Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам"

Бұйрық · № 577 · қабылданған 30.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54492/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам" Күшін жойған Бұйрық ·№ 577 ·30.07.2010
18.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 577 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам"
Атауы (қаз.)
"Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
577
Қабылданған күні
30.07.2010
Көрсетілген редакция
18.05.2012 AI54492_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006433_
ЭКБ идентификаторы
54492
Редакция идентификаторы
AI54492_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:38

0 "Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармақтың 5) тармақшасына және 145-бабының 5) және 19)тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4

4. «Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 838 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3320 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 28 қазанда № 135-136 (760) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі
№ 577 бұйрығымен бекітілген
«Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрi - санитариялық ереже) қызметi балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаруға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.

Санитариялық ереже мыналарға: пиротехникалық ойыншықтарға, ұратын капсулалары бар (балалар ойынына арналған пистондарды қоспағанда) фейерверктерге, шырша әшекейлеріне, iштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенир бұйымдарға, бас қатырғыштарға, пневматикалық мылтықтар мен тапаншаларға, тас атқыштар мен катапульттерге, метал ұштығы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 миллиметр (бұдан әрi - мм) биiктiктегі велосипедтерге, балаларға арналған әшекейлерге, желіден қуаттанатын ойыншықтарға қолданылмайды.

2 2. Жеке және заңды тұлғалар осы санитариялық ереженiң талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

3 3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1 1) балалар ойындары мен ойыншықтары - табиғи және полимер материалдардан дайындалған балалар ассортименті тауарлары;

2 2) балл - ойыншық иiсiнiң деңгейiн сипаттайтын бiрлiк;

3 3) көшу қабiлетi - ойыншық бетінен бастапқы шикiзаттың рецептурасына кiретiн химиялық заттардың бөлiну мүмкіндігі;

4 4) пайдаланудың үлгіленген жағдайлары - табиғи жағдайға жақын, жасанды жасалған микроклиматтық жағдайлар;

5 5) табиғи материалдар - балалар ойындары мен ойыншықтарын дайындауға пайдаланылатын шығу тегі өсiмдiктер, табиғат және жануарлар болатын материалдар;

6 6) сiңiру қабiлетi - балалар кiтаптарындағы баспа бояуының бекітілу бекемдігі дәрежесінің көрсеткiшi;

7 7) синтетикалық (полимер) материалдар - таскөмiр, мұнай және табиғи газды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын синтетикалық жоғары молекулярлық қосындылардан алынатын материалдар.

2 2. Ойыншықтардың, шикiзаттар мен материалдардың қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4 4. Ойыншықтардың қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс.

Ойыншықтар дайындауға рұқсат етiлген шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi осы санитариялық ережеге 1-қосымшада келтірілген. Ойыншықтар дайындау үшін қолдануға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар тiзбесі осы санитариялық ережеге 2-қосымшада келтірілген.

5

5. Ойыншықтар дайындау үшiн балалар ойыншықтарын дайындау жөніндегі (қайталап өңдеу) ұйымдардың өндiрiстiк қалдықтарын қолдануға жол беріледі. Балалар ойыншықтарын шығару жөнінде маманданбаған басқа кәсiпорындардан түсетін өндiрiстiк қалдықтарды қолдануға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда жол беріледі.

6 6. Егер ойыншық баланың жинауына арналса, онда қолданыстағы санитариялық ереженiң талаптары бала жанасатын ойыншықтың әрбiр бөлiгiне және толығымен ойыншыққа қолданылады.

7 7. Ойыншықтар өндірісінде ескі-құсқыны қолдануға жол берілмейді. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтарды шығарған кезде табиғи теріні, былғарыны, шыныны, түкті резеңкені, картонды, қағазды қолдануға жол берілмейді.

8 8. Ерінмен жанасуға арналған әуендi ойыншықтардың сылдырлауықтары мен бөлшектері ылғал мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан дайындалуы тиіс.

3 3. Ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

9 9. Барлық өндiрiлетiн, әкелiнетiн және сатылатын балалар ойындары мен ойыншықтары міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға жатады.

10 10. Ойыншықтардың барлық түрiлерінiң иiс деңгейлері екі баллдан аспауы тиіс.

11 11. Ойыншықтардың сәндік немесе қорғаныш жабындары сiлекейдiң, тердiң және ылғалдың әсеріне төзiмдi болуы тиіс.

12 12. Ойыншық шығаратын дыбыстың деңгейi мынадан жоғары болмауы тиіс:

1 1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтарда – 65 децибелл (бұдан әрi - дБА) (күйіне келтірілген әуенді ойыншықтардан, үрмелi және дабылды аспаптардан басқа);

2 2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтарда – 75 дБА;

3 3) ойын сәтi (бiр рет ату) ретінде қарқынды шу пайдаланылатын ойыншықтарды – 95 дБА.

13 13. Үстел үстiне қойып басатын ойындарда мәтiн фон үшін қарама-қарсы түспен жазылуы тиіс. Сандық және әрiптік белгілердің түсі қара немесе қара бедерлi болуы тиіс.

Фонның оңтайлы түстерi мыналар: көгiлдiр, жасыл, сарғыш-жасыл, сары, қызыл сары болуы тиіс. Үстел үстiне қойып басатын ойындарындағы қағаздар мен картондардағы бояулар жағылмауы және қолға, жиhазға дақ болып жағылмауы тиіс.

