Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Семей

Ереже · № 30/210-IV · қабылданған 10.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54754/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Семей Күшін жойған Ереже ·№ 30/210-IV ·10.09.2010
15.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Семей

Күшін жойған Ереже ·№ 30/210-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Семей
Атауы (қаз.)
Семей қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/210-IV
Қабылданған күні
10.09.2010
Көрсетілген редакция
15.05.2012 AI54754_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VB000135
ЭКБ идентификаторы
54754
Редакция идентификаторы
AI54754_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:23

0 Семей қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Семей қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Семей қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі

2010 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 30/210-IV шешімге
қосымша
Семей қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Семей қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Ереженің күші Семей қаласындағы жеке және басқадай меншігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.

2 2-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібі

3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:

бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
бірнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзі тұратын тұрғын үй көлемінде (пәтерде тұратындардың барлығының жазбаша келісімімен);
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кіреберісте тиісті жазу жазылған ескерту кестесін қамтамасыз ету қажет.

4

4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелері сатып алған сәттен бастап екі айлық жасынан тіркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті уәкілетті мемлекеттік орган - өз өкілеті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі ветеринарлық төлқұжат береді.

5

5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.

6 6. Иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға рұқсат етілмейді.

7 7. Иттерді таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге рұқсат етілмейді.

8 8. Пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, үй-жай иелерінің кооперативтеріне, кондоминиумдарға:

1 1) жертөлелерге, шатырлар астына және басқа да қосалқы үй-жайларға кіретін есіктерді онда иттер мен мысықтардың кіріп кетуіне жол бермейтіндей жабық күйінде ұстау;

2 2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.

9 9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер, иесі байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледі және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиісті ұйымдардың аулауына жатады.

10 10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйым жүзеге асырады.

11 11. Серуендетуге рұқсат беріледі:

1 1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергі тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигізілген (сәндік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа баудағы иттерді;

2 2) қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттерді.

12 12. Иттерді серуендетуге тыйым салынады:

1 1) балалар аулалық және спорттық алаңқайларында, қалалық жағажайларда, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;

2 2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық іс-шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтік иттерді және көзі нашар көретін адамдар үшін жетектеуші иттерді қоспағанда.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер.

13 13. Семей қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

14 14. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қалалық мәслихаттың хатшысы                      Қ. Мирашев

Қолданыстағы