Құжат мәтініне өту

Об утверждении Единой методики расчета организациями местного содержания при закупке товаров, работ и услуг

Қаулы · № 964 · қабылданған 20.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54547/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Единой методики расчета организациями местного содержания при закупке товаров, работ и услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 964 ·20.09.2010
28.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Единой методики расчета организациями местного содержания при закупке товаров, работ и услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 964 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Единой методики расчета организациями местного содержания при закупке товаров, работ и услуг
Атауы (қаз.)
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
964
Қабылданған күні
20.09.2010
Көрсетілген редакция
28.07.2015 AI54547_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000964_
ЭКБ идентификаторы
54547
Редакция идентификаторы
AI54547_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:19

0 Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 55) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 135-құжат);

2 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 360-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 964 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

1

1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Бірыңғай әдістеме) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына, «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес әзірленді.

2 2. Бірыңғай әдістеме:

1

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;

2 2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;

3 3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;

4 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жергілікті қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың;

5 5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуіне арналған.

3 3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

1 1) жергілікті қамту бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және оны бақылау;

2 2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;

3 3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.

4 4. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ҚҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

n
ҚҚТ = 100% (ТҚi х Қi) / S,
i=1
мұндағы:
n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;
і - тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - і-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Егер осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7, 8-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, «CT-KZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Кі = 0;
S - шарттың жалпы құны.

5 5. Жұмыстарды (қызметтерді көрсетуге) орындауға арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

m n
((ШҚj – ТҚj – ШЖҚj) х Rj + (ҚҚi х Қi))
j=1 i=1
ҚҚж/қ = 100% х –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––,
S
мұндағы:
m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
j - жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
ШҚj -j-шартының құны;
ТҚj -j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ШЖҚj - j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
n - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердігерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
і - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - i-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Егер осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7, 8-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, «CT-KZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Кі = 0;
S - шарттың жалпы құны.

5-1 5-1. Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ
мұндағы:
ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.

6 6. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы жергілікті қамтуды (ҚҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

n
ҚҚ = (ҚҚi х ШҚi) / S,
i=1
мұндағы:
n – сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;
і – сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;
ҚҚі – сатып алу туралы і-шарты бойынша жергілікті қамту;
ШҚі – сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;
S – шарттың жалпы құны.

7

7. Осы Бірыңғай әдістеменің қосымшасында көзделген «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталуын талап етпейтін Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алынған, шикізат тауарлары пайдаланылған тауарларды немесе жұмыстарды жеткізуге арналған шартта жергілікті қамтуды есептеу кезінде Кі «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталмай бірлікке теңестіріледі.

8 8. Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерімен шарттар бойынша жергілікті қамтуды есептеу кезінде Kі және Rj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.

24 Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алынған, «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен растауды талап етпейтін шикізат тауарларының тізбесі

Тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып алу
кезінде ұйымдардың жергілікті
қамтуды есептеуінің бірыңғай
әдістемесіне қосымша
Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алынған, «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен растауды талап етпейтін шикізат тауарларының тізбесі
р/с №
СЭҚ ӨЖ бой­ын­ша та­у­ар­дың қы­сқа­ша ата­уы
СЭҚ ӨЖ
1
2
3
1.
Би­дай
01.11.1
2.
Ар­па, қа­ра би­дай және сұ­лы
01.11.3
3.
Жа­сыл ірі бұр­шақ кө­кө­ні­сте­рі
01.11.6
4.
Кеп­ті­рі­л­ген ірі бұр­шақ кө­кө­ні­сте­рі
01.11.7
5.
Та­ры
01.11.42
6.
Өзге де дән­ді да­қыл­дар
01.11.49
7.
Құр­ғақ ас­бұр­шақ
01.11.75
8.
Бас­қа топ­та­ма­лар­ға ен­гі­зіл­ме­ген, кеп­ті­рі­л­ген бұр­шақ­ты кө­кө­ні­стер
01.11.79
9.
Мақ­та тұқы­мы
01.11.84
10.
Өзге де май­лы тұқым­дар
01.11.9
11.
Ақ­тал­ма­ған кү­ріш
01.12.1
12.
Жа­пы­рақ­ты неме­се қа­бық­ты бұ­рыш кө­кө­ні­сте­рі
01.13.1
13.
Өзге же­міс-кө­кө­ніс да­қыл­да­ры
01.13.3
14.
Та­мыр же­мі­сі, құл­пы­най неме­се пи­яз ба­сы
01.13.4
15.
Та­мыр же­мі­сі және жо­ға­ры крах­мал неме­се ину­лин бар құ­ра­мын­да ас­ха­на­лық құл­пы­най
01.13.5
16.
Қант қы­зы­л­ша­сы және қант қы­зы­л­ша­сы­ның тұқы­мы
01.13.7
17.
Са­ңы­рау құ­лақ және трю­фель­дер
01.13.8
18.
Бас­қа топ­та­ма­ға ен­гі­зіл­ме­ген кө­кө­ні­стер, жа­ңа піс­кен кө­кө­ні­стер
01.13.9
19.
Мақ­та ши­кі­за­ты
01.16.11
20.
Ке­сі­л­ген гүл­дер; гүл­дер­дің тұқы­мы
01.19.2
21.
Қы­зы­л­ша­ның тұқы­мы, азық өсім­дік­те­рі­нің тұқы­мы; бас­қа өсім­дік­тер­дің ши­кі­за­ты
01.19.3
22.
Ірі мүй­із­ді мал­дың сүт өні­мі­нің та­бы­ны, ті­рі­сі
01.41.1
23.
Өзге ірі мүй­із­ді мал­дар және өгіз­дер, ті­рі­сі
01.42.1
24.
Жыл­қы­лар және өзге жыл­қы ма­лы, ті­рі­сі
01.43.1
25.
Түй­е­лер және түй­е­ге ұқсастар, ті­рі­сі
01.44.1
26.
Қой­лар және еш­кі­лер, ті­рі­сі
01.45.1
27.
Шош­қа­лар, ті­рі­сі
01.46.1
28.
Үй құ­сы, ті­рі­сі
01.47.1
29.
Фер­ма­да өсі­рі­ле­тін өзге мал­дар, ті­рі­сі
01.49.1
30.
Ши­кі мұ­най және та­би­ғи газ
06
31.
Ме­тал ру­да­ла­ры
07
32.
Тас, құм және бал­шық
08.1
33.
Хи­мия өнер­к­ә­сі­бі және ты­ңай­ыт­қыш өн­ді­рі­сі үшін ми­не­рал­ды ши­кі­зат
08.91
34.
Шым­те­зек
08.92
35.
Тұз және та­за на­трий хло­ры, те­ңіз суы
08.93
36.
Ірі мүй­із­ді мал­дың, шош­қа­ның, қой­дың, еш­кі­нің, жыл­қы­ның және жыл­қы тек­тес мал­дың еті, жа­ңа сой­ы­л­ған неме­се мұз­да­ты­л­ға­ны
10.11.1
37.
Ірі мүй­із­ді мал­дың, шош­қа­ның, қой­дың, еш­кі­нің, жыл­қы­ның және жыл­қы тек­тес мал­дың азық-тү­лі­гі, жа­ңа сой­ы­л­ған неме­се мұз­да­ты­л­ға­ны
10.11.2
38.
Ет және азық-тү­лік­тің мұз­да­ты­л­ға­ны; ет және өзге азық-тү­лік
10.11.3
39.
Ірі мүй­із­ді мал­дың неме­се жыл­қы тек­тес мал­дың, қой және еш­кі­нің жүн­де­рі, те­рі­сі және ши­кі те­рі­сі
10.11.4
40.
Ірі мүй­із­ді мал­дың, шош­қа­ның, қой­дың, еш­кі­нің май­ла­ры
10.11.5
41.
Өң­дел­ме­ген, жа­рам­сыз қал­дық­тар
10.11.6
42.
Ма­мық және құ­стар­дың қа­лам­ша­сы бар те­рі­ле­рі
10.12.5
43.
Тү­гі жоқ ірі қа­ра мал­дың тұ­тас те­рі­сі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры
15.11.31
44.
Ірі мүй­із­ді мал­дың жүн­сіз те­рі­сі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры
15.11.32
45.
Жыл­қы тек­тес мал­дар­дың жүн­сіз те­рі­сі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры
15.11.33
46.
Шош­қа­ның, қой­дың, еш­кі­нің жүн­сіз те­рі­сі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры
15.11.4
47.
Езі­л­ген әк және езіл­ме­ген гид­рав­ли­ка­лық әк
23.52.1
48.
Күл, қал­дық­тар­ды өр­те­ген­нен алын­ған күл­дер
38.21.40
49.
Қай­та­дан пай­да­ла­ну үшін қа­уіп­сіз, жа­рам­ды, өзге жи­нал­ған қал­дық­тар
38.11.5

Қолданыстағы