Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылының көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы Ынталы ауылы көшелеріне атау беру жөніндегі N 4 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 2 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Қараағаш селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қараағаш селолық округіндегі Ынталы ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге - Бейбітшілік көшесі; 2-ші көшеге – Бірлік көшесі; 3-ші көшеге - Төлебай сал атындағы көше; 4-ші көшеге - Тәуелсіздік көшесі; 5-ші көшеге - Шоң Телғозыұлы атындағы көше; 6-шы көшеге – Жеңіс көшесі.
Тармақ 2
2. Қараағаш селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Э.Ш. Абильдина Ынталы ауылының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енеді.