Құжат мәтініне өту

Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қаулы · № 96 · қабылданған 27.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.03.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54657/?version=AI54657_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 96 ·27.08.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

ҚАЗЖастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 96 · қабылданған 27.08.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
27.08.2010
Көрсетілген редакция
01.03.2012 · қолданыстағы AI54657_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
01.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VF000118
ЭКБ идентификаторы
54657
Редакция идентификаторы
AI54657_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:28

0 Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.

2 2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

1 1) қатысушылардың «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2 2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;

3 3) жасы 24 жасқа дейін;

4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. Жастарды жұмысқа орналастыру, меншік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы шарттың негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.

4 4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.

5 5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, Қатысушылардың еңбек ақысы:

1 1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарын бітіргендерге 1,2 ең төменгі еңбек ақы;

2 2) толық айға жоғары оқу орындарын бітірген жас түлектерге 1,5 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жүргізіледі.

6 6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөліммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсiн.

8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.