Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ношения формы одежды и знаков различия авиационного персонала гражданской авиации

Бұйрық · № 364 · қабылданған 13.08.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54862/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил ношения формы одежды и знаков различия авиационного персонала гражданской авиации Қолданыста Бұйрық ·№ 364 ·13.08.2010
01.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ношения формы одежды и знаков различия авиационного персонала гражданской авиации

Қолданыста Бұйрық ·№ 364 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ношения формы одежды и знаков различия авиационного персонала гражданской авиации
Атауы (қаз.)
Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
364
Қабылданған күні
13.08.2010
Көрсетілген редакция
01.10.2025 54862_779493.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006470_
ЭКБ идентификаторы
54862
Редакция идентификаторы
54862_779493
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:34

0 Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелері бекiтiлсiн.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Нысанды киiм кию, қамтамасыз ету нормалары ережесiн және нысанды киiм киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының м.а. 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тіркелген);

2

2) «Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5268 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 тамызда № 130 (1356) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндетті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздағы № 364
бұйрығымен бекiтiлген
Азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы

1 1. Осы Азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелері (бұдан әрi - Ережелер) азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Ережелерде қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:

1

1) авиациялық персонал - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;

2 2) жердегi авиациялық персонал – ұшу немесе қызмет көрсету экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiгi жоқ авиациялық персонал тұлғалары;

3 3) кокарда - авиациялық персоналдың бас киiмдерiне тағатын салалық немесе ведомстволық белгi;

4 4) командалық-ұшу құрамы - ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi бар және ұшу лауазымын атқаратын авиациялық персоналдың лауазымды тұлғалары;

5 5) ұшу-инструкторлық құрам - ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi, мамандығы бойынша инструкторлық жұмысқа рұқсаты бар және инструктор лауазымын атқаратын авиациялық персонал тұлғалары;

6 6) ұшу құрамы - белгiленген үлгiдегi әуе кемесiн немесе оның жабдықтарын басқаруға берiлген ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi және арнайы дайындығы мен тәжiрибесi бар авиациялық персоналдың тұлғалары: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер, бортрадистер;

7 7) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

8 8) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында және азаматтық пен эксперименттік авиация қызметінде басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

9 9) ұшу экипажының мүшесi – ұшу уақыты кезеңінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігі бар авиациялық персоналға жататын тұлға;

10 10) қызмет көрсетушi экипаждың мүшелерi - қолданыстағы куәлiгi және әуе кемесiнiң бортында қызмет көрсетушi құрамының тиiстi дайындығы бар авиациялық персоналдың тұлғалары: бортсерiктер, азаматтық авиацияның жолаушылар және жүк тасымалдау ұшақтарының бортоператорлары.

11 11) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары - әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінде жұмыс істейтін авиация персоналының адамдары.

3 3. Киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағу құқығы осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының (бұдан әрі – ҚР АА) командалық-ұшу құрамы мен басқа қызметкерлеріне беріледі.

4 4. Киім үлгісі осы Ережелердің 2-қосымшасына байланысты киім үлгісінің бұйымдарын қамтамасыз ету нормалары мен тағу мерзімдеріне сәйкес беріледі.

5 5. Азаматтық авиацияның командалық – ұшу құрамы мен шаруашылық субъектілері – ұйым қызметкерлерінің (бұдан әрі - азаматтық авиация ұйымдары) киім үлгісі мен айырым белгілері осы Ережелерге сәйкес қолданылады.

6 6. ҚР АА ұйымдарының қызметкерлеріне киім үлгісі осы ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен анықталған нормалар мен тізбелерге сәйкес беріледі.

7 7. Киім үлгісі мен оның элементтерін тағу мерзімдері оны берген күннен бастап есептеледі.

8 8. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:

1 1) киiм үлгісін кию және айыру белгiлерiн тағуға құқығы жоқ тұлғаларға оларды киюге;

2 2) киім үлгісі мен азаматтық киiм бөлiктерiн қатар киюге;

3 3) киім үлгісінің сырт көрiнiсiн бұзатын үлкен заттарды қалтасына салып жүруге.

9 9. Жазғы уақытта жоғары температура жағдайында командалық-ұшу құрамы өз функцияларын, сондай-ақ ұшу экипажы мүшелерінің функцияларын орындау кезінде жазғы жеңіл костюм киюіне рұқсат етіледі.

10 10. 1-қосымшада көрсетілген, азаматтық авиация құрылымына кіретін ұйымдар, оқу орындары авиациялық персоналының тұлғалары өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде осы Ережелерге сәйкес айырым белгілерінсіз киім үлгісін киеді.

11 11. Осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген ҚР АА авиакомпанияларының командалық - ұшу, ұшу және қызмет көрсету персоналының тұлғалары таңбасыз алмалы-салмалы айыру белгiлерiн - бiрiздендiрiлген (қысқартылған) погондарды тағып жүруі тиіс.

12 12. Киiм үлгісін киюге құқығы бар ҚР АА қызметкерлерiнiң лауазымдық санаттары бойынша берiлген жеңдiк және алмалы-салмалы иықтық айырым белгiлерiнiң (шеврондар мен погондар) табелi осы Ережелердің 3-қосымшасында көрсетiлген.