14 14. Үстел үстiне қойып басатын ойындардағы мәтiн әрiптерiнiң биiктiгi 10 жасқа дейiнгi балалар үшiн кемінде 2,3 мм, 10 жастан жоғары балалар үшiн кемінде 1,75 мм болуы тиіс.

15 15. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын бөлшектерi кемінде 31,7 мм болуы және өлшемдерді анықтау үшін цилиндрге толық кiрмеуi тиіс. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi мықты бекiтiлген болуы және үшкiр бұрыштары болмауы тиіс.

16 16. Баланың ернімен жанасуға арналған ойыншықтардың (ысқырғыш, сырнай және осыған ұқсас өнiмдер) ауаны 10 паскаль (бұдан әрi - кПа) қысыммен кезекпен сорғанда және үрлегенде бөлiнетiн бөлшектері болмауы тиіс.

17

17. Бесiкке, балалардың төсегiне немесе арбасына пайдалануға арналған ойыншықтардың бауының ұзындығы 300 мм аспауы, ал iлмегiнің периметрiнiң ұзындығы - 350 мм-ден аспауы тиіс. 25 Ньютон (бұдан әрi - Н) күшпен тартқан кезде оралымды баудың ұзындығы 750 мм-ден аспауы тиіс, бұл ретте созылған баудың ұзындығы баудың еркін қалпындағы ұзындығынан 40%-ға аспауы тиіс.

18 18. Ойыншықтардың бауларында жылжымалы ілмек құруға қабілетті жылжымалы түйiндері немесе сусымалы iлмектері болмауы тиіс. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар бауларының диаметрi кемінде 2 мм болуы және соңында шар тәрiздi тұтқасы болуы тиіс.

19

19. Балалар сыйатын және есiгi бар ойыншықтар (ойыншық палаткалар, вигвамдар және басқалары) сыртқа кемінде 50 H күшпен ашылуы және есiгi жабық болған жағдайда желдетуді қамтамасыз ету үшін ойықтары, тесіктері болуы тиіс. Түймелердi, сыдырмаларды немесе осыған ұқсас ілгектерді қолдануға жол берілмейді.

20 20. Сылдырлауықтар соққыға төзiмдi болуы, сұйықтықпен толтырылған ойыншықтар герметикалық болуы тиіс.

21 21. Ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабын сiлекейге, терге және ылғалға төзiмдi болуы тиіс. Сылдырлауықтардың бетiн бояуға және жазу жазуға жол берілмейді.

22

22. Полимер және басқа да синтетикалық материалдардан, қағаздан, картоннан, матадан, ағаштан, теріден, резеңкеден, металлдардан дайындалған ойыншықтардан, материалдардан (пластилиннен, балшықтан, гелден), бояулардан, лактан, әшекей жасауға арналған ұнтақтардан, қарындаштағы графиттен, қаламдағы сиялардан зиянды заттардың бөлiнуі тағам өнiмдерi және орталармен жанасатын материалдар мен бұйымдарға арналған рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.

23 23. Балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаратын объект баланың денсаулығы үшін қауiпсіз өнім шығаруға кепілдік беруі және өнiмнiң сапасы мен қауіпсіздігін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен сертификаттың болуымен растауы тиіс.

24 24. Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында ойыншықтар арналған балалардың жасы көрсетiледі:

1 1) бiр жасқа дейiн (жас сәбилер);

2 2) бiр жастан 3 жасқа дейiн (бөбектер);

3 3) 3 жастан 6 жасқа дейiн (мектеп жасына дейiнгi балалар);

4 4) 6 жастан 10 жасқа дейiн (бастауыш сыныптағы);

5 5) 10 жастан 14 жасқа дейiн (орта сынып жасындағы).

25 25. Ойыншықтарды дайындауға және сатуға байланысты қызметкерлер жұмысқа кірер алдында және кейіннен мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.

26 26. Сатушы мен сатып алушыға балалардың ернімен жанасуға арналған ойыншықтарды көрсеткен кезде оларды ауыздарына салуға жол берілмейді. Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы тиіс.

27

27. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (зерттеу) үшiн: өнiмге нормативтiк техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiлері (кемінде 3 дана) және қолданылатын материалдардың рецептурасы ұсынылуы тиіс. Құжаттардың үлгiлері мен көшiрмелері қайтарып берiлмейдi. Ойыншықтардағы ауыр металдардың болу нормалары осы санитариялық ережеге 3-қосымшада көрсетiлген.

28 28. Осы санитариялық ережеге сәйкес келмейтiн ойыншықтар анықталған кезде «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңында белгіленген тәртіппен оларды шығаруға және сатуға жол берілмейді (тоқтатылады).

