О мерах по усилению контроля за ввозом, реализацией и хранением нефтепродуктов в Западно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында мұнай өнімдерін әкелуді, сатуды және сақтауды, қадағалауды күшейту жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 06.11.2001 № 221 шешімімен. Облыс аумағына әкелiнетiн және сатылатын мұнай өнiмдерiне жүргiзiлген тексеру көрсеткенiндей, бұлар қазiргi ГОСТ-тың нормасына және экологиялық талаптарға сай келмейтiнi, сондай-ақ автомашиналарға май құю станциялары иелерiнiң техникалық және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу жағдайларының орын алғандығы белгiлi болып отыр. Бұдан басқа, АЗС-тарда сатылатын мұнай өнiмдерiнiң сапасына жүргiзiлген зерттеу қорытындысында облыс аумағында сатылатын бензинде октан саны төмен, қорғасын қосындысы жоғары, механикалық қоспа мен басқа да әртүрлi тұнбалар бар екендiгi анықталды. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің салық төлеуден және басқа мемлекеттiк бюджетке мiндеттi төлемдерден жалтару жағдайлары да байқалады. Жоғары да баяндалғандарға байланысты және "Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1, 42, 44, 47-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115р өкiмiне сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН :
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы аумағында мұнай өнiмдерiн әкелу, сату және сақтау жөнiндегi құрама талаптар бекiтiлсiн және ол 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс аумағында мұнай өнiмдерiн әкелу, сату және сақтау жөнiндегi құрама талаптардың орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы № 77р өкiмiмен белгiленген бақылау мiндеттерi бар мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен тұратын жұмыс топтарына жүктелсiн. Жұмыс тобының құрамы бекiтiлсiн (№ 2 қосымша). Жұмыс тобының басшысы (Графкин) ай сайын атқарылған жұмыстар туралы облыс әкiмi аппаратына мәлiмдеп отыратын болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық кеден басқармасы (Байбатыров), облыстық iшкі iстер басқармасы (Рахымжанов) аудандар әкiмдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы аумағына жекелеген тауарлар түрiн шеттен әкелу кезiндегi тасымалдау туралы" 1998 жылғы 27 қарашадағы № 1202 қаулысын орындау жөнiнде шаралар алсын және облыс аумағынан жану-жағар май материалдарын тасып әкетудi және контрабандалық жолмен әкелудi табу жөнiнде кең көлемдегi жұмыстарды өрiстетсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық салық комитетi (Кенжеғалиев) жану-жағар май материалдарын сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатқан жану-жағар май материалдары үшiн есептеу мен аударудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету жөнiнде нақты шаралар алсын.
Тармақ 5
5. Облыстық салық полициясы комитетi, облыстық iшкi iстер басқармасы жану-жағар май материалдарының тиiстi рұқсат ету құжатынсыз сатылуына жол бермеу жөнiнде шаралар жасап, жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан темiр жолының Орал филиалы (Сахтанов) тиiстi рұқсат құжаттары жоқ, өрт сөндiрудiң қажеттi жабдықтармен жабдықталмаған, қауiптi жүктердi тиеу, түсiрудiң техникалық талаптарына сай келмейтiн жану-жағар май материалдары бар вагондарды сақтауға қоюға тыйым салсын.
Тармақ 7
7. "Стандарттау, метрология және сертификат беру орталығының" Батыс Қазақстан мемлекеттiк кәсiпорнына (Графкин): - тұтынушыларға сатылатын мұнай өнiмдерiнiң сапасын ұдайы қадағалауды жүзеге асырсын; - Батыс Қазақстан темiр жолының Орал филиалына қауiптi жүктердi тиеу, түсiрудiң техникалық талаптарына сәйкес келетiн мұнай өнiмдерiн сақтау қоймалары тiзiмiн тапсырсын; - халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазiргi нормативтiк құжаттарға сәйкес мұнай өнiмдерiн сатудың тәртiбi мен жағдайларын түсiндiрсiн.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмiнiң "Темiр жолмен және автокөлiкпен өртену, жарылу қаупi бар жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң қосымша шаралары және автомашиналарға май құю станцияларының жұмысын тәртiпке келтiру туралы" 1997 жылғы 8 қыркүйектегi № 185 шешiмiнiң күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 9
9. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Маючийге жүктелсiн.
