Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы и Правил составления и представления отчета недропользователей по исполнению обязательств по размеру расходов, направляемых на обучение, повышение квалификации и переподготовку работников, являющихся гражданами Республики Казахстан, задействованных при исполнении контракта, или обучение граждан Республики Казахстан по перечню специальностей, согласованному с компетентным органом

Қаулы · № 1018 · қабылданған 04.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54728/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении формы и Правил составления и представления отчета недропользователей по исполнению обязательств по размеру расходов, направляемых на обучение, повышение квалификации и переподготовку работников, являющихся гражданами Республики Казахстан, задействованных при исполнении контракта, или обучение граждан Республики Казахстан по перечню специальностей, согласованному с компетентным органом Күшін жойған Қаулы ·№ 1018 ·04.10.2010
06.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы и Правил составления и представления отчета недропользователей по исполнению обязательств по размеру расходов, направляемых на обучение, повышение квалификации и переподготовку работников, являющихся гражданами Республики Казахстан, задействованных при исполнении контракта, или обучение граждан Республики Казахстан по перечню специальностей, согласованному с компетентным органом

Күшін жойған Қаулы ·№ 1018 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы и Правил составления и представления отчета недропользователей по исполнению обязательств по размеру расходов, направляемых на обучение, повышение квалификации и переподготовку работников, являющихся гражданами Республики Казахстан, задействованных при исполнении контракта, или обучение граждан Республики Казахстан по перечню специальностей, согласованному с компетентным органом
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1018
Қабылданған күні
04.10.2010
Көрсетілген редакция
06.12.2016 AI54728_6.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100001018_
ЭКБ идентификаторы
54728
Редакция идентификаторы
AI54728_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:14

0

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1

1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысаны;

2

2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1018 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудын және ұсынудың тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар және анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:

электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2 2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасау тәртібі

3

3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасау Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысанын (бұдан әрі - Нысан) мынадай тәртіппен есепті кезең үшін ақпаратпен әрбір оқу орны бойынша жеке жолма-жол толтыру арқылы жүзеге асырылады:

1 1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда Мемлекетаралық елдердің жіктеуішіне сәйкес оқу орны елінің коды көрсетіледі. Егер оқу орны - заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда мамандықтар бойынша (қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға) оқытуды жүргізетін (жүргізген) оку орнының атауы көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда оку орнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер оқу орны - заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

5 5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

6 6) 6-бағанда оқу орнының Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес жеткізушінің нақты орналасқан елді мекенінің коды көрсетіледі. Егер оқу орны - заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

7 7) 7-бағанда оқу орнының заңды тіркеу мекенжайы: елді мекені, көшесі, үйі, офисі көрсетіледі;

8 8) 8-бағанда оқу орнының электрондық мекенжайы көрсетіледі;

9 9) 9-бағанда оқу орнының веб-сайты (болған жағдайда) көрсетіледі;

10 10) 10-бағанда оқу орнының байланыс телефоны, факсы көрсетіледі;

11

11) 11-бағанда келісімшартты орындау кезінде тартылған және оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға оку орнына (3-бағанда көрсетілген) жіберілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қызметкердің немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілген Қазақстан Республикасы азаматының тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі;

12 12) 12-бағанда тегі, аты және әкесінің аты 11-бағанда көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетіледі;

13 13) 13-бағанда келісімшартты орындау кезінде тартылған және оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға оқу орнына (3-бағанда көрсетілген) жіберілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қызметкердің лауазымы көрсетіледі;

14 14) 14-бағанда құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша мамандықтар атауы көрсетіледі. Баған жер қойнауын пайдаланушыда құзыретті органмен келісілген тізбе болған жағдайда ғана толтырылады;

15

15) 15-бағанда қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) есептеусіз Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерді оқытуға, оның біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын оқу орнында (3-бағанда көрсетілген) оқытуға жұмсалған сома мың теңгемен көрсетіледі.

3 3. Қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін ұсыну тәртібі

4

4. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

4 4. Көмірсутек шикізатына арналған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін ұсыну тәртібі

5

5. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей Нысан бойынша ЕХСЕL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардың өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

1 Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысаны

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1018 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысаны
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­тты мем­ле­кет­тік тір­кеу ак­ті­сі­нің тір­кеу нө­мі­рі
Оқу ор­ны­ның елі
Оқу ор­ны­ның ата­уы
Оқу ор­ны­ның БСН
Алы­нып та­стал­ды - ҚР Үкі­ме­ті­нің 02.04.2014 № 305 қа­улы­сы­мен (ал­ғаш­қы ре­сми жа­ри­я­лан­ған кү­ні­нен кей­ін күн­тiз­белiк он күн өт­кен соң қол­да­ны­сқа ен­гiзiледi).
1
2
3
4
кестенің жалғасы
Оку ор­ны­ның заң­ды тір­кел­ген ел­ді ме­ке­ні
Оку ор­ны­ның заң­ды тір­кел­ген ме­кен­жайы
Оку ор­ны­ның элек­трон­дық ме­кен­жайы
Оқу ор­ны­ның сай­ты
Оқу ор­ны­ның те­ле­фо­ны
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­тын, ке­лі­сім­шар­тты орын­дау ке­зін­де оқы­ту­ға, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ға және қай­та да­яр­ла­у­ға тар­ты­л­ған қыз­мет­кер­дің неме­се құ­зы­рет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген ма­ман­дық­тар тіз­бе­сі бой­ын­ша жі­бе­рі­л­ген қыз­мет­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­тын, ке­лі­сім­шар­тты орын­дау ке­зін­де оқы­ту­ға, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ға және қай­та да­яр­ла­у­ға тар­ты­л­ған қыз­мет­кер­дің неме­се құ­зы­рет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген ма­ман­дық­тар тіз­бе­сі бой­ын­ша жі­бе­рі­л­ген қыз­мет­кер­дің ЖСН
Қыз­мет­кер­дің ла­у­а­зы­мы
Құ­зы­рет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген тіз­бе бой­ын­ша ма­ман­дық ата­уы
ҚҚС есеп­те­у­сіз шы­ғын­дар кө­ле­мі, мың тең­ге
11
12
13
14
15
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ҚҚС - қосылған құн салығы
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі

Қолданыстағы