54 Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi

« Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитариялық-гигиеналық
талаптар» туралы санитариялық
ережелерге 1-қосымша
Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi
Ши­кi­заттар және ма­те­ри­ал­дар­дың ата­у­ла­ры
Нор­ма­тив­тік құ­жат­тар
1. ПCК-111, ПCM-115, ПСМ-118, ПCM-151 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
ТЖ 6-05-1871-79
2. ПСС-500 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
ТЖ 6-05-190-1-81
3. Тө­мен­гi қы­сым­ды: 272-74, 276-73, 277-73, 72 бел­гiсiн­де­гi по­ли­эти­лен (та­ғам өнiм­дерiнiң бар­лық түрiне қол­да­ны­лу­ға ар­нал­ған)
ТЖ 6-05-1870-84
4. 11104-030, 11306-075 бел­гiсiн­де­гi со­ви­лен (ви­нил­аце­та­ты бар по­ли­мер­лес пи­лен)
ТЖ 6-05-1636-78
5. УП-457 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Юго­сла­вия
6. УП-"Нор­со­лор" по­ли­сти­ро­лы
Фран­ция
7. "POLYREX" бел­гi­сін­де­гi по­ли­сти­рол
"СН/МЕ JNDLISTR JAZ СО"
8. По­ли­сти­рол
"DОW", Швей­ца­рия
9. По­ли­сти­рол
"До­ку", Юго­сла­вия
10. "Scopyrol PS-C5 16" бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Гер­ма­ния
11. "Лит­вин" фир­ма­сы­ның ак­ра­вак­сы
Фран­ция
12. АБС-МО602Л пла­сти­гi
ТЖ 6-05-2022-86
13. "Gedex" бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Фран­ция
14. Ви­ни­ли­стен жа­сал­ған бы­л­ға­ры
ТЖ 17-21-475-83
15. Соқ­қы­ға тө­зім­ді УПC-0508 Л по­ли­сти­ро­лы
ОСТ 6-05-406-80
16. УПС-225 Д по­ли­сти­ро­лы
ТЖ 6-05-1901-81
17. 368 Р бел­гi­сін­де­гi по­ли­мер­лес Лу­ран
"БАСФ", Гер­ма­ния
18. 790, 867 E бел­гiсiн­де­гi по­ли­мер­лес Тай­лир
"Дау Ке­ми­кл", АҚШ
19. 747C (қы­зыл тү­стi) тип­тi АВС пла­сти­гi, "маг­нум" 2020 бел­гiсiн­де­гi сұр, ақ, пiл сүй­е­гi, «стай­лак»-қы­зыл са­ры 6575561
"DОW", Швей­ца­рия
20. 2%-ды СЗЛ пе­но­кон бел­гiсiн­де­гi кө­пiр­шiк ту­ды­ра­тын по­ли­сти­рол
ТЖ 6-05-22 1-240-25
21. ПВХ - "Ско­ви­нил" PVC-684 бел­гiсiн­де­гi пла­сти­золь
Гер­ма­ния (VЕВ ком­би­на­ты, Хи­ми-вер­ке. Ви­та)
22. "Син­те­рал" бел­гiсiн­де­гi АБС пла­сти­гi
Ита­лия
23. "EDJSTJR" по­ли­сти­ро­лы
Е.Е.С Montepozimeri gruppo montedi SОLL
24. "Со­де­тег" фир­ма­сы­ның тех­но­ло­гия бой­ын­ша 071, 201 бел­гiсiн­де­гi по­ли­вил­хло­рид (ба­ла­лар­дың кон­сервi та­ғам­да­ры­ның шы­ны бан­кiсiне ар­нал­ған қақ­пақ­тар)
Фран­ция
25. Да­крил 2М
МЕМСТ 6-01-38-81
26. 15203-020 бел­гiсiн­де­гi ВД по­ли­эти­ленi
МЕМСТ 16337-77
27. 277-73 бел­гiсiн­де­гi НД по­ли­эти­ленi
ТЖ 6-05-1570-84
28. 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 279, 222, 224 бел­гiсiн­де­гi по­ли­мер­леу бой­ын­ша га­зо­фаз­ды әдiсiнiң тө­мен­гi ДВП по­ли­эти­ленi (та­ғам өнер­к­әс­iбiн­де қол­да­ну­ға рұқ­сат етiл­ген по­ли­о­ле­фин құ­ра­мын­да­ғы ан­ти­ок­си­дант­тар­мен тұ­рақ­тан­ды­ры­л­ған)
ТЖ 6-05-1870-84
29. УПС-080 1 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
МЕМСТ 6-05-4406-20
30. Соқ­қы­ға тө­зiм­дi: SB-E, SB-NE бел­гiлерiн­де­гi және жал­пы­лай қол­да­ну­ға ар­нал­ған РS-S бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
"Stumer Oy" Жа­по­ния
31. 2710 бел­гiсiн­де­гi соқ­қы­ға тө­зiм­дi по­ли­сти­рол
"БАСФ", Гер­ма­ния
