Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"

Қаулы · № 976 · қабылданған 24.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54600/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета" Күшін жойған Қаулы ·№ 976 ·24.09.2010
19.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"

Күшін жойған Қаулы ·№ 976 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"
Атауы (қаз.)
"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
976
Қабылданған күні
24.09.2010
Көрсетілген редакция
19.12.2012 AI54600_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000976_
ЭКБ идентификаторы
54600
Редакция идентификаторы
AI54600_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:17

0 "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 976 қаулысымен
бекітілген
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат электрондық Үкімет порталында: www.e.gov.kz, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген интернет-ресурстарында орналастырылған.

5

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы және уақытша әкетілген мәдени құндылықтың түпнұсқалылығы туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Қорытынды жазбаша түрде қағаз тасығышта ресімделеді.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі;

а а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - бес жұмыс күні;

2 2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды;

3 3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 10 минут;

4 4) қорытындыны алған кезде күту уақыты - 10 минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген басқармалардың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.

Қабылдау алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру бөлек кіреберісі бар рұқсаттама бюросы беретін бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсат қағазы қызметті көрсететін тұлғаның тікелей телефон арқылы берілген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті қолдау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары болады. Кіреберіс мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы (не сенімхат бойынша өкіл) Басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес өтініш;

2 2) жеке тұлға үшін - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;

3 3) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен талаптары туралы шартының көшірмесі;

4 4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрамдас бөліктерінің мөлшері 10x15 сантиметр фотосуреті;

5 5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;

6 6) заңды тұлғалар үшін - уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшының бұйрығы;

7 7) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.

12 12. Өтініштің үлгісі Үкімет порталында: www.e.gov.kz, жергілікті атқарушы органдардың осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген интернет-ресурстарында орналастырылған.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар және заттар мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Басқармаларға тапсырылады.

14 14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.02.11 № 128 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

15 15. Басқарманың құжаттамалық қамтамсыз ету қызметінің тіркеу (кіріс нөмірі, күні) мөртабаны бар тұтынушы өтінішінің көшірмесі құжаттар мен заттардың тапсырылғанын растау болып табылады.

16 16. Қорытынды және сараптамадан өткен мәдени құндылық ретінде қаралатын заттар тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкілге) жеке өзі келгенде осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайларда беріледі.

Қорытындыны және заттарды беру берілген Қорытындылар журналына тіркеледі.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау негіз болып табылады.

Қорытынды беруден бас тартылған жағдайда, Қорытынды беру үшін белгіленген мерзімде тұтынушыға жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Басқарманың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық; мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі толық ақпарат беру, оның қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Басқарманың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі түсіндіреді.

22 22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы орган басшылығының атына беруге болады.

23 23. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары және жұмыс кестелері көрсетілген басқарманың не жергілікті атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы жазбаша түрде поштамен немесе қолма-қол беріледі.

23-1 23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24 24. Шағым еркін нысанда әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы Қорытындыны беруге басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің белгісі бар өтініштің көшірмесімен қоса беріледі.

25 25. Шағымды басқарманың не жергілікті атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді. Шағым берген тұлғаға тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26 26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарынан алуға болады.

48 Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен кестелері

«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен кестелері
Р/с №
Ата­уы
Ме­кен-жайы
Те­ле­фон №
Элек­трон­ды поч­та­ның ме­кен-жайы
Жұ­мыс кесте­сі
1
2
3
4
5
6
1.
Аста­на қа­ла­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Аста­на қ., Бей­біт­ші­лік көш., 11, 751-бөл­ме
8(7172) 55-67-69, 55-67-64
dep_culture@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
2.
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қ., Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4, 423-бөл­ме
8 (727)
272-58-83,
271-65-63,
272-02-72,
272-10-01
culture_almaty@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
3.
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Тал­ды­қор­ған қ., Тәу­ел­сіз­дік көш., 38, 3-бөл­ме
8(7282)
27-16-19, 27-14-49, 27-15-97, 24-77-22
kulture-tald@​mail.​online.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
4.
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Көк­ше­тау қ., Сәт­па­ев көш., 1, 102-бөл­ме
8(7162)
25-76-60, 25-81-73, 25-81-60, 25-81-72
Kultura-kokshetau@​yandex.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
5.
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Ақ­тө­бе қ., Әбіл­хай­ыр хан даңғ., 40, 658-бөл­ме
8 (7132)
59-52-05, 56-03-12, 59-51-52, 56-47-58
aktobe_kulture@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
6.
Аты­рау об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Аты­рау қ., Азаттық даңғ., 9, 3-бөл­ме
8 (7122)
35-41-89, 35-42-84, 27-11-57, 32-41-37
ouk_atyrau@​rambler.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.30-ден 18.30-ға дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
12.30-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
7.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Өс­ке­мен қ., Го­лов­ков көш., 29, 302-бөл­ме
8 (7232)
26-28-30, 26-37-12, 26-30-63, 24-92-03
culturevko@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
8.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Орал қ., До­стық-Друж­ба даң­ғы­лы, 166/1, 7-бөл­ме
8(7112)
51-55-54, 50-09-46, 51-25-35, 50-45-89, 51-07-37
kultzko@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.30-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
9.
Жам­был об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Та­раз қ., Сү­лей­ме­нов көш., 17 «а», 4-бөл­ме
8 (7262)
43-06-63, 45-79-51, 45-15-49, 43-09-54, 45-13-99
tarazkultura@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 15.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
10.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Қа­ра­ған­ды қ., Мо­жай­ский көш., 13а
8(7212)
41-14-81, 41-14-68, 42-30-08
karkultura@​yandex.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
11.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Қы­зы­лор­да қ., нө­мір­сіз 3-ші бе­кі­ті­л­ген квар­тал, 18-бөл­ме
8(7242)
27-29-53, 27-41-52, 26-29-64
oblcultkzl@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
12.
Қо­ста­най об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Қо­ста­най қ., Әл-Фа­ра­би көш., 60
8(7142)
57-51-90, 57-53-53, 57-53-20, 57-53-21
kultura@​kos​tana​y.​kz
kultura_kostanay@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
13.
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Ақ­тау қ., 23-ша­ғын ауда­ны, 1
8(7292)
42-66-10, 42-13-00, 42-77-62, 42-77-60
mook_od@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
12.30-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
14.
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Пав­ло­дар қ., Ака­де­мик Мар­ғу­лан көш., 115, 2-бөл­ме
8(7182)
32-03-29, 32-22-37, 32-37-77
Dep_culture@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.30-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Пет­ро­павл қ., Кә­рім Сутю­шев көш., 7
8(7152)
46-43-92, 49-26-79, 49-27-55
kultsko@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі
16.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Шым­кент қ., Тәу­ке хан даңғ., 2-а 2-бөл­ме
8 (7252)
53-93-49, 53-91-81, 53-94-62, 55-10-88
oko_madeniet@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі:
са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін,
үзі­ліс са­ғат
13.00-ден 15.00-ге дей­ін.
Де­ма­лыс күн­де­рі:
сен­бі және жек­сен­бі

