Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес және Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының тұрғындарының 25 қаңтар 2010 жылғы жиынында Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі және жиналысының N 1 хаттамасы, Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Ақтау селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге - Сакен Сейфуллин; 2-ші көшеге - Тәуелсіздік; 3-ші көшеге - Жеңіс; 4-ші көшеге - Жібек жолы; 5-ші көшеге - Достық; 6-ші көшеге – Кенесары.
Тармақ 2
2. Ақтау селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Д. Бақышов көшелерге ат берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енеді.