Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи в связи с рождением четвертого (и более) ребенка

Қаулы · № 280 · қабылданған 04.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54685/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи в связи с рождением четвертого (и более) ребенка Күшін жойған Қаулы ·№ 280 ·04.10.2010
12.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи в связи с рождением четвертого (и более) ребенка

Күшін жойған Қаулы ·№ 280 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи в связи с рождением четвертого (и более) ребенка
Атауы (қаз.)
Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
280
Қабылданған күні
04.10.2010
Көрсетілген редакция
12.09.2012 54685_191081.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10S0001755
ЭКБ идентификаторы
54685
Редакция идентификаторы
54685_191081
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:14

0 Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына сәйкес және «2010-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында бала тууға ынталандыру жөніндегі «Ұрпақтар қоры» Бағдарламасы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 27/3 шешімі негізінде, облыста демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты төртінші (және одан кейінгі) бала туған (асырап алынған), қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған отбасыларының әрбір кәмелетке толмаған баласына республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және әлеуметтік көмек тағайындау күніне қолданылатын жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) көрсетілсін.

2 2. Әлеуметтік көмек келесі құжаттарды ұсынған кезде көрсетіледі:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

2 2) төртінші (және одан кейінгі) баланың тууы туралы куәлiк;

3 3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар барлық кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлiктер;

4 4) кәмелетке толған балалардың жеке басын куәландыратын құжаттар;

5 5) Қазақстан Республикасы азаматының немесе оралманның – ата-аналарының біреуінің, ал ата-анасының екеуі де болмаған жағдайда – қорғаншының (қамқоршының), немесе баланың басқа да заңды өкілінің (бұдан әрі - өтініш беруші) жеке басын куәландыратын құжат;

6 6) өтініш берушінің және оның кәмелетке толмаған балаларының Солтүстік Қазақстан облысында тұратын жерiн растайтын құжат;

7 7) өтініш берушінің салық төлеуші куәлігі;

8 8) баланы асырап алушылар үшін баланы асырап алу туралы куәлік;

9 9) қорғаншылар (қамқоршылар) үшін қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы уәкілетті органның үзіндісі.

3 3. Мыналар айқындалсын:

әлеуметтік көмек тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен бір жолы төленеді;
өтініш беруші әлеуметтік көмекті екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – ЕДБ) алдын ала келісілген үстемеақымен (бұдан әрі – депозит) белгілі мерзім өткеннен кейін оны номиналдық түрде қайтару шартында тапсырады;
ЕДБ әлеуметтік көмекті (депозит бойынша сыйақыны ескере отырып) бала кәмелет жасқа толғаннан кейін төлейді;
әлеуметтік көмек тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-ана құқығынан айрылған кәмелетке толмаған балалар есепке алынбайды;
өтінішті қарау мерзімі - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

4 4. «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі депозиттерді қабылдау үшін ЕДБ таңдау бойынша конкурстық рәсімді өткізуді қамтамасыз етсін.

5 5. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері 451-007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қыркүйегінен туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

17 Облыс әкімдігінің

2010 жылғы 4 қазандағы № 280
қаулысына қосымша
______________ ауданының (қаласының)
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығына
ӨТІНІШ
Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына (асырап алынуына,
қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынуына) байланысты менің кәмелетке
толмаған балаларыма әлеуметтік көмек көрсетуіңізді және оны
__________ ашылған _________ жеке шотқа аударуыңызды өтінемін.
Тегі____________________________________________________
Аты_____________________________________________________
Әкесінің аты____________________________________________
СТН ____________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі ____________________
(құжат түрі көрсетілсін)
Сериясы_____________ нөмірі ____________________________
кім берген _____________________________________________
берілген күні __________________________________________
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________
________________________________________________________
20 жылдың «___» ______________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өтініш қабылданды
20 жылдың «___» _____ __________________________________
(құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)
(кесу сызығы)
--------------------------------------------------------------
Азамат ___________ саны _______ дана қоса берілген құжаттарымен
өтініші қабылданды

20 жылдың «___» _____ __________________________________
(құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Қолданыстағы