Басқа 10. Батыс Қазақстан облысында мұнай өнiмдерiн әкелу, сату және сақтаудың ЖИНАҚТАЛҒАН ТАЛАПТАРЫ
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 191 шешiмiне № 1 қосымша Батыс Қазақстан облысында мұнай өнiмдерiн әкелу, сату және сақтаудың ЖИНАҚТАЛҒАН ТАЛАПТАРЫ Облыста мұнай өнiмдерiн әкелу, сату және сақтаудың жинақталған талаптары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасына контрабандылық тауарлардың әкелiнуi және Қазақстан Республикасынан әкетiлуiн болдырмау және оған мемлекеттiк бақылауды күшейту туралы", Қазақстан Республикасы "Госгортехнадзор" 1996 жылы 25 қазанда бекiткен "Станционарлық, контейнерлiк және жылжымалы май құю станцияларын техникалық пайдалану ережелерiне", Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң "Темiр жолда және автокөлекке қауiптi жүктердi тасымалдаудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң қосымша шаралары туралы 1997 жылғы 13 маусымдағы қаулысына және басқа да қазiргi нормативтiк және ведомстволық актiлерге және нормаларға сәйкес жасалды. Мұнай өнiмдерiн пайдалану регламентациясының мақсаты - облыста экологиялық жағдайды сауықтыру, мұнай өнiмдерiн әкелуге, сатуға және сақтауға тиiстi бақылау орнату, жану-жағар майды пайдаланушы тұтынушылардың құқығын қорғау, мемлекеттiк бюджетке салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық түсуiн қамтамасыз ету, бақылаушы органдардың автомашинаға май құю станцияларын тексеруiн шектеу.
Тармақ 1
1. Жинақталған талаптар облыста мұнай өнiмдерiн әкелу, сату және пайдалану жөнiндегi бiрыңғай талаптармен регламенттеледi, облыста экологиялық талаптардың жақсаруына мүмкiндiк жасайтын мұнай өнiмдерiн сақтау мен өткiзудiң қауiпсiз жағдайын жасайды, сондай-ақ жану-жағар май материалдарын пайдаланатын тұтынышылардың қорғауға, мұнай өнiмдерiнiң сапасына және мұнай өнiмдерi операциясынан салақтың толық ұсталуына бақылауды күшейтуге жәрдемдеседi.
Тармақ 2
2. Осы талаптар облыс аумағына мұнай өнiмдерiн тасып әкелетiн, оны көтерiп алып немесе бөлшектеп сататын, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн кез-келген көлiкпен тасымалдайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға мiндеттi болып саналады.
Тарау i. I. Тасып әкелу жөнiндегi талаптар
I. Тасып әкелу жөнiндегi талаптар
Тармақ 1
1. Облысқа экологиялық талаптарға және белгiленген стандартқа сәйкес келмейтiн мұнай өнiмдерiн тасып әкелуге, сатуға және сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Мұнай өнiмдерiн тасып әкелумен, сатумен және сақтаумен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалар осындай қызметтi регламенттейтiн қазiргi белгiленген заң нормаларын, сондай-ақ облыстың экологиялық жағдайын қуаттайтын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Мұнай өнiмдерiн темір жолда цистерналармен тасымалдау тиiстi талаптарға жауап беретiн арнаулы терминалдар мен темір жол тұйық жолдарында жүзеге асырылуға тиiстi.
Тармақ 4
4. Облыс аумағына мұнай өнiмдерiн тасып әкелу дайындаушы завод берген тиiстi сертификаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi. Олай болмаған жағдайда мұнай өнiмдерi сынақтан өткiзiлгенге дейiн терминалдарда уақытша сақталады.
Тарау ii. II. Сату жөнiндегi талаптар
II. Сату жөнiндегi талаптар
Тармақ 1
1. Шаруашылық субъектiлерi мұнай өнiмдерiн тек дайындаушы заводтың сәйкестiлiгi жөнiндегi сертификаты, аккредиттелген тәуелсiз лабораторияда мұнай өнiмдерiнiң әрбір партиясының сынақтан өткiзiлгенi туралы хаттамасы болғанда ғана сатуға құқылы.
Тармақ 2
2. Мұнай өнiмдерiнiң сапасын тексеру мақсатында тиiстi бақылау қызметтерiнiң қызметкерлерi мен жұмысшы топтарының мүшелерi оларды сынамалауды жүзеге асырады. Шаруашылық субъектiлер қажеттi құжаттар мен сынамаларды кедергiсiз берiп отыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Аккредиттелген тәуелсiз лабораторияда сынақтар өткiзуге жұмсалатын шығындар шаруашылық субъектiлерге жүктеледi.
Тармақ 4
4. Мұнай өнiмдерiн қаланың iшiнде жылжымалы автомобильге май құю станцияларынан және отын тасушы машиналардан сатуға тыйым салынады.
Тарау iii. III. Автомобильге май құю станцияларына және мұнай базаларына талаптар
III. Автомобильге май құю станцияларына және мұнай базаларына талаптар
Тармақ 1
1. Мұнай өнiмдерiн босатуға, сақтауға және сатуға жауапты тұлғалар станционарлық, контейнерлiк май құю станцияларын техникалық пайдаланудың және өрт қауiпсiздiгiнiң қолданылудағы ережелерiн, жанар-жағар май материалдарын сақтау және босату жөнiндегi ережелердi оқып-үйренуге мiндеттi, оқуды тәмамдаған соң жұмысқа рұқсат беретiн тиiстi куәлiк алады.
Тармақ 2
2. Отын тасушы машиналардан АЗС-қа әкелiнiп түсетiн мұнай өнiмдерiн тауарлық-көлiктiк құжаттама және сәйкестiк сертификаты бойынша АЗС иесi немесе ол өкiлеттiк берген тұлға (оператор) қабылдап алады.
Тармақ 3
3. Мұнай өнiмдерiнiң сапасын сақтау үшiн АЗС иесi: - май құю және сүзгiш құрылғылардың, резервуарлардың, отын және май тарату колонкаларының жарамдылығын және тазалығын қамтамасыз етуге; - резервуарларға су кетуiне жол бермеуге мiндетi; - мұнай өнiмдерi автоцистернадан фильтр арқылы өз бетiнше немесе қысыммен құйылуы тиiс.
Тармақ 4
4. Мұнай базасының және АЗС-тың иесi темiр резервуарларды тазалауды ұйымдастыруға және ГОСТ-қа сәйкес құжат жүзiнде белгiлеуге мiндеттi: - майлар үшiн жылына кемiнде екi рет; - автомобиль бензиндерi және дизель отыны үшiн-кемiнде екi жылда бiр рет.
Тармақ 5
5. АЗС-тардағы мұнай өнiмдерiнiң сапасы ГОСТ-қа сәйкес кемiнде айына бiр рет қабылдау-тапсыруды талдау көлемiнде мұнай өнiмдерiн қабылдау кезiнде тексерiледi. АЗС-қа автоцистерналардан түсетiн мұнай өнiмдерiн талдауды уақытында жүргiзу үшiн және АЗС-тан босатылған мұнай өнiмiнiң сапасы үшiн АЗС-тың иесi жауап бередi.
Тармақ 6
6. Әкелiнген, сатылудағы және пайдаланудағы мұнай өнiмдерi облыс үшiн экологиялық талаптарға, ГОСТ нормаларына, өрт қауiпсiздiгi ережелерiне және сәйкестiк сертификатына сай келмейдi деп танылған жағдайда олар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өнiмдер мен тауарларды, оларды сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда, жою немесе одан әрi өңдеу жөнiндегi тәртiптi бекiту туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1891 қаулысында белгiленген тәртiпте тиiстi комиссияның шешiмi бойынша жойылуға немесе одан әрi өңделуге жатады.
Тармақ 7
7. Өкiлеттi тұлғаларға сынақтар үшiн сынамалар алуға бөгет жасаған жағдайда олар тиiстi шешiм алу үшiн мұнай өнiмдерiн сатуды және пайдалануды тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 8
8. Шаруашылық субъектiсi осы талаптарды және бақылау жасайтын органдардың талаптарын орындамаған жағдайда оларды заңда белгiленген тәртiпте жауапкершiлiкке тарту туралы тиiстi органдарға өтiнiш жасайды.
Тармақ 9
9. Осы талаптардың шарттарын бұзу өкiлеттi тұлғалармен, сондай-ақ сенiмдi құжатты мәлiметтер негiзiнде анықталады.
Басқа 33. Мұнай өнiмдерiн тасып әкелу, сату және сақтау жөнiндегi негiзгi талаптарды орындауды бақылау жөнiндегi жұмыс тобының құрамы
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 191 шешiмiне № 2 қосымша Мұнай өнiмдерiн тасып әкелу, сату және сақтау жөнiндегi негiзгi талаптарды орындауды бақылау жөнiндегi жұмыс тобының құрамы В.Н. Графкин - топ жетекшiсi "Стандарттау және метрология орталығы Батыс Қазақстан мемлекеттiк кәсiпорны А.Ғ. Ғұсманов - топ жетекшісінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Топ мүшелері М.А. Ғабдулиев - облыстық кеден басқармасы бастығының бірінші орынбасары Б.Ж. Жексенов - Батыс Қазақстан облыстық IIБ-сi жол полициясы бастығының орынбасары М.М. Жұмағалиев - облыстық салық комитетi төрағасының орынбасары Қ.И. Қабденов - облыстық сәулет тұрғын үй салу және аумақтар құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Н.А. Маштаков - облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бастығы А.В. Потякин - облыстық экология және табиғат қорлары басқармасы бастығының орынбасары