32. "Мо­слен" бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Че­хо­сло­ва­кия
33. Мөл­дiр және ақ тү­стi "Мо­стен", қы­зыл тү­стi "Мо­стен" бел­гiсiн­детi по­ли­про­пи­лен
Че­хо­сло­ва­кия
34. Жа­сыл, қы­зыл және са­ры тү­стi "Моп­лен" бел­гiсiн­де­гi по­ли­про­пи­лен
Ита­лия
35. "Ка­сти­лен M240" бел­гiсiн­де­гi по­ли­про­пи­лен
Ита­лия
36. Тө­мен қы­сым­ды "Пе­ке­ма" бел­гiсiн­де­гi по­ли­эти­лен
Фин­лян­дия
37. ДМД8-5 140 бел­гiсiн­де­гi тө­мен қы­сым­ды по­ли­эти­лен
38. "Хо­сти­лен" РР УР 1080 бел­гiсiн­де­гi по­ли­про­пи­лен
"XexcT" Гер­ма­ния
39. По­ли­ви­нил­хло­рид­тi үл­дiр
"Ка­не­ка Beлд-жим", Бель­гия
40. По­ли­ви­нил­хло­рид­тi үл­дiр
"Джон Вэд­динг тон", Ан­глия
41 ЕР-Х бел­гiсiн­де­гi пе­но­по­ли­сти­рол
"Cumep Oy" Фин­лян­дия
42. 466-Z бел­гiсiн­де­гi соқ­қы­ға тө­зiм­дi по­ли­сти­рол
"БАСФ", Гер­ма­ния
43. Қап­тал­ған алю­ми­ний фоль­га (фоль­га-по­ли­эти­лен)
"Ло­исT ПасT", Ан­глия: "Ри­бер и сын", Швей­ца­рия
44. "Ком­би­терм-РА", "Ком­би­терм HXX" және "Ва­ло­пласт" үл­дiрi
"Валь­сро­де" Гер­ма­ния
45. 281-73, 281-75, 187-75, 291-73 (ТУ 6-05-05-285-86) бел­гiсiн­де­гi HД по­ли­эти­ленi
ТЖ 6-05-1899-90
46. Д-23кс бел­гiсiн­де­гi ПВХ пла­сти­ка­ны
47. Meтал­ло­пласт­қа ар­нал­ған уыт­сыз по­ли­ви­нил­хло­рид­тi үл­дiр (ме­тал­дан жа­сал­ған ой­ын­шық­тар­дың бетiн қап­та­у­ға ар­нал­ған)
ТЖ 6-01-998-75
48. Соқ­қы­ға тө­зiм­дi УПМ 0503Л, УПМ 0508, 0503, УПС 0803 по­ли­сти­рол
МЕМСТ 6-05-406-80
49. Кө­лем­дi ой­ын­шық­тар­ға ар­нал­ған (соқ­қы­ға тө­зiм­дi сти­рол, ме­тил­ме­та­кри­лат және по­ли­бу­та­ди­ен­дi көк са­ғыз по­ли­мер­лес) МСП пла­стик
TЖ 6-05-626-76
50. С бел­гiсiн­де­гi сти­рол, ак­ри­ло­нит­ры және ме­тил­ме­та­кри­лат по­ли­мер­лес
МЕМСТ 12271-76
51. АБС-М пла­сти­гi (ере­сек ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ой­ын­шық­тар­ды жа­сап шы­ға­ру кезiн­де)
ТЖ 6-05-1587-74
52. 17703-010 бел­гiсiн­де­гi, 10803-020, 10313-11513-070, 15712.20 бел­гiлерiн­де­гi ВД по­ли­эти­лен
МЕМСТ 16337.77
53. 20908-040 бел­гiсiн­де­гi (01, 04, 17, 21 ре­цеп­ту­ра­ла­рын­да­ғы) 20508-007 бел­гiсiн­де­гi (01, 04, 17, 21)
МЕМСТ 16338-77
54. Ф-1 Фтор­ло­ны
ТЖ 6-05-559-74
55. № 107 10706-075 бел­гiсiн­де­гi ви­нил­аце­та­ты бар по­ли­мер­лес эти­лен
ТЖ 6-05-1636-73
56. "Styroa" бел­гi­сін­де­гi по­ли­сти­рол
Швей­ца­рия
57. "Аст­ро­лон" бел­гiсiн­де­гi ви­ни­про­за
Гер­ма­ния
58. "Gedex" бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Фран­ция
59. "у" бел­гiсiн­де­гi (7Д. эти­ленi негiзiн­де жа­сал­ған MEMCT-16337-77), 10803-020, 15303-003 бел­гiлерiн­де­гi ыстық­ты түсiретiн по­ли­эти­лен­дi үл­дір
ТЖ 6-05-051-79-74
60. ВУ, У-1, У-2 бел­гiсiн­де­гi по­ли­ви­нил­хло­рид­тi "По­ви­ден" қап­та­ма­лы үл­дiр
ТЖ 6-01-1036-76
61. П-73­ЭМ. П-73­ЭM1, ЭП-73 ре­цеп­ту­ра­сын­да­ғы "По­ли­ви­нил­хло­рид" үл­дір
ТЖ 6-01-1009-75
62. По­ли­эти­лен­по­ли­амид үл­дiрi (ПЭ-ПА)
ТЖ 6-05-051-121-77
63. Бiр жақ бетi (нит­ро­лак­пен) бо­я­л­ған це­ло­фан фоль­гa-по­ли­эти­лен (Ц-Ф-ПЭ)
ТЖ 6-17-051-289-80
64. "Дау Ке­ми­кал" фир­ма­сы­ның 455 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Юго­сла­вия
65. "Фи­на" фир­ма­сы­ның 82 E по­ли­сти­ро­лы