49 Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары

«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары
Р/с

Ата­уы
Ме­кен­жайы
Те­ле­фон нө­мі­рі
Ин­тер­нет-ре­сур­стар
1
2
3
4
5
1.
Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі
Аста­на қ., Бей­біт­ші­лік көш., 11
8(7172)
55-64-06 55-64-82, 55-64-81, 55-64-85
www.​astana.​kz
2.
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі
Ал­ма­ты қ., Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
8(7272)
71-66-47
ф.716647
www.​almaty.​kz
3.
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Тал­ды­қор­ған қ., Тәу­ел­сіз­дік көш., 38
8 (7282)
24-77-22 ф.247722
www.​zhetysu-​gov.​kz
4.
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Көк­ше­тау қ., Абай көш,, 89
8(7162)
25-48-37 25-02-59
www.​akmo.​kz
5.
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Ақ­тө­бе қ., Әбіл­хай­ыр хан көш., 40
8(7132)
93-20-79 56-31-66
www.​akimat.​infо
6.
Аты­рау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Аты­рау қ., Әй­те­ке-би көш., 77
8(7122)
27-08-96
ф.27-11-57
www.​aty​rauo​bl.​kz
7.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Өс­ке­мен қ., Горь­кий көш., 40
8 (7232) 26-42-54
ф.26-42-54
www.​cul​ture​vko.​uka.​kz
8.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Орал қ., До­стық даң­ғы­лы, 201
8(7112)
50-02-36
ф.50-09-46
www.​western.​kz
9.
Жам­был об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Та­раз қ., Абай көш., 125
8 (7262)
45-73-97 43-27-18
www.​zhambyl.​kz.
10.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Қа­ра­ған­ды Буль­вар-Ми­ра көш., 39
8 (7212) 56-19-80 ф.56-19-79
www.​kar​agan​da-​region.​kz
11.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Қы­зы­лор­да қ., Ы. Жа­қа­ев көш., 76
8 (7242) 27-63-73 27-89-66, 26-16-44
www.​kyz​ylor​da.​kz
12.
Қо­ста­най об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Қо­ста­най қ., Әл-Фа­ра­би көш., 66
8(7142)
57-51-90 ф.57-53-53
www.​kos​tana​y.​kz
13.
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Ақ­тау қ., 14 ша­ғын ауд., 1
8(7292)
42-66-10 ф.42-13-00
www.​man​gist​au.​kz
14.
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Пав­ло­дар қ., Ака­де­мик Сәт­па­ев көш., 49
8(7182)
32-33-26
www.​pav​loda​r.​gov.​kz
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Пет­ро­павл қ., Кон­сти­ту­ция көш., 53
8(7152)
46-36-35
www.​sko.​kz
16.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Шым­кент қ., Тәу­ке хан даңғ., 6
8 (7252)
53-45-44 53-00-24, 53-00-21
www.​ont​usti​k.​kz

50 Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беруге өтініш

«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
3-қосымша
Жеке тұлғаға арналған үлгі
Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беруге өтініш
Өтініш берушінің А.Т.Ә. _________________________________________
Туған күні (күні, айы, жылы): ___________________________________
Азаматтығы: _____________________________________________________
Тіркелген орны: _________________________________________________
Іс жүзінде тұратын жері: ________________________________________
Байланыс телефоны: ______________________________________________
Ұсынылған затқа меншік құқығы туындауының негізі: _______________
_________________________________________________________________
Заттың сипаттамасы: _____________________________________________
_________________________________________________________________
Затты әкету мақсаты: ____________________________________________
Затты тасымалдау шарттары: ______________________________________
Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзімі: ____
_________________________________________________________________
Құжаттар мен заттардың тізімдемесі (осы стандарттың 11-тармағына сәйкес):
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
5. ______________________________________________________________
6. ______________________________________________________________
7.________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы: __________________________________________
Өтініш берілген күн: ____________________________________________

51 Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беруге өтініш

«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
4-қосымша
Заңды тұлғаға арналған үлгі
Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беруге өтініш
Заңды тұлғаның атауы: __________________________________________
Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, байланыс телефондары, СТН, БИК): __________________________________________________________
Астаналық филиал (мекенжайы, байланыс телефондары, есептік тіркеу туралы куәлігінің нөмірі және берілген күні) ___________________
Ұсынылған затқа меншік құқығының туындау негізі: _______________
________________________________________________________________
Заттың сипаттамасы: ____________________________________________
Затты әкету мақсаты: ___________________________________________
Затты тасымалдау шарттары: _____________________________________
Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзімі: ___
________________________________________________________________
Құжаттар мен заттардың тізімдемесі (осы стандарттың 11-тармағына сәйкес):
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
4. _____________________________________________________________
5. _____________________________________________________________
6. _____________________________________________________________
7. _____________________________________________________________
Қолы ___________________________________________________________
(бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам)
М.О.
Өтініш берілген күн: ___________________________________________

52 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткішінің мәні

«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткішінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жы­л­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. Құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % -ы (үле­сі)
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на және оны ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3.1. Ақ­па­рат­қа элек­трон­дық фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер %-ы (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)

Қолданыстағы