Біржолғы талондардың құны және тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Біржолғы талондардың құны және тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Біржолғы талондардың құны және тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/27
- Қабылданған күні
- 26.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2012 · қолданыстағы 54724_214330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PJ000099
- ЭКБ идентификаторы
- 54724
- Редакция идентификаторы
- 54724_214330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:28
0 Біржолғы талондардың құны және тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабына және Май аудандық салық басқармасының орташа күндізгі хронометражды бақылау және тексеру нәтижелеріне сәйкес қарап және талқылап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. "Май ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қоса берілген тізімнің түрлері мен бағанасына сәйкес біржолғы талондардың және тіркелген салықтың ставкалары 1, 2қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған 10 күннен бастап күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі комиссияға жүктелсін.
4 Эпизодикалық сипаты бар кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құны
Май аудандық мәслихатының
2010 жылы 26 тамыздағы
№ 6/27 шешіміне
1-қосымша
Эпизодикалық сипаты бар кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысатын
жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құны
№ р/с
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Бір күндік біржолғы талонның бағасы (теңге)
1.
Сату /стационарлық жайда жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда/:
газет және журналдар
50
тұқым, сондай-ақ отырғызу (екпе, көшет) материалдары
100
бақша дақылдары
150
саяжай және үй төңірегінде өсірілген гүлдер
50
қосалқы ауыл шаруашылық өнімдері, бау-бақша және саяжай телімінен алынған өнімдер
100
мал және құс жем-азығы
200
сыпырғыш, талшыбықтар, саңырауқұлақтар
50
орман жеміс-жидектері,балық
100
бал
200
өңделген саңырауқұлақтар
100
ірі қара мал және жылқы бағу (1 бас)
2
мал бағу (қой, ешкі 1 бас)
1
үй құстарын бағу
0,5
2.
Жер телімін өндейтін жеке трактор иелерінің қызметі
250
3.
халық тұтынатын тауарларды сатушының сөресінен сату (1 сауда орны)
150
азық–түлік тауарларын сатушы сөресінен сату (1 сауда орны)
100
халық тұтынатын тауарларды автокөліктен сату
300
автокөліктен ағаш сату (1 автокөлік)
500
автокөліктен азық-түлік тағамдарын сату (көкөністер, жемістер)
200
халық тұтынатын тауарларды қолдан сату (еттен басқа)
100
азық–түлікті қолдан сату
120
ет сату (1 сауда орны)
300
ұсақ мал (қой, ешкі, шошқа) сату
400
құс сату
250
бұрын қолданыста болған тауарларды қолдан сату
350
бұрын қолданыста болған тауарларды сатушы сөресінен сату (1 сауда орны)
100
5 Тіркелген салықтың ставкалары
Май аудандық мәслихатының
2010 жылы 26 тамыздағы
№ 6/27 шешіміне
2-қосымша
Тіркелген салықтың ставкалары
№ р/с
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Салық салу үшін 1 объектіге бекітілген салық ставкасы (АЕК)
1.
2.
ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
бил - бильярд үстелі
1
3