Фин­лян­дия
66. Ре­цеп­ту­ра­ның пиг­мент­терi мен бо­я­ғыш заттар­дың жо­ғар­ғы қа­нық­па­ла­ры: 001, 002, 108, 138, 129, 307, 308, 410, 407, 474, 504, 505, 506, 508, 510, 512, 524, 557, 601, 701, 705, 706, 709, 714, 715, 716, 801, 803, 805, 806, 899, 900, 902, П-202, П-404, П-502, П-503, П-507, П-704, П-804
ТЖ 6-05-1980-84
67. Қо­ңыр эмаль (ЭСП-210 фрит­та негiзiн­де жа­сал­ған)
МЕМСТ 24405-80
68. RR-2 белi­гiсiн­де­гi фин­дiк пиг­мент­тi ти­тан­ның қос то­тығы
69. Кем де­ген­де 5% бо­ла­тын СКП-118, 119, 805, 710, СКП-105, 501, 503, CКП-716, 717 бел­гiлерiн­де­гi (мас­са­да­ғы НД және ВД по­ли­эти­ленiн бо­яу үшiн) пиг­мент­тер­дiң жо­ғар­ғы қа­нық­па­ла­ры
ТЖ 6-05-223-86,
ТЖ 6-05-149-81,
ТЖ 6-05-05-292-87
70. 501 ре­цеп­ту­ра­сын­да­ғы пиг­мент­тер­дiң жо­ғар­ғы қа­нық­па­сы (кө­гiл­дiр фта­ло­ци­а­нин­дi 0,7%-ды пиг­мент, ти­тан­ның қос то­тығы - 38,9%, ПСС-500 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол - 24%, ГЭК (ал­кан - 120) - 36,4% (по­ли­сти­рол­ды бо­я­у­ға ар­нал­ған)
71. Ақ СКП 001, қы­зыл СКП 102 және 100, СКП 802 сұр, СКП қа­ра (по­ли­про­пи­лен­дер­дi бо­я­у­ға ар­нал­ған) пиг­мент­тер­дiң жо­ғар­ғы қа­нық­па­сы
72. Жо­ғар­ғы қа­нық­па­лы пиг­мент­тер құ­ра­мын­да­ғы (по­ли­сти­рол­ды пла­стиктер­дi бо­я­у­ға ар­нал­ған) шай­ыр­шық­тың гли­це­рин­дi эфи­рi (ал­кал-120)
73. Пиг­мент­тер­дiң жо­ға­ры қа­нық­па­ла­ры:
СКП 001. СКП 103. СКП 802. СКП 901.СКП 102. СКП 503. СКП 204.
ТЖ 6-05-149-81
74. Пиг­мент­тер­дiң жо­ға­ры қа­нық­па­ла­ры-мо­ле­ку­ла­сы тө­мен по­ли­эти­лен­дi ба­ла­у­ы­з­бен пиг­мент­тер­дiң қо­спа­сы 1:1 еселi­гiн­де рұқ­сат етiлетiн
75. МЧ-52 лак
ТЖ 6-10-767-80
76. Ти­тан­ның қос то­тығы
МЕМСТ 98-8-80
77. Те­мiр то­тық­ты қы­зыл пиг­мент
TЖ 6-10-602-77
78. Са­ры крон
МЕМСТ 478-80
79. СК ла­ғыл ла­гы
МЕМСТ 7436-74
80. НЦ 218, НЦ 224 нит­ро­ла­гы
MEMCT 4776-76
81. Нит­ро­э­маль­дар
MEMCT 5406-73
82. 646 ерiт­кi­шi
МЕМСТ 18168-72
83. Май ерi­тетiн са­ры Ж, май ерi­тетiн қы­зыл Ж, Ии 218 нит­ро­ла­гы бо­я­ғы­штар­дың негiзiн­де­гi бо­я­у­лар
ТЖ 6-14-ДХ-75, ТЖ 6-14-716-76, МЕМСТ 4976-76
84. "Ви­ни­лин" бел­гiсiн­де­гi бо­я­у­лар
"Са­до­лин" Фин­лян­дия
85. ТПХВ бо­я­у­ла­ры
TЖ 29-02-888-79
86. По­ли­ви­нил­хло­рид­ті ПBX-716 ұн­тақ­ты бо­я­уы
ТЖ 6-10-1706
87. МЛ 242 эмалi
MEMCТ 10982-75
88. ФЛ-559 (3-30-59) ла­гы
МЕМСТ 4147-80
89. ЭП-527Х ла­гы
ТЖ 6-10-12.16.82.
90. Қал­быр­да­ғы ЭП-547 ла­гы
ТЖ 6-10-1395-73
91. ЭП 547 М ла­гы
ТЖ 6-10-12-38-78
92. ЭП-547/ЭП-51 95/ФЛ/-559; ЭП-547/ЭП-51 47 ал/ ФЛ-559; ЭП-51-47 ал/ФЛ-559
ТЖ 6-10-1395-73.
ТЖ 6-10-11-351-6-80.
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-1498-75
93. ЭП-5147 ал эмалi; ЭП-547. ЭП-547M; ФЛ-559; ЭП-527Х лак­та­ры (эмаль мен лак­тар­дың үй­лесi­мiн бiр неме­се екi қа­бат)
ТЖ 6-10-1498-75,
ТЖ 6-10-1395-73,
ТЖ 6-10-12-38-78
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-11-335-6-79
94. ЭСП-117 (СТ-17) си­ли­кат­ты эмаль
МЕМСТ 24405-80
95. Шы­ны тәрiздi БС-20 са­ры және жа­сыл эмалi
96. 25, 54, Э-1; 2ОН, 92Т, 105T, 301-3, 25-32, 25-32Л бел­гiсiн­де­гi шы­ны эмаль­да­ры
ТЖ 26-01-149-78
ТЖ 26-01-461-72
