшін жойған Қаулы ·№ 108 ·15.07.2010
23.09.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями

Күшін жойған Қаулы ·№ 108 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями
Атауы (қаз.)
Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
108
Қабылданған күні
15.07.2010
Көрсетілген редакция
23.09.2013 AI54491_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006423_
ЭКБ идентификаторы
54491
Редакция идентификаторы
AI54491_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:47

0 Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 8 тармағының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандары (бұдан әрі – нысандар) бекiтiлсiн.

2

2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылып отырған деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысандарды электрондық тасымалдауышта ұсынады.
Банктер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұрату алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей нысандарды қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Электронды тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банк басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

3 3. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмiлелерi туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекiту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 тіркелген) қаулысы;
Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) қаулысының 21-тармағы;
Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387) тіркелген қаулысы.

4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

6 6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 108 қаулысының
1-қосымшасы
1-нысан

Тұл­ға­ның ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Биз­нес сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi (заң­ды тұл­ға үшiн), же­ке сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi (же­ке тұл­ға үшiн) неме­се са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­ке­лу нө­мiрi
Тұл­ға­ның ре­зи­дент­ті­гі
Тұл­ға­ның банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға жат­қы­зы­л­ған бел­гі­сі
Мәмі­ле­нің мақ­са­ты
Опе­ра­ция тү­рі
Ва­лю­та тү­рі
Шарт бой­ын­ша мәмі­ле со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Шар­ттың жа­са­лу кү­ні (та­лап­та­рын орын­дай ба­с­та­ған күн)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1. За­ем­дар бе­ру
Жиын­тығы
2. За­ем­дар алу
Жиын­тығы
3. Де­по­зит­ті ор­на­ла­сты­ру
Жиын­тығы
4. Де­по­зит­ті қа­был­дау
Жиын­тығы
5. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар шы­ғар­ған қар­жы құ­рал­да­рын са­тып алу
Жиын­тығы
6. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­дан ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу (банк­ке қар­сы агент­тi анық­та­у­ға мүм­кiн­дiк бер­мей­тiн тәс­iл­дер­мен ұй­ым­дас­қан на­рық­та жа­сал­ған мәмiле­лер­ді қо­с­па­ған­да)
Жиын­тығы
7. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­ға ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­ту (банк­ке қар­сы агент­тi анық­та­у­ға мүм­кiн­дiк бер­мей­тiн тәс­iл­дер­мен ұй­ым­дас­қан на­рық­та жа­сал­ған мәмiле­лер­ді қо­с­па­ған­да)
Жиын­тығы
8. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­дан қай­та са­ту та­лап­та­ры­мен ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу (банк­ке қар­сы агент­тi анық­та­у­ға мүм­кiн­дiк бер­мей­тiн тәс­iл­дер­мен ұй­ым­дас­қан на­рық­та жа­сал­ған мәмiле­лер­ді қо­с­па­ған­да)
Жиын­тығы
9. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­ға қай­та са­тып алу та­лап­та­ры­мен ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­ту (банк­ке қар­сы агент­тi анық­та­у­ға мүм­кiн­дiк бер­мей­тiн тәс­iл­дер­мен ұй­ым­дас­қан на­рық­та жа­сал­ған мәмiле­лер­ді қо­с­па­ған­да)
Жиын­тығы
10. Туын­ды қар­жы құ­рал­да­рын са­тып алу
Жиын­тығы
11. Туын­ды қар­жы құ­рал­да­рын са­ту
Жиын­тығы
12. Ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алу (спот, фор­вард)
Жиын­тығы
13. Ше­тел ва­лю­та­сын са­ту (спот, фор­вард)
Жиын­тығы
14. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­дан қа­был­дан­ған рет­тел­ген бо­рыш
Жиын­тығы
15. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға бе­рі­л­ген рет­тел­ген бо­рыш
Жиын­тығы
16. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­дан мү­лік­ті са­тып алу
Жиын­тығы
17. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­дан мү­лік­ті ке­пі­л­ге қа­был­дау
Жиын­тығы
18. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға мү­лік­ті са­ту
Жиын­тығы
19. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар шы­ғар­ған қар­жы құ­рал­да­рын ке­пі­л­ге қа­был­дау
Жиын­тығы
20. Банк­тің банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға бо­ла­шақ та­ла­бы
Жиын­тығы
21. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ның пай­да­сы­на бе­рі­л­ген ке­піл­дік­тер
Жиын­тығы
22. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­дан ке­піл­дік­тер­ді қа­был­дау
Жиын­тығы
23. Банк­тің банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­м­ен жа­сал­ған сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры бой­ын­ша тө­ле­ген сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры (жар­на­ла­ры)
Жиын­тығы
24. Банк­тің банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­нан ал­ған сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­рі
Жиын­тығы
26. Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­дан алын­ған ак­кре­ди­тив­тер
Жиын­тығы
27. Мәмі­ле­лер­дің өзге де түр­ле­рі (көр­се­ті­луі жо­ға­ры­да көз­дел­ме­ген мәмі­ле­лер)
Жиын­тығы
Бар­лы­ғы
кестенің жалғасы
Шарт қол­да­ны­луы­ның аяқ­та­лу кү­ні (та­лап­та­рын орын­да­уды аяқ­тау кү­ні)
Шарт та­лап­та­ры бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету
Есеп­тел­ген сый­а­қы (жыл­дық пай­ы­з­бен)
тү­рі
құ­ны (мың тең­ге­мен)
Қай­та ба­ға­ла­уды ес­кер­ген­де­гі қам­та­ма­сыз ету­дің ағым­да­ғы құ­ны (мың тең­ге­мен)
Бал­мен есеп­те­ген­де қам­та­ма­сыз ету­дің са­па­сы
банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ның банк­тің пай­да­сы­на
банк­тің банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ның пай­да­сы­на
банк­тің іш­кі құ­жат­та­ры­на сәй­кес
11
12
13
14
15
16
17
18
кестенің жалғасы
Есеп­ті күн­ге ағым­да­ғы қал­дық
Жік­те­лу са­на­ты
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­на сәй­кес құ­ры­л­ған про­ви­зи­я­лар со­ма­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес құ­ры­л­ған про­ви­зи­я­лар со­ма­сы
Банк­тің ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі не ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­лы­сы (ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі бол­ма­ған жағ­дай­да) ше­ші­мі­нің де­ректе­ме­ле­рі
Есеп­тел­ген кі­рі­стер/шы­ғы­стар
Ес­кер­ту
Со­ма­сы (мың тең­ге­мен
Ба­лан­стық шот)
Со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Ба­лан­стық шот
19
20
21
22
23
24
25
26
27
Банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы жиынтығында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының мөлшерінен 0,001 пайыз аспайтын, банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелерінің жалпы сомасы 201 _____ жылғы "___"
____ жағдай бойынша __________ мың теңге болады.
Банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымында сақтандырылған клиенттері заемдарының жалпы сомасы есепті күндегі жағдай бойынша
__________ мың теңге болады.
Банк банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға есепті кезең ішінде жеңілдік берілген талаптардың ұсынылмағанын және банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен осы ақпаратта көрсетілгендерді қоспағанда басқа мәмілелер жүзеге асырылмағандығын растайды.
Бірінші басшы (ол жоқ болған _____________ Бас бухгалтер ____________
кезеңде - оның орнындағы тұлға)
Орындаушы: ______________                  Мөрге арналған орын:
Кестені толтыру бойынша нұсқаулар:

1

1) кестеде тиісті есепті күндегі жағдай бойынша банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы жиынтығында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының мөлшерінен 0,001 пайыз асатын, банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған барлық мәмілелері туралы, оның ішінде кестеде көрсетілген мәмілелер (бірақ олармен шектелместен) туралы мәліметтер көрсетіледі;

2 2) егер мәміле талаптарында қамтамасыз етудің болуы, сыйақы төлеу немесе провизияларды есептеу болжанбайтын болса, онда 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 22, 23-бағандар толтырылмауы тиіс;

3 3) 2-бағанда жеке тұлға үшін тегі, аты міндетті түрде, әкесінің аты - бар болғанда көрсетіледі;

4

4) 15-бағанда баллмен есептегенде қамтамасыз етудің сапасы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес бағаланады;

5 5) 25-бағанда ағымдағы жылдың басынан бастап жинақталған, есептелген кіріс/шығыс сомасы көрсетіледі;

6 6) "23. Банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша төлеген сақтандыру сыйлықақылары (жарналары)» деген жол бойынша 9-бағанда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы көрсетіледі.

2 201 __ жылғы "__" ______ жағдай бойынша ____________ (банк атауы) банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімі

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 108 қаулысының
2-қосымшасы
2-нысан
201 __ жылғы "__" ______ жағдай бойынша ____________ (банк атауы) банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімі

Биз­нес-сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi (заң­ды тұл­ға үшiн), же­ке сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi (же­ке тұл­ға үшiн) неме­се са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­ке­лу нө­мiрi
Тұл­ға­ның ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Тұл­ға­ның банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға жат­қы­зы­л­ған бел­гі­сі
1
2
3
4
Бірінші басшы (ол жоқ болған
кезеңде – оның орнындағы тұлға)      ________________________
Бас бухгалтер                        ________________________
Орындаушы:                           ________________________
Мөрге арналған орын:

Қолданыстағы