Об утверждении Квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя авиакомпании
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя авиакомпании
- Атауы (қаз.)
- Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 369
- Қабылданған күні
- 20.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2016 AI54817_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006487_
- ЭКБ идентификаторы
- 54817
- Редакция идентификаторы
- AI54817_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:30
0 Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 20 тамыздағы
№ 369 бұйрығымен
бекітілген
Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
Авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) жоғары білім;
2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталатын азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл (немесе басқа салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл, кейіннен тағайындалған күнінен бастап үш ай ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету курсынан өту шартымен) жұмыс тәжірибесі;