Қолданыстағы ред. 06.09.2010

Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы от 06.09.2010 г. № 1 (Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы)

0

Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес және Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының тұрғындарының 25 қаңтар 2010 жылғы жиынында Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі және жиналысының N 1 хаттамасы, Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Ақтау селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге - Сакен Сейфуллин;
2-ші көшеге - Тәуелсіздік;
3-ші көшеге - Жеңіс;
4-ші көшеге - Жібек жолы;
5-ші көшеге - Достық;
6-ші көшеге – Кенесары.

2

2. Ақтау селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Д. Бақышов көшелерге ат берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.

4

4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енеді.