97. ЭСГ-21 (СГ-21Л), ЭСП 117 (CT-17), CГ-21 бел­гi­де­гi эмаль­дар
MEMCT 2440580
98. Т-174 және У-21 бел­гiсiн­де­гi эмаль­дар
99. В-ЭП-2100 эмалi
TЖ 6-10-1502-79
100. ЖБ қы­зыл ла­гы (ДКМ-0,5 мг/л)
МЕМСТ 8573-77
101. 2020-33 се­ри­я­сы­ның те­мiр­ден жа­сал­ған ой­ын­шық­тар­ды бо­я­у­ға ар­нал­ған бо­я­уы
ТУ 29-02-872-79
102. 12000-12000-331, 12000-531. 12000-01 (қа­ңы­л­тыр­дың бетiне ба­су үшiн) се­ри­я­сын­да­ғы оф­сет­тi бо­я­у­лар
ТЖ 29.02.851-78
103. Май ері­тетiн ин­ду­лин (пласт­мас­са­ны бо­я­у­ға ар­нал­ған) (ДКМ-1,2 мг/л)
МЕМСТ 4770-77
104. Ди­бу­тил­се­ба­ци­нат, бу­тил­сте­а­рат, диок­тил­фта­лат, мы­ры­штың сте­а­ра­ты, сте­а­рин қыш­қы­лы, каль­ци­дiң сте­а­ра­ты
МЕМСТ 8728-77
МЕМСТ 9419-78
ТЖ 6-14-722-76
105. Жо­ға­ры дә­ре­же­де та­за­лан­ған ми­не­рал­ды май­лар (ВММ) және наф­тал­ды ком­прес­сор­лы (HКM-40)
106. Уви­текс ОБ ағарт­қы­шы (0,1 % ас­пай­тын мөл­шер­де пла­ста­мас­са­лар­дың ком­по­зи­ци­я­ла­ры­на ен­гiзiледi)
107. Син­та­мид-5 (пласт­мас­са­лар­ға ан­ти­ста­ти­ка­лық қо­с­па ретiн­де)
ТЖ 6-02-640-76
108. ФАУ-13 ста­би­ли­за­то­ры (AБC-пла­стиктерiн және по­ли­эти­лен­дi өн­дiр­ген­де қол­да­ны­ла­ды)
ТЖ 6-14-22-129-75
109. Ста­би­ли­за­тор 4-ме­тил-2,6-дит­рет­тi бу­тил­фе­нол (2,6-лық па­ра­кре­вил, бу­тил­ден­ген гид­ро­ок­си­то­лу­ол, ионол, ал­ки­фен БП, апи­дол-1)
110. Ста­фор-10 (по­ли­мер­лi ма­те­ри­ал­дар ста­би­ли­за­то­ры)
111. 52-469, 52-470, 6а-1, 6а-2, 52-446 (СКН-26 бу­та­ди­ен­нит­рил­ды син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негiзiн­де) бел­гі­сін­де­гі ре­зең­ке
112. 52-563 бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
113. 5C-2 (СКЭП эти­лен­про­пи­лен­дi син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негiзiн­де) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
114. П-4, Т-193, 1840, 1843 бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
115. T-199, 1743, 6306-VII бел­гi­сін­де­гi ре­зең­ке
116. 52-107, 52-111, 52-07а, КП-339 (ТК та­би­ғи көк­са­ғыз негiзiн­де­гi), СЛД-ЛП (бен­зин­нiң 25%-ды ерiтiн­дiсiн­де) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
117. 52-530 (СКП-26М. МЕМСТ 7738-79 бу­та­ди­ен­нит­рил­ды син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негiзiн­де) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
118. ИРП-1338 (СКТВ си­лок­сан­ды син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негiзiн­де) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
119. ИГП-1338 және ИP-1344 (СКТВ си­лок­сан­ды син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негiзiн­де) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке қо­с­па­ла­ры
120. Б-22 (TК та­би­ғи көк­са­ғыз және на­трий-бу­та­ди­ен­дi CКB син­те­ти­ка­лық көк­са­ғы­зы негiзiн­де­гi) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
121. ГTЦ-7 (бу­та­ди­ен­дi СКД син­те­ти­ка­лық көк­са­ғы­зы негiзiн­де­гi) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
122. С-482 (си­лок­сан­ды СКТВ син­те­ти­ка­лық көк­са­ғы­зы негiзiн­де­гi) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
123. Та­би­ғи ла­текстi қо­с­па ("Ре­вуль­текс", ан­ти­ок­си­дант Н-Г-22-46, ұй­ы­та­тын ка­зе­ин ам­мо­нидiң су то­тығы, су)
