Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканская детско-юношеская спортивная школа по конному спорту" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Қаулы · № 631 · қабылданған 21.06.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54639/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканская детско-юношеская спортивная школа по конному спорту" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 631 ·21.06.2010
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканская детско-юношеская спортивная школа по конному спорту" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 631 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканская детско-юношеская спортивная школа по конному спорту" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
631
Қабылданған күні
21.06.2010
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI54639_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000631_
ЭКБ идентификаторы
54639
Редакция идентификаторы
AI54639_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:57

0 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, сондай-ақ ат спортын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы облысы Панфилов кентінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
2) спорт саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-9-жолмен толықтырылсын:
«15-9. «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы