Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из накопительных пенсионных фондов Күшін жойған
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аударудың тәртiбi туралы ЕРЕЖЕЛЕР
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 24.05.2004 N 146 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің нормативті құқықтық актілерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аударудың тәртібі туралы ережелер" бекітілсін және ол Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 09 маусымдағы N 74-П "Жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі туралы нұсқаулығы" (1998 жылғы 27 тамыздағы N 586 мемлекеттік тіркелім ) күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Заң бөлімі (Лысенко Ю.Н.) осы бұйрықпен бекітілген "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аударудың тәртібі туралы ережелерді" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркетсін.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
"______"_________ _2000 ж.
Басқа 4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аударудың тәртібі туралы ережелері
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің
2000 жылғы 04 қаңтардағы
N 2-Ө бұйрығымен
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аударудың тәртібі туралы ережелері
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы" Заңы мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және салымшылардың немесе алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару кезiндегi салымшы немесе алушылар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары iс-әрекетiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Қолданылатын қысқартулар:
"Қор", "Қорлар" - жинақтаушы зейнетақы қоры, жинақтаушы зейнетақы қорлары;
"жiберушi-Қор" - салымшы немесе алушы онымен зейнетақы келiсiм-шартын бұзып одан жинақталған зейнетақы қаражатын аударатын жинақтаушы зейнетақы қоры;
"алушы-Қор" - салымшы немесе алушы онымен зейнетақы келiсiм-шартын жасап оған жинақталған зейнетақы қаражатын аударатын жинақтаушы зейнетақы қоры;
"Өтiнiш" - салымшының немесе алушының зейнетақы келiсiм-шартын бұзу мен жинақталған зейнетақы қаражатын аудару жөнiндегi өтiнiшi.
Тарау 1. 1. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару туралы өтiнiштi беру мен оны қорлардың қарау тәртiбi
1. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару туралы өтiнiштi беру мен оны қорлардың қарау тәртiбi
Тармақ 1
1. Жiберушi-Қормен зейнетақы келiсiм-шартын бұзу мен алушы-Қорға жинақталған зейнетақы қаражатын аудару үшiн осы Ережелермен белгiленген тәртiпте жасалып берiлген салымшының немесе алушының (немесе оның сенiмдi өкiлi) өз өтiнiшi құқықтық негiз болып табылады.
Тармақ 2
2. Өтiнiш 1-шi қосымшаға сәйкес нысанда берiледi. Салымшы немесе алушы өтiнiшiнде қажет деп ойлаған қосымша мәлiметтердi (жұмыс орны, туысқандарының, сенiмдi өкiлдерiнiң мекен-жайы мен телефондары туралы) көрсетуге құқылы.
Тармақ 3
3. Салымшы немесе алушы өзiнiң өтiнiшiн жiберушi-Қорға мынадай тәсiлдермен жiберуге құқылы:
- жiберушi-Қордың (филиалына, өкiлдiгiне) офисiне, болмаса жiберушi-Қордың агентiне тiкелей;
- пошта байланыс құралдары арқылы жеке басы куәлiгiнiң (төлқұжаттың) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бөлiмiнiң 34, 35 және 36-баптарына сәйкес куәландырылған көшiрмесiмен бiрге;
- алушы-Қор, оның филиалы, өкiлдiгi немесе агентi, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалар арқылы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 167-бабына сәйкес ресiмделген өтiнiштi жеткiзiп беруге берiлген сенiмхатпен бiрге.
Тармақ 4
4. Салымшының немесе алушының қандай да бiр жағдайдың салдарынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару мен өтiнiштi ресiмдеуде өз құқығын пайдалану мүмкiндiгi болмаса, ол өз атынан уәкiлдiк ететiн басқа тұлғаға (бұдан былай - сенiмдi өкiлi) зейнетақы келiсiм-шартын бұзу мен жинақталған зейнетақы қаражатын аудару жөнiндегi iс-әрекеттi жасау үшiн сенiмхат (бұдан былай сенiмхат) беруге құқылы. Сенiмхат қолданылып жүрген заңдарда қаралған тәртiппен берiледi.
