Об утверждении Квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя авиакомпании
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя авиакомпании
- Атауы (қаз.)
- Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 369
- Қабылданған күні
- 20.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2016 AI54817_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006487_
- ЭКБ идентификаторы
- 54817
- Редакция идентификаторы
- AI54817_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:30
0 Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берілген Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 20 тамыздағы
№ 369 бұйрығымен
бекітілген
Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
Авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1 1) жоғары білім;
2
2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталатын азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл (немесе басқа салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл, кейіннен тағайындалған күнінен бастап үш ай ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету курсынан өту шартымен) жұмыс тәжірибесі;