Қолданыстағы ред. 20.08.2010

Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылының көшелеріне атау беру туралы от 20.08.2010 г. № 1 (Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылының көшелеріне атау беру туралы)

0

Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылының көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы Ынталы ауылы көшелеріне атау беру жөніндегі N 4 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 2 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Қараағаш селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қараағаш селолық округіндегі Ынталы ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге - Бейбітшілік көшесі;
2-ші көшеге – Бірлік көшесі;
3-ші көшеге - Төлебай сал атындағы көше;
4-ші көшеге - Тәуелсіздік көшесі;
5-ші көшеге - Шоң Телғозыұлы атындағы көше;
6-шы көшеге – Жеңіс көшесі.

2

2. Қараағаш селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Э.Ш. Абильдина Ынталы ауылының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.

4

4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енеді.