О развитии малого бизнеса в области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстағы шағын бизнесті дамыту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығына сәйкес облыста шағын бизнес және кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жұмыстың жандана түскенiн атау керек. Осы мәселе бойынша 1997 жылға арналған шаралар жоспары Экономика және сауда министрлiгiмен келiсiлген. 1997 жылдың 1 маусымына Қостанай облысы бойынша 2561 шаруашылық жүргiзушi субъект бар, 11029 азаматқа жеке iспен шұғылдануға патент берiлген, 4086 фермер шаруашылықтары жұмыс iстеуде. Осының барлығы 45732 кiсiнiң iспен айналысуына, үстiмiздегi жылы қосымша 3720 жұмыс орнын құруға мүмкiндiк туғызды. 5 ай iшiнде экономикалық әлеуетiне қосқан шынайы үлесi мардымсыз. Өнеркәсiп өндiрiсiндегi оның үлесi 2,4 көлiкте-22 жуық, саудада-35 процент құрайды. Жiтiқара, Әулиекөл, Қарабалық аудандарындағы олардың үлесi облыстық көрсеткiштен төмен. Қалалар және аудандар әкiмдерiне өзiндiк өндiрiстi жалға қоюда пәрмендi көмек көрсетiлмейдi, жаңа iске кiрiсе бастаған кәсiпкерлерге кеңес алуда, қаржылық қолдауда, жер учаскелерiн, арнаулы орындар бөлуде көмек көрсету жөнiнен жеткiлiктi түрде жұмыс жүргiзiлмейдi. Тiркеуден өткен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң 70 проценттен астамының қимылсыз қалуы соның айғағы. Қостанай қаласы, Жiтiқара ауданының тiркелген кәсiпорындардың әрбiр бесiншiсi, Қарабалықта - 78-дiң, Науырызда - 68-дiң 5 ғана жұмыс iстеуде, бұл жағдай да еңбекке қабiлеттi халықтың бос жүруiне септiгiн тигiзуде. 1997 жылдың 1 маусымына еңбек биржасында 15,9 мың жұмыссыздар тiркелген және 20 мыңнан астам адам мәжбүрлiк демалыста жүрiп жатыр (жасырын жұмыссыздық). Шағын кәсiпорындарды қаржыландырудың мүмкiндiгi бар көздерiн iздестiру тиiмсiз жолға қойылған, шағын кәсiпорындарға екiншi деңгейдегi несиенi банкiлердiң алғашқы кезекте беру режимi әлсiз енгiзiлуде. Шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi кредиттеу мүмкiндiктерi мен шарттары бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлмейдi. Кәсiпорындарды тiркеу, лицензия алу жосығын жеңiлдету жөнiнде шаралар қабылданбаған. Жоғарыда көрсетiлген мәселенi алқада қарап, ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын орындау жөнiндегi облыстық экономика басқармасының мәлiметi еске алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық экономика басқармасы: әр айдың 10 жұлдызына дейiн шағын бизнестi қолдау және дамыту жөнiнде өткiзiлетiн мониторинг негiзiнде осы мәселенiң жағдайы туралы талдау жазбасын облыс Әкiмiне берсiн; қалалар және аудандар бойынша шағын бизнес және кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды жандандырудың шаралар жоспарын iске асыруға бақылау орнатсын; осы саладағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру және әдiстемелiк жұмысты жүргiзу мақсатында 10 күндiк мерзiмде кәсiпкерлiктi қолдау департаментiн құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкiмдерi: шағын бизнес және кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жеке жауапкершiлiктi осы мәселелердi басқаратын қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң орынбасарларына және басқармалар, экономика бөлiмдерi бастықтарына жүктесiн; осы мәселелер бойынша қалалар мен аудандарда алқаның кеңейтiлген отырыстарын өткiзсiн; екi апталық мерзiмде осы мәселелер бойынша жасалған шараларды келiсiмге облыстық экономика басқармасына жiберсiн; өз өндiрiстерiн жалға қоюда кәсiпкерлерге нақтылы көмек көрсетсiн. Осындай өтiнiштердiң журналын жүргізсiн және жаңадан iс бастаған кәсiпкерлерге кеңес алу, арнаулы орын бөлуге көмектесу жұмыстарын жүргiзсiн; газеттерде, жергiлiктi радио мен теледидарда кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiнде тұрақты айдарлар ашсын, шағын бизнес субъектiлерiнiң озық iс-тәжiрибесiн жинақтасын және таратсын.
Тармақ 4
4. Меммүлiктi және активтердi басқарудағы аумақтық комитетке (Д.Т. Абенов) және Қостанай облысы бойынша жекешелендiру жөнiңдегi комитетке (А.Ф. Быков) түгендеуден өтiлген пайдаланылмай жатқан өндiрiс объектілерi мен мемлекеттiк кәсiпорындардың алаңдарын жарғылық капиталында мемлекеттiк үлестiң қатынасуы бар ұйымдарда үстiмiздегi жылдың маусым айында өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын бизнес және кәсiпкерлер субъектiлерiне осы салаларын 3 жылдық мерзiм аралығында өтейтiндей тендр арқылы мерзiмiн ұзарта сату ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық әдiлет басқармасына (Р.Х. Салықбаев) және «Шағын бизнес орталығы» АҚ (С.Ш. Төлебаев) тiркеу жосығына қатысы бар ведомстволардың басшыларымен бiрлесiп, бiр апталық мерзiм iшiнде тiркеу палатасын құру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Ұлттық банктiң облбасқармасына шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi кредиттеудiң мүмкiндiктерi мен шарттарын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiп отыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық экономика басқармасына жүктелсiн.