Манкент ауыл округі, Аққала ауылында құтыру ауруына байланысты карантин режимін және іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Манкент ауыл округі, Аққала ауылында құтыру ауруына байланысты карантин режимін және іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Манкент ауыл округі, Аққала ауылында құтыру ауруына байланысты карантин режимін және іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 30.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2010 · қолданыстағы AI54752_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UJO00149
- ЭКБ идентификаторы
- 54752
- Редакция идентификаторы
- AI54752_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:15
0 Манкент ауыл округі, Аққала ауылында құтыру ауруына байланысты карантин режимін және іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық
режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылық жануарларында құтыру ауруының анықталғандығы фактісі бойынша Сайрам ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1-14/807 а ұсыныс хаты негізінде, Манкент ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2010 жылғы 15 қазаннан бастап Сайрам ауданының Манкент ауыл округі Аққала ауылында құтыру ауруына байланысты карантин режимін және іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. Манкент ауыл округі әкімі аппаратының бас маман ветеринариялық инспекторы Т.Султанмуратов Сайрам аудандық ветеринариялық бөлімімен (Е.Оспанов-келісімі бойынша) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып (М.Есболаев-келісімі бойынша) ауыл шаруашылығы малдарына құтыру ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары А.Сайдалиевке жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Сайрам аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы М.О.Есболаев
«30» 09 2010 жыл
Сайрам аудандық ветеринариялық
бөлімінің бастығы Е.Ө.Оспанов
«30» 09 2010 жыл