Қолданыстағы ред. 06.09.2010

Ақтүбек селолық округі елді мекендеріндегі көшелерге атау беру туралы от 06.09.2010 г. № 1 (Ақтүбек селолық округі елді мекендеріндегі көшелерге атау беру туралы)

0

Ақтүбек селолық округі елді мекендеріндегі көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес және Ақтүбек селолық округінің Ақтүбек, Өркендеу ауылдары мен Атасу, Манадыр стансасы тұрғындарының 19 ақпан 2010 жылғы жалпы жиналысының Ақтүбек селолық округі елді мекендеріндегі көшелерге атау беру туралы N 4 хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Ақтүбек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақтүбек селолық округіндегі Ақтүбек ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге Сарысу;
2-ші көшеге Орталық;
3-ші көшеге Бәйтерек;
4-ші көшеге Тәуелсіздік;
5-ші көшеге Жеңіс.

2

2. Ақтүбек селолық округіндегі Атасу стансасының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге Бейбітшілік;
2-ші көшеге Достық.

3

3. Ақтүбек селолық округіндегі Манадыр стансасындағы көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге Тың;
2-ші көшеге Мыңадыр.

4

4. Ақтүбек селолық округіндегі Өркендеу ауылының көшелеріне төмендегіше атаулар берілсін:
1-ші көшеге Ақсу;
2-ші көшеге Мектеп.

5

5. Ақтүбек селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ж. Дүйсенбековке ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.

6

6. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.

7

7. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.