13 13. Командалық-ұшу құрамы ұшу экипажы мүшелерінің функцияларын атқарған кезде біріздендірілген (қысқартылған) погондарды тағуға рұқсат етіледі.

14 14. ҚР АА командалық-ұшу, ұшу және қызмет көрсету персоналдарының тұлғалары бас киiм және төс белгілерінде эмблема комбинациясын тағуға тиiстi.

15 15. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ҚР АА қызметкерлерінің сол жақ кеудесінде аты-жөні және тегі көрсетілген сәйкестендіру (айырым) карточкасы болуы қажет.

16 16. ҚР АА қызметкерлерінің киім үлгісінің сипаттамасы осы Ережелердің 4-қосымшасында көрсетілген.

17 17. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған киім үлгісінің сипаттамасы және азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған айырым белгiлердiң сипаттамасы осы Ережелердің

5, 6-қосымшаларында көрсетілген.

18 18. Киім үлгісінің бұйымдары мен айырым белгілері ұқыпты және мұқият жасалған және осы Ережелердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

1 Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының киiм үлгісін киюге құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесi

Азаматтық авиация авиациялық
персоналының киім үлгісін кию
және айырым белгілерін
тағып жүру ережелеріне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының киiм үлгісін киюге құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесi

1 1. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бiрiншi басшысы.

2 2. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бiрiншi басшыларының орынбасарлары.

3 3. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының бастығы.

4 4. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының инспекторлық құрамы.

5 5. Авиация жасағының командирi.

6 6. Авиация жасағы командирiнің орынбасары.

7 7. Авиация эскадрильясының командирi.

8 8. Авиация эскадрильясы командирiнің орынбасары.

9 9. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi дирекцияның бастығы.

10 10. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы.

11 11. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспекцияның бастығы.

12 12. Ұшу-әдiстемелiк кабинеттiң бастығы.

13 13. Ұшу құрамын оқыту қызметiнiң бастығы.

14 14. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi бөлiмнiң бастығы.

15 15. Тексеру бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары).

16 16. Тексеру бөлiмшесiнiң ауысым бастығы.

17 17. Күзет және бақылау бөлiмшесiнiң бастығы.

18 18. Күзет және тексерудiң инженерлiк-техникалық құралдары бөлiмшесiнiң бастығы.

19 19. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары).

20 20. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң ауысым бастығы.

21 21. Аэровокзал кешенi қызметiнiң бастығы.

22 22. Әуеайлақ қызметiнiң бастығы.

23 23. Бортсерiктер қызметiнiң бастығы.

24 24. Штаб бастығы-әуе кемесiнiң командирi.

25 25. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бастығы.

26 26. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету қызметiн басқарушы.

27 27. Бортмеханик-нұсқаушы.

28 28. Бортсерiк-нұсқаушы.

29 29. Әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi жетекшi инженер.

30 30. Техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жетекшi инженер.

31 31. Екiншi пилот.

32 32. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметiнiң диспетчерi.

33 33. Авиациялық тасымалдарды (халықаралық, жолаушылар, почта-жүк) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер.

34 34. Тасымалдау қызметiнiң диспетчерi.

35 35. Инженер.

36 36. Борт инженерi.

37 37. Инженерлiк-авиациялық қызметтiң инженерi.

38 38. Инспектор.

39 39. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспектор.

40 40. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспектор.

41 41. Ұшу-өндiрiстiк қызметтiң инспекторы.

42 42. Борт нұсқаушысы-жолсерiк.

43 43. Тренажер нұсқаушысы.

44 44. Әуе кемесiнiң командирi.

45 45. Желiлiк пилот.

46 46. Бортта тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi менеджер.

47 47. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi менеджер.

48 48. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер.

49 49. Техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер.

50 50. Коммерциялық авиация пилоты.

51 51. Пилот-нұсқаушы.

52 52. Әуесқой пилот.

53 53. Аға инспектор.

54 54. Аға пилот-нұсқаушы.

55 55. Ұшу стандарттары жөнiндегi aғa менеджер.

56 56. Аға штурман.

57 57. Авиация технигi.

58 58. Ұшу ақпаратын өңдеу жөнiндегi техник.

59 59. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi техник.

60 60. Тренажерларды пайдалану жөнiндегi техник.

61 61. Объективтi бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик).

62 62. Әуе кемелерiн (әуе кемелерi жүйелерiн) пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик).

63 63. Шеф-пилот.

64 64. Штурман.

65 65. Штурман-нұсқаушы.

66 66. Штурман-оператор.

67 67. Тексеру агентi.

68 68. Жолаушылар авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент.

69 69. Почта-жүк авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент.

70 70. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету агентi.

71 71. Техникалық жоспарлау жөнiндегi әкiмшi.

72 72. Техникалық өндiрiс жөнiндегi әкiмшi.

73 73. Сапа жөнiндегi әкiмшi.

74 74. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi әкiмшi.

75 75. Жедел басқару орталығы маманының ассистентi.

76 76. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушiнiң ассистентi.

77 77. Диспетчердiң ассистентi.

78 78. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджердiң ассистентi.

79 79. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi үйлестiрушi.

80 80. Теңдестiру жөнiндегi үйлестiрушi.

81 81. Бортсерiктер қызметