Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов иностранных авиаперевозчиков на международных авиамаршрутах Республики Казахстан

Бұйрық · № 363 · қабылданған 13.08.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54581/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов иностранных авиаперевозчиков на международных авиамаршрутах Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 363 ·13.08.2010
23.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов иностранных авиаперевозчиков на международных авиамаршрутах Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 363 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов иностранных авиаперевозчиков на международных авиамаршрутах Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
363
Қабылданған күні
13.08.2010
Көрсетілген редакция
23.08.2013 AI54581_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006462_
ЭКБ идентификаторы
54581
Редакция идентификаторы
AI54581_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:33

0 Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін

2 2. Мыналардың:

1

1) «Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы № 672 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1955 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж. № 39, 705-құжат);

2

2) «Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы № 672 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 459 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5345 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада № 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы жарияланған).

3 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздғы
№ 363 бұйрығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің шетелдік авиакомпанияларының тұрақты ұшу кестелерін бекіту рәсімін нақтылайды

2 2. Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1

1) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;

2 2) уақыт аралығы (слот) – әуежайда авиакомпания әуе кемесiнiң белгiлi бiр күнi немесе кезеңде келу немесе жөнелу операцияларын орындау үшiн бөлiнген уақыт;

3 3) «тарихи слот» - өткен эквиваленттік кезеңде кестеге енгізілген слот;

4 4) тұрақты ұшу параметрлерi - әуе кемесiнiң әуежайға келу немесе жөнелу күнiн, уақытын, орындау кезеңiн, әуе кемесiнiң үлгiсi мен жолаушы сыйымдылығын қамтитын тұрақты ұшу кестесiнiң параметрлерi.

3 3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне мыналар жатады:

1 1) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелері;

2 2) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбастан шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесі.

4 4. Кестенi жасау мен бекiтудiң мiндеттерi:

1 1) алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 2) әуе кеңiстiгiнде және әуежайларда тұрақты ұшуды қауiпсiз орындау жағдайларын жоспарлау;

3 3) коммерциялық және техникалық қызметтi ұйымдастыру үшiн тұтынушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;

4 4) жоспарланған ұшуларды орындау үшiн қажеттi материалдық ресурстарды есептеу болып табылады.

5 5. Тұрақты ұшудың кестесiн жасау, бекiту мен түзету дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақытта (UTC) жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Тұрақты ұшу кестесiн бекiту

6 6. Авиакомпания тұрақты ұшу кестесiн "Жаз" және "Қыс" деп аталатын екi маусымға әзiрлейдi. Жазғы және қысқы маусымдық кестелердiң қолданылу мерзiмi Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА) белгiлеген мерзiмдерге сәйкес келедi:

"Жаз" - наурыздың соңғы жексенбiсi - қазанның соңғы сенбiсi;
"Қыс" - қазанның соңғы жексенбiсi - наурыздың соңғы сенбiсi.

7 7. Кестені жасау кезінде тұрақты ұшу параметрлері Қазақстан Республикасының әуе қатынасы туралы халықаралық шартының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

8 8. Шетелдік авиатасымалдаушы ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) толтырылған «Р» нысаны (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және 4 данада ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша);

2 2) тұрақты ұшу авиамаршруты бойынша ұшып шығу және қону әуежайларымен келісілген слоттар;

8-1 8-1. Шетелдік авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың басталуына дейін күнтізбелік 15 күнде қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесін аэронавигациялық ұйымға ұсынады (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың орындалуына қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесі аэронавигациялық ұйымға бекіту туралы хабарлама беру арқылы Комитеттің бекітуіне жатады.

9

9. Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпаниядан сұраныс түскеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде авиакомпаниялардың тұрақты рейстерін орындау үшін слоттарды келіседі немесе бас тартудың себептері жөнінде жазбаша негіздеме және баламалы слоттар туралы ұсыныс береді. Бағыт параметрлерінде көрсетілген Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпания сұраған тарихи слоттарды басымдық тәртібімен растайды.

10

10. Комитет құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кейін оларды авиакомпанияларға және аэронавигациялық ұйымға беру арқылы «Р» нысанын қарауды және бекітуді жүргізеді, немесе осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

11 11. Тұрақты ұшу кестесінің нысандарын бекітуден бас тарту негіздері:

1 1) Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімдердің шарттарына кестенің сәйкес келмеуі;

2 2) алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.25 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

12 12. Авиакомпания авиамаршруттың кестесіне өзгерістер енгізу кезінде Комитетке осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2) тармақшасын ескере отырып, ұшуға дейін 3 күн бұрын кестені ұсынады.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

13 13. Авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алу немесе күшiн тоқтата тұру жағдайында немесе авиакомпанияның өтiнiмi бойынша Комитет авиамаршрут бойынша тұрақты ұшудың бекiтiлген кестесiнiң күшiн жояды.

14 14. Бұрын күшi жойылған тұрақты ұшуларды орындауды қайта жаңғырту осы Нұсқаулықтын 7 және 8-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

1 Қазақстан Республикасының

халықаралық авиамаршруттарындағы
тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа
1-қосымша

0 _____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстердi орындау графигi

«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрлiгi
Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы
____________________(Т.А.Ә.)
20 __жылғы «____» ___________
_____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстердi орындау графигi

ХА­АҰ ко­ды және рейс нө­мiр­лерi
Орын­дау ке­зеңi
Ап­та күн­дерi
Марш­ру­ты (әу­е­жай ата­уы, УТЦ уа­қы­ты)
Ес­керт­пе
гг­ммдд
гг­ммдд
1
2
3
4
5
6
7

Ком­мер­ци­я­лық құқы­ғы бар учас­ке­лер
"тоқ­та-овер" құқы­ғы бар пункт­тер
Тех­ни­ка­лық қо­ну пункт­терi
Құ­ра­с­ты­ру
ӘК үл­гiсi
Авиакомпания басшысы
немесе ол уәкiлеттiк
еткен тұлға Т.А.Ә. МО

2 Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)

Қазақстан Республикасының
халықаралық
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша
Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)
Пай­да­ла­ну­шы
Ад­ре­са­ты(тар)
+
-
(ж.а.к.)
жа­рам­ды
(ж.а.к.) бой­ын­ша жа­рам­ды
Ұшу күн­дерi
ӘК та­ным ин­дексi
ӘК үл­гiсi және iздiң тур­бу­лент­тi са­на­ты
Әу­е­ай­лақ және ұшу уа­қы­ты
1
2
3
4
5
6
7
Ұшу әу­е­ай­лақ­та­ры
ж.а.к. күнi
Се­ри­я­лық
Па­рақ
Қо­сым­ша де­ректер
Крей­сер Марш­ру­ты
Әу­е­ай­лақ­ты бел­гiлеу және бiт­кен уа­қыт
Ес­керт­пе
Жыл­дам­дық
Эше­лон
Марш­рут
RPL жасауға жауапты тұлғаның ___________ Т.А.Ә.      МО

Қолданыстағы