124. ММ-2 бел­гiсiн­де­гi бор
МЕМСТ 21-10-74
125. МТД-1 бо­ры
ТЖ 21 РСФ­СР 763-79
126. БС-30 бел­гiсiн­де­гi ақ күйе
МЕМСТ 18307-78
127. А бел­гiсiн­де­гi тальк., 1 сұ­рып­та­ғы ре­цепт
128. Ко­ре­я­лық тальк
129. ГТМ-4011, ПМО-95Н бел­гiсiн­де­гi тех­ни­ка­лық кө­мiр­те­гi
ТЖ 38-1528-77
ТУ 38-11535-77
130. ДГ-100, ПМ-75 бел­гiсiн­де­гi тех­ни­ка­лық кө­мiр­те­гi (күйе)
МЕМСТ 7885-77
131. ПМ 0-101H бел­гiсiн­де­гi тех­ни­ка­лық кө­мiр­те­гi
ТЖ 38-11-555-76
132. Этил­ци­мат­тың вул­кан­да­уын жыл­дам­дат­қыш
133. Үшiн­шi құ­ра­мы ретiн­де СКЭПТ-Э бел­гiсiн­де­гi этил­ди­е­но­бор­мен бар эти­лен про­пи­лен­дi үштiк син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз
ТЖ 38-103252-79
134. СКЭПТ-Э бел­гiсiн­де­гi эти­лен­про­пи­лен­дi син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз
135. СКЭП бел­гiсiн­де­гi эти­лен­про­пи­лен­дi син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз
ТЖ 38-103252-79
136. ПС-04 ре­зең­кесi: СКЭП-40, 50-100,0; күкiрт-0,3; пе­рок­си­мон p-40 - 6,0; бен­зой қыш­қы­лы - 2,0; үш­кө­мiр­тек П-702 - 50,0; үш кө­мiр­тек П-324-50.0; И-8А ин­ду­стри­ал­ды майы; 15,0; тө­мен мо­ле­ку­ляр­лы по­ли­эти­лен - 10,0
137. СКИ-ЗЗАМ 11 син­те­ти­ка­лық көк­са­ғы­зы
138. 52-446с бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке (CКH-26CМ - 100,0 көк­са­ғы­зы; күкiрт-1,5; Р-экс­т­ра Н вул­ка­ци­тi - 0,9; мы­рыш ақ­сыр­ла­ры - 5,0; сте­а­рин қыш­қы­лы - 0,2; үш­кө­мiр­тек ІІ-701-40,0; үш­кө­мiр­тек К-354 - 10,0; ДОФ-25; фри­гит - 10,0)
139. СКИ-5 изо­прен­дi көк­са­ғыз
140. ПС-23: CКН-40М-100.0 бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке суль­фе­на­мидi Ц-0,1: күкiрт-2,5; мы­рыш ақ­сыр­ла­ры-3,0; сте­а­рин-2,0; ка­о­лин-30,0; бен­зой қыш­қы­лы-1,0; үш­кө­мiр­тек К-354-60,0; үш­кө­мір­тек П-702-60,0; тө­мен мо­ле­ку­ляр­лы по­ли­эти­лен-10,0
141. 374 бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке СКД-ЛБС -100,0 көк­са­ғы­зы; күкiрт-2,5; күй­дiрiл­ген маг­не­зия-7,0; сте­а­рин қыш­қы­лы-2,0; үш­кө­мiр­тек ПМ-75 (ПМ-40Н)-70,0; бор - 80,0; ва­зе­лин майы -20,0
142. CКД-Л250 по­ли­бу­та­ди­ен­дi көк­са­ғы­зы (УПM, УПС, АБС, МСП- по­ли­сти­ро­лы, пла­стиктер­дiң ұру­ға тө­зiм­дi сұ­рып­та­рын син­тез­де­у­ге ар­нал­ған)
ТУ 38.4037-87
143. 5П-815: CКИ-3 100,0 ре­зең­ке суль­фе­на­мид Ц-1,0; тех­ни­ка­лық күкiрт - 2,5; бор-20,0; мы­рыш ақ­сыр­ла­ры - 5,0; сте­а­рин қыш­қы­лы - 2,0; И-8А ин­ду­стри­ал­ды майы -5,0 үш­кө­мiр­тек ГД-100 - 10,0
144. CФ-10-21 ре­зең­ке СКН-18M көк­са­ғы­зы - 100,0; пе­рок­си­мон Г-40, мы­рыш ақ­сыр­ла­ры - 5,0; сте­а­рин қыш­қы­лы - 0,2; БС -50 күй­есi- 50,0; аце­то­амид Р-1,0, ди­ок­си­наф­та­лат - 10,0; оли­го­эфи­ра­кри­лат МГФ-9- 10,0
145. СФ-10-21 ре­зең­ке СКЭПТ-40 көк­са­ғы­зы - 100,0 үш­кө­мiр­тек П-514 - 90,0; пе­рок­си­мон E-40-5,5; мы­рыш ақ­сыр­ла­ры -3,0; И-8А ва­зе­лин майы - 19,0; ИЭГ-115-2,5; ко­лак­сол - 6,0
146. Ре­зең­ке 374: СКД-ЛБС көк­са­ғы­зы -100,0; күкiрт -2,5; маг­не­зия- 7,0; сте­а­рин қыш­қы­лы - 1,0; үш­кө­мiр­тек­тi ПМ-75H - 70,0; бор - 10,0; ва­зе­лин майы - 20,0
147. Ашық тү­стi гей­лан­дит то­лық­тыр­ғы­шы

