Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем

Бұйрық · № 200 · қабылданған 20.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54608/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем Күшін жойған Бұйрық ·№ 200 ·20.08.2010
28.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем

Күшін жойған Бұйрық ·№ 200 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем
Атауы (қаз.)
Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
200
Қабылданған күні
20.08.2010
Көрсетілген редакция
28.01.2016 AI54608_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006488_
ЭКБ идентификаторы
54608
Редакция идентификаторы
AI54608_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:31

0 Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6 бабы 9) тармақшасына, 27 бабы 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі бекітілсін.

2

2. «Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 311-п бұйрығының (нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4928 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы қыркүйек айында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

5 Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі

5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
министрінің 2010 жылғы
№ 200 бұйрығымен бекітілді
Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен әзірленді және мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу тәртібін анықтайды.

2

2. Ақпараттық жүйелердің аудиті ақпараттық жүйелердің ағымдағы жай-күйлерінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативті-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілеу, бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

3 3. Аудитті жүргізуді ақпараттық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар жүзеге асырады.

4 4. Аудитті тапсырыс берушісі ақпараттық жүйенің меншік иесі және (немесе) иемендеушісі, не болмаса әзірлеушісі болып табылады.

5 5. Аудиттің негізгі бағыттары:

ақпараттық жүйенің қызметі оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігін;
ақпараттық жүйені әзірлеуі, енгізуі, сүйемелдеуі және пайдалануы стандартқа сәйкестігін;
қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер қорын қосқанда ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін;
телекоммуникациялық инфрақұрылым қауіпсіздігінің жай-күйін, оның техникалық жай-күйі мен топологиясын;
нормативтік-техникалық құжаттаманың стандарттық талаптарға сәйкестігін бағалау болып табылады.

6 6. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу жөніндегі шығыстарды ақпараттық жүйенің меншік иесі және (немесе) иемендеушісі мен әзірлеушісі арасындағы келісімін шешім бойынша айқындалған тарап көтереді.

2 2. Аудит жүргізу тәртібі

7 7. Аудит тапсырыс беруші мен ақпараттық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар арасындағы шартқа сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізген, кезінде ақпараттық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар тұлғаларды таңдау Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша аудиторлық қызметін көрсетуге мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шартқа қол қойылады.

8 8. Аудиттің бағыты, жүргізілетін жұмыстардың, құрамы мен көлемі тапсырыс берушімен анықталады және техникалық ерекшеліктер түрінде шартқа қосымша ретінде беріледі.

Аудит жүргізу барысында мемлекеттік ақпараттық жүйелер және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер аудитін бақылау және жүйелендіру мақсатында техникалық ерекшелік ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. Сонымен қатар, келісу мерзімі техникалық ерекшелік уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды.

9 9. Аудит ақпараттық жүйені құру, ендіру және пайдалану кезеңінде жүргізіледі.

10

10. Аудит ақпараттық жүйенің қызметін зерттеу, ұйымдық құрылымына және архитектурасына, телекоммуникациялық инфрақұрылымына, ақпараттық ағымдарға, техникалық және бағдарламалық құралдар кешенінің құрамы мен құрылымына, ақпараттарды қорғау жүйесіне және берілген нормативті-техникалық құжаттарға талдау жүргізілу арқылы жүзеге асырылады.

11

11. Аудит өткізу мерзімі ақпараттық жүйенің функционалдық күрделілігіне, құрылымдық құрауыштары (кіші бағдарламалары) санына, оны пайдалану (жұмыс орындарын ұйымдастыру, серверлерге қол жеткізу, өңірлік (аумақтық) ақпараттық жүйені сүйемелдеу орталықтарының болуына), және де тапсырыс беруші тарапынан аудиттің нақты мақсаттарына байланысты және шартта көрсетіледі.

12 12. Аудит нәтижесі бойынша аудиторлық есеп дайындалады, құрамына ақпараттық жүйенің қазіргі жағдайының толығырақ сипаттамасы, анықталған сәйкессіздіктер тізімі және оларды жою ұсынымдары, ақпараттық жүйені жақсарту ұсыныстары кіреді.

13

13. Аудиторлық қорытынды осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. Бұл жұмыс тәжірибесі бар адамдардың және тапсырыс берушінің қолдарымен куәландырылады, аудит қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың мөрімен бекітіледі. Аудиторлық қорытынды кем дегенде 2 (екі) данада жасалады, оның біреуі тапсырыс берушіге беріледі, екіншісі аудиторлық ұйымда қалады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен шоғырландырылған, мемлекеттік ақпараттық жүйе және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе бойынша аудиторлық қартындының көшірмесін тапсырыс беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тарсырады.

14 Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды

14. Аудиторлық қорытындының кепілдемелік өзгешелігі болады.
Ақпараттық жүйелердің аудитін
жүргізу ережесіне
1 қосымша
«Бекітемін»
______________
(лауазымы, АТӘ)
«__»____ ____ж.
Нысан
Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды
________________________________________________________________
(ақпараттық жүйенің атауы)
________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
______________________________________________________ саласында
(аудит өткізу саласы)
20__ ж. «___»_________
________________________________________________________________
(ақпараттық жүйелер аудитін жүзеге асыратын тұлғаның атауы)
20__ ж. «__»_________ шартқа сәйкес ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесіне сәйкес аудит өткізілді (ақпараттық жүйелер аудитін өткізу туралы есепке қоса, аудиттің ұйымдастырушылық, техникалық, әдістемелік аспектілері беріледі).
Аудиторлық тексеру барысында осы ақпараттық жүйе мынадай бағалау көрсеткіштеріне ие екені анықталды:
_____________________________________________________ саласындағы                         (аудит өткізу саласы)
белгіленген талаптар және стандартқа сәйкес/сәйкес емес

1 1.______________________________________________

2 2.______________________________________________

3 3.______________________________________________

Ақпараттық жүйені сүйемелдеу және дамыту жөніндегі ұсынымдар
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
«__»_______20__ ж.                       ___________________
(Т.А.Ә, қолы)

Қолданыстағы