Об утверждении формы бирки на орудие лова для промыслового рыболовства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы бирки на орудие лова для промыслового рыболовства
- Атауы (қаз.)
- Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 521
- Қабылданған күні
- 19.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2016 AI54587_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006480_
- ЭКБ идентификаторы
- 54587
- Редакция идентификаторы
- AI54587_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:31
0 Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Балық аулау ережелерінің 20-тармағының 2) тармақшасынасәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берілген Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысаны бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 15 мамырдағы «Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы» № 16-6/72п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4270 тіркелді, 2006 жылғы 6 шілдедегі № 123 (929) «Заң газетінде» жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 521 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма
Облыс __________________________________________________________
Балық шаруашылығы ұйымы_________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі______________
Аулау құралы___________________________ (____________________)
параметрлерi
Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.