Ақтүбек селолық округі елді мекендеріндегі көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтүбек селолық округі елді мекендеріндегі көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес және Ақтүбек селолық округінің Ақтүбек, Өркендеу ауылдары мен Атасу, Манадыр стансасы тұрғындарының 19 ақпан 2010 жылғы жалпы жиналысының Ақтүбек селолық округі елді мекендеріндегі көшелерге атау беру туралы N 4 хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Ақтүбек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтүбек селолық округіндегі Ақтүбек ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге Сарысу; 2-ші көшеге Орталық; 3-ші көшеге Бәйтерек; 4-ші көшеге Тәуелсіздік; 5-ші көшеге Жеңіс.
Тармақ 2
2. Ақтүбек селолық округіндегі Атасу стансасының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге Бейбітшілік; 2-ші көшеге Достық.
Тармақ 3
3. Ақтүбек селолық округіндегі Манадыр стансасындағы көшелерге төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге Тың; 2-ші көшеге Мыңадыр.
Тармақ 4
4. Ақтүбек селолық округіндегі Өркендеу ауылының көшелеріне төмендегіше атаулар берілсін: 1-ші көшеге Ақсу; 2-ші көшеге Мектеп.
Тармақ 5
5. Ақтүбек селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ж. Дүйсенбековке ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 7
7. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.