Тармақ 5
5. Сенiмдi өкiл, салымшының немесе алушының сенiмхаты негiзiнде, 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiберушi-Қорға өтiнiш беруге құқылы. Сенiмдi өкiл өтiнiштi берген (жiберген) кезде оған сенiмхаттың түпнұсқасын бiрге салады және осы Ережелерде салымшы немесе алушы үшiн қаралған кез келген тәсiлмен жiберушi-Қорға жiберуге құқылы.
Тармақ 6
6. Жiберушi-Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға өтiнiш алғаннан кейiн зейнетақы заңдарының салымшының немесе алушының жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына күнтiзбелiк жыл iшiнде екi-ақ рет аудару мүмкiндiгi туралы талаптарының сақталуын тексередi. Тексеру алдыңғы қорға жазбаша сұраныс салу жолымен жүргiзiледi. Қорлар сұраныс алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аталған мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Жiберушi-Қор қаралып отырған өтiнiш бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын аудару мен зейнетақы келiсiм-шарттарын бұзудан мынадай жағдайларда бас тартуға мiндеттi:
- жiберушi-Қордың деректер базасындағы салымшы немесе алушы деректемелерiнiң өтiнiште көрсетiлген ақпараттармен сәйкеспеуi;
- өтiнiшке тиiстi тұлға қол қоймаған деп ойлауға дәлелді негiз болуы;
- бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде жинақталған зейнетақы қаражатының екi рет аударылғаны туралы мәлiметтердiң болуы.
Тармақ 8
8. Жiберушi-Қор салымшыға немесе алушыға жинақталған зейнетақы қаражатын аударудан бас тарту себебi көрсетiлген дәлелдi жауабын жазбаша түрде өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жiберуге мiндеттi.
Тармақ 9
9. Салымшының немесе алушының жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жiберушi-Қор өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударудың нысаны мен мерзiмi
2. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударудың нысаны мен мерзiмi
Тармақ 10
10. Қорлар бiр-бiрiне зейнетақы келiсiм-шарттарын бұзу мен жинақталған зейнетақы қаражатын аудару үшiн берiлген өтiнiштердiң қағаздағы және электронды түрдегi тiзiлiмдерiн (тiзiмдерiн) дайындау жөнiндегi қызмет пен заңға қайшы келмейтiн басқа да қызметтердi көрсету туралы өз ара келiсiм жасасуға құқылы.
Тармақ 11
11. Кез келген түрде (қағазда, электронды түрде) жасалған салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға берген өтiнiштер тiзiлiмдерiнiң (тiзiмдердiң) онда бар мәлiметтерге қарамастан, заңды күшi болмайды және де жинақталған зейнетақы қаражатын аудару үшiн негiз болмайды.
Тармақ 12
12. Жiберушi-Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аудару үшiн МТ-102 форматы бойынша электронды төлемдiк тапсырыстарды қалыптастырады (бұдан былай - ЭТТ).
Тармақ 13
13. ЭТТ-да мына деректер болу керек:
Тармақша 1
1) ЭТТ-ның нөмiрi,
Тармақша 2
2) ЭТТ-ның уақыты,
Тармақша 3
3) Жiберушi-Қордың атауы,
Тармақша 4
4) Жiберушi-Қордың кастодиандық есеп шотының нөмiрi,
Тармақша 5
5) Жiберушi-Қордың СИН-i,
Тармақша 6
6) Жiберушi-Қордың банк-кастодианының коды,
Тармақша 7
7) Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты,
Тармақша 8
8) Бас бухгалтердiң тегi, аты, әкесiнiң аты,
Тармақша 9
9) Алушы-Қордың банк-кастодианының коды,
Тармақша 10
10) Алушы-Қордың кастодиандық шотының коды,
Тармақша 11
11) Алушы-Қордың СТН-i,
Тармақша 12
12) Алушы-Қордың атауы,
Тармақша 13
13) төлемнiң тағайындау коды (014),
Тармақша 14
14) жiберу тәсiлi (07 яғни электронды),
Тармақша 15
15) төлемнiң тағайындалуы: жинақталған зейнетақы қаражатын "____"________________ өтiнiшке сәйкес мiндеттi (ерiктi) зейнетақы жарналары есебiнен аудару,
Тармақша 16
16) аударылып отырған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы,
Тармақша 17
17) салымшылардың немесе алушылардың әрқайсысының -
аударылып отырған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы;
- аударудың түрi (С-мiндеттi зейнетақы қоры, V-ерiктi зейнетақы қоры),
- Әлеуметтiк жеке коды,
- тегi,
- аты,
- әкесiнiң аты,
- туған жылы көрсетiлген тiзiмi.
Тармақ 14
14. Қалыптасқан ЭТТ-ы ақшаны кастодиандық есеп шоттан алушы-Қордың банк-кастодиандағы кастодиандық есеп шотына аударатын жiберушi-Қордың банк-кастодианына ұсынылады.
Тармақ 15
15. Аударылып отырған жинақталған зейнетақы қаражатының сомалары жеке есеп шот жабылып отырған уақыттағы жай-күйi бойынша есептелген инвестициялық табысты есепке алғандағы салымшының немесе алушының жеке зейнетақы есеп шоты бойынша анықталады. Жiберушi-Қор сомаларды жеке зейнетақы есепшотын жапқаннан кейiнгi келесi банктiк күн iшiнде аударым жасайды.
Тармақ 16
16. Жiберушi-Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды алушы-Қорға өтiнiш тiркелген күннен бастап бiр айға дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.
Тарау 3. 3. Есебi салымшылардың немесе алушылардың деректемелерi қате берiлген жеке зейнетақы есеп шоттарында жүргiзiлетiн жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару тәртiбi
3. Есебi салымшылардың немесе алушылардың деректемелерi қате берiлген жеке зейнетақы есеп шоттарында жүргiзiлетiн жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару тәртiбi
Тармақ 17
17. Салымшы немесе алушы өтiнiш берген кезде аталған салымшының/алушының қате берiлген деректемелерiне зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде ашылған жеке зейнетақы есеп шоты бар екенi анықталған жағдайда жiберушi-Қор салымшы немесе алушыны хабардар етуге және 3-шi қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растау қағазын әкелудi ұсынуға мiндеттi.
Анықтама-растау қағазы салымшының немесе алушының зейнетақы жарналарын жiберушi-Қорға аударған ұйым бередi.
Анықтама-растау қағазына берiп отырған ұйымның басшысы мен бухгалтерi қол қойып, олардың қолы мөрмен расталуы тиiс.
Зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде қате жiберген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк және басқа да қызметтi жүзеге асырушы жеке тұлға қате жiберiлген төлемдiк құжаттардың көшiрмесiн, сондай-ақ салымшының немесе алушының қате жiберiлген жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесiн (төлқұжат) ұсынып растайды.
Тармақ 18
18. Егер салымшының немесе алушының оның деректемелерiнде жiберiлген қателерге анықтама-растау қағазы болса, қатесi бар жеке зейнетақы есеп шотынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару үшiн өтiнiште көрсетiлген мәлiметтермен қатар қате берiлген деректемелерiн көрсетуге және өтiнiшпен бiрге анықтама-растау қағазының түпнұсқасын, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесiн салуға құқылы. Мұндай өтiнiштi салымшы немесе алушы тиiстi құжаттарды қоса сала отырып, осы Ережелердiң 3 және 4-тармақтарында қаралған тәртiп пен мерзiмде бередi.
Тармақ 19
19. Деректемелерiнде қате жiберiлiп ашылған жеке зейнетақы шоттарынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару осы Ережелерде қаралған тәртiп пен мерзiмде жүргiзiледi.
Басқа 44. Салымшы/алушының жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға ӨТІНІШ
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі
комитетінің
2000 жылғы 04 қаңтардағы
N 2-Ө бұйрығымен
"Жинақтаушы
зейнетақы қорларынан жинақталған
зейнетақы қаражаттарын
аударудың тәртібі туралы
Ережелерге"
1-қосымша
Назар аударыңыз! Өтініш баспа әріптерімен анық толтырылады
Кімге:________________________________________________________________
(жіберуші-Қордың атауы)
Салымшы/алушының жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға ӨТІНІШ
Мен, салымшы/алушы
тегі _________________________________________________________________
аты __________________________________________________________________
әкесінің аты _________________________________________________________
Күні ______ Айы ________ Жылы ___________ Туған күні _________________
Құжат түрі: _____________ Жеке басының куәлігі _____________ Төлқұжаты
Күні _____ Айы ______ Жылы ________ Сериясы _________ Нөмірі _________
Берілді ______________________________________________________________
(кім берген)
Әлеуметтік дербес коды (ӘДК) N _______________________________________
Зейнетақы шартын бұзуды және менің жинақталған зейнетақы қаражатымды
толық көлемде міндетті (ерікті) зейнетақы жарналары есебінен
______________________________________________________________________
(алушы-Қордың атауы)
аударуыңызды өтінемін.
Ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде мына қорлардың салымшысы/алушысы
болдым:
1) ___________________________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
2) ___________________________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
Өз қолыммен тапсырамын;
Поштамен жіберемін;
Жеке басы куәлігінің (төлқұжаттың) "Нотариат туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бөлімінің 34, 35 және 36-баптарына сәйкес
куәландырылған көшірмесін қоса жіберіп отырмын;
______________________________ арқылы тапсырамын
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес
ресімделген
_____ жылғы "___"_________ N ____ сенімхатты қоса жіберіп отырмын;
Мына мекен-жайда тұрамын:
индекс ______, ________________ обл. _______________ қ.(пос., с.),
_______________ көшесі, үй N ____, пәт. N ___; үй телефоны __________;
Жұмыс орным: индекс ______, ______________ обл.___________қ.(пос.,с.),
_____________ көшесі, үй N ____, жұмыс телефоны ________, факс ______,
Ұйымның атауы:________________________________________________________
Қолдары:
Салымшы/алушы:_______________________________
Күні ______ Айы __________ Жылы _____________
Өтініш жазылған күн: ________________________
(ТАӘ, қызметі)
Күні Айы Жылы
Жіберуші-Қорда тіркелді: ____________________
Кіріс нөмірі ________________________________
Ескертулер
Тармақ 1
1. Жіберуші-Қормен зейнетақы шартын бұзуға және жинақталған зейнетақы қаражатын алушы-Қорға аударуға салымшының/алушының (немесе оның сенім білдірген адамының) жеке өтініші құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Жіберуші-Қор қаралып отырған өтініш бойынша зейнетақы шартын бұзудан және жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасаудан мынадай жағдайларда бас тартуға міндетті:
- өтініште көрсетілген ақпараттар салымшыны/алушының жіберуші-Қордағы мәліметтер базасындағы деректемелермен сәйкес келмегенде;
- өтінішке тиісті адамның қол қоймағандығына көз жеткізетін негіздер болғанда.
Тармақ 3
3. Жіберуші-Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударудан бастарту себебін көрсете отырып салымшыға-алушыға өтініш берілген сәттен бастап бір ай мерзімде жазбаша түрде түсіндірме хат жіберуге міндетті.
Тармақ 4
4. Жіберуші-Қор өтініш тіркелген күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде алушы-Қорға жинақталған зейнетақы қаражатын аударады.
Басқа 49. Сенімді өкілдің жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға ӨТІНІШ
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі
комитетінің
2000 жылғы 04 қаңтардағы
N 2-Ө бұйрығымен
"Жинақтаушы
зейнетақы қорларынан жинақталған
зейнетақы қаражаттарын
аударудың тәртібі туралы
Ережелерге"
2-қосымша
Назар аударыңыз! Өтініш баспа әріптерімен анық толтырылады
Кімге:_______________________________________________________________
(жіберуші-Қордың атауы)
Сенімді өкілдің жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға ӨТІНІШ
Мен, ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
салымшы/алушының:
тегі ________________________________________________________________
аты _________________________________________________________________
әкесінің аты ________________________________________________________
Күні ________ Айы ________ Жылы ________ Туған күні _________________
Құжат түрі: ________ Жеке басының куәлігі ________ Төлқұжаты
Күні _______ Айы _______ Жылы _______ Сериясы _______ Нөмірі ________
Берілді _____________________________________________________________
(кім берген)
Әлеуметтік дербес коды (ӘДК) N ______________________________________
Мына мекен-жайда тұрамын:
индекс________ ,_________________ обл. ________________ қ.(пос., с.),
______________ көшесі, үй N ____, пәт. N ____; үй телефоны ________ ;
Жұмыс орным: индекс _____, ____________ обл. ___________ қ.(пос.,с.),
________ көшесі, ____ үй N ____, жұмыс телефоны ______, факс ______ ,
Ұйымның атауы: ______________________________________________________
______ жылы "___"__________ берілген N ________ сенімхаттың негізінде
әрекет ете отырып, зейнетақы шартын бұзуды және оның жинақталған
зейнетақы қаражатының толық көлемде міндетті (ерікті) зейнетақы
жарналары есебінен __________________________________________________
(алушы-Қордың атауы)
аударуыңызды өтінемін.
Ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде мына қорлардың салымшысы/алушысы болдым:
1) __________________________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
2) __________________________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
Қолдары:
Сенімді өкіл: ___________________________________
Күні Айы Жылы
Өтініш жазылған күн: ____________________________
Өтініш және сенімхат (сенімхаттың түпнұсқасы)
қабылдадым: "___"______ж.___________(ТАӘ, қызметі)
Күні Айы Жылы
Жіберуші-Қорда тіркелді: ________________________
Кіріс нөмірі ____________________________________
Ескертулер
Тармақ 1
1. Жіберуші-Қормен зейнетақы шартын бұзуға және жинақталған зейнетақы қаражатын алушы-Қорға аударуға салымшының/алушының (немесе оның сенім білдірген адамының) жеке өтініші құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Жіберуші-Қор қаралып отырған өтініш бойынша зейнетақы шартын бұзудан және жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасаудан мынадай жағдайларда бас тартуға міндетті:
- өтініште көрсетілген ақпараттар салымшыны/алушының жіберуші-Қордағы мәліметтер базасындағы деректемелермен сәйкес келмегенде;
- өтінішке тиісті адамның қол қоймағандығына көз жеткізетін негіздер болғанда.
Тармақ 3
3. Жіберуші-Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударудан бастарту себебін көрсете отырып салымшыға-алушыға өтініш берілген сәттен бастап бір ай мерзімде жазбаша түрде түсіндірме хат жіберуге міндетті.
Тармақ 4
4. Жіберуші-Қор өтініш тіркелген күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде алушы-Қорға жинақталған зейнетақы қаражатын аударады.
Басқа 54. АНЫҚТАМА-РАСТАУ ҚАҒАЗЫ
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі
комитетінің
2000 жылғы 04 қаңтардағы
N 2-Ө бұйрығымен
"Жинақтаушы
зейнетақы қорларынан жинақталған
зейнетақы қаражаттарын
аударудың тәртібі туралы
Ережелерге"
3-қосымша
АНЫҚТАМА-РАСТАУ ҚАҒАЗЫ
Кәсіпорынның толық атауы:___________________________
Кәсіпорынның СТН-і:_________________________________
Кәсіпорынның пошталық мекен-жайы:___________________
Банктік деректемелері:______________________________
Банктің атауы:______________________________________
Есеп айырысу шоты:__________________________________
МФО:________________________________________________
----------------------------------------------------------------------
Дұрыс мәліметтер ! Қате көрсетілген мәліметтер
----------------------------------------------------------------------
N ! Тегі ! Аты ! Әкесінің ! Туған ! Тегі ! Аты ! Әкесінің ! Туған
! ! ! аты ! күні ! ! ! аты ! күні
----------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
----------------------------------------------------------------------
Тізімінде қате жіберілген төлем тапсырмасы туралы ақпарат
----------------------------------------------------------------------
Төлем ! Төлем ! Банктің ! Төлем ! Салымшыға төлем
тапсыр. ! тапсырма ! өткізбенің ! тапсырмасының ! тапсырмасында
масының ! сының ! күні ! жалпы сомасы ! аударылған жарна
N ! күні ! ! ! сомасы
----------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------
Бірінші басшы: ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты
(қолы)
Бухгалтер: ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты
(қолы)
М.О.
Анықтаманы рәсімдеуге қойылатын міндетті талаптар:
Тармақ 1
1. Анықтама ұйымның бланкісінде жазылады немесе ұйымның бұрыштама мөртабаны қойылуы тиіс.
Тармақ 2
2. Анықтамаға бірінші басшы және бухгалтер қол қойып, дөңгелек
мөрмен расталады.
Тармақ 3
3. Анықтама салымшы/алушының дұрыс деректемелерімен қатар (жеке басының куәлігі (төлқұжат) мәліметтеріне сәйкес) қате деректемелері де көрсетілуі керек.
Тармақ 4
4. Бірнеше қате табылған кезде барлық жіберілген қателер көрсетіледі.