55 Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар

«Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитариялық-гигиеналық
талаптар» туралы санитариялық
ережелерге 2-қосымша
Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар
Ши­кi заттар мен ма­те­ри­ал­дар­дың ата­уы
Тый­ым са­лу­дың се­беп­терi
1. 10-09-СФ ре­зең­кесi
Рұқ­сат етiл­ген кө­ле­мi­нен жо­ға­ры ди­фе­ни­л­гу­а­ни­дин­нiң жа­на­сқан ор­та­ға кө­шуi
2. 52-782 ре­зең­ке­сі
Жа­на­са­тын мо­дель­дi ор­та­ның және рұқ­сат етiл­ген дең­гей­iне жо­ға­ры ти­урам, кап­такс, цинк ионы­ның бо­луы түй­сiк­тiк көр­сет­кi­ш­тер тұр­ғы­сы­нан қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
3. 52-782-1 ре­зең­кесi
Жа­на­са­тын мо­дель­дi ор­та­ның және рұқ­сат етiл­ген дең­гей­i­нен жо­ға­ры ти­урам, кап­такс, мы­рыш ион­да­ры­ның бо­луы түй­сiк­тiк көр­сет­кi­ш­тер тұр­ғы­сы­нан қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
4. М2Т, МЕМСТ 6-17-72 бел­гiсiн­де­гi мыс түтiк
Мыстың тот­та­нуы және ауыр ме­талл тұз­да­ры­ның жа­на­сқан ор­та­ға кө­шуi
5. Ре­зең­ке өн­дiрiсiн­де­гi атак­ти­ка­лы по­ли­про­пи­лен
Уыт­ты­лы­ғы
6. 81-22 бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
Рұқ­сат етiл­ген дең­гей­ден ти­урам және ци­мат­тың көп бөлi­нуi
7. Ыдыс-аяқ, ша­ру­а­шы­лық бұй­ым­да­рын жа­са­у­ға ар­нал­ған мы­ры­штал­ған бо­лат
8. МЕМСТ 6-14-40-82, "В" қы­зыл-қо­ңыр пиг­мен­тi
Пиг­мент­тiң кан­це­ро­ген­дi қа­си­етi және оның бо­я­л­ған жер­ден бөлi­нуi
9. "2М" қай­та­лан­ған да­кри­лi
Ме­тал­дар ион­да­ры­ның бө­лі­нуі
10. 20908-040, MEMCT 16337-77 бел­гiсiн­де­гi тө­мен қы­сым­да­ғы по­ли­эти­лен
Мы­рыш және қор­ға­сын­ның бөлi­нуi
11. 10803-070, 11503-070 бел­гiсiн­де­гi жо­ғар­ғы қы­сым­да­ғы по­ли­эти­лен
Мы­рыш және қор­ға­сын­ның бөлi­нуi
12. ЭЖК және ЭЖР бел­гiлерiн­де­гi элек­тро­лит­тiк бал­қы­ту ар­қы­лы жа­са­ла­тын ақ қа­ңы­л­тыр
Мо­дель­дiк ерiтiн­дiлер­дiң сырт­қы түр­лерiнiң үл­гiлер­мен жа­на­сқан кез­де­гi өзгерiсi және олар­дан хром мен кү­ш­ән­нiң бөлi­нуi
13. ХЖК хром­дал­ған қа­ңы­л­тыр
14. ФДБ бо­я­у­ла­ры­нан бо­ла­тын тат­тан­бай­тын бо­я­у­лар (Гер­ма­ни­яда шы­ға­ры­л­ған)
Мы­рыш хро­ма­ты­ның уы­ты жиын­тығ­ы­ның бо­луы
15. ПОС-2 дәне­кер­ле­гi­шi
Қор­ға­сын­ның көп мөл­шерiнiң мо­дель­дiк ор­та­ға бөлiнiлуi
16. ЛС59-1 бел­гiсiн­де­гi жез
Қор­ға­сын­ның мо­дель­дiк ор­та­ға бөлi­нуi (сүт қыш­қы­лы­ның әл­сiз ерiтiн­дiсi)
17. "Мо­стен" 52.512 және 55.222 по­ли­про­пи­ле­ні
Түй­сiк­тiк көр­сет­кi­ш­тер­дiң өзге­руi
18. ЛЦ-400 бел­гiсiн­де­гi жез
Mo­дель­дiк ор­та­ға мыс және мы­ры­штың бөлi­нуi, түй­сiк­тiк қа­си­етiнiң өзге­руi
19. Фта­ла­ци­а­нин­дi жа­сыл пиг­мент
Кан­це­ро­ген­дi әсерi
20. СКП 301, 401, 412 пиг­мент­терiнiң жо­ғар­ғы қа­нық­па­сы
Құ­ра­мы­на кiретiн пиг­мент­тер­дiң кан­це­ро­ген­дi әсерi
21. Ал­қы­зыл, бор­до, қы­зыл, 4ЖВ, қы­зыл-қо­ңыр тү­стi пиг­мент­тер
Бе­кі­тудiң на­шар бо­луы және ор­та­ға бөлi­нуi
22. Сұр, кө­гiл­дiр және ақ­шыл cұp тү­стi АС-1171 "Г" бел­гiсiн­де­гi ак­риль­дi-си­ли­кон­ды эмаль
ДКМ-нен жо­ға­ры мөл­шер­де берiл­ген ди­фе­нил­про­пан және бу­та­мол­дың бөлi­нуi

56 Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары

«Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитариялық-гигиеналық
талаптар» туралы санитариялық
ережелерге 3-қосымша
Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары
Ма­те­ри­ал­дар­дың ата­уы
1г ма­те­ри­ал­дан бөлi­нетiн эле­мент­тiң eң көп са­ны мг.
сурь­ма
кү­ш­ән
ба­рий
кад­мий
xpoм
қор­ға­сын
сы­нап
се­лен
Са­у­сақ­тың кө­ме­гi­мен түр бе­ру үшiн іс­телi­нетiн мас­са­лар мен жа­ғы­ла­тын бо­я­у­лар­дан бас­қа ма­те­ри­ал­дар
60
25
500
75
60
90
60
500
Са­у­сақ­тың кө­ме­гi­мен түр бе­ру үшiн iсте­летiн мас­са­лар мен бо­я­у­лар
62
15
250
50
25
90
25
500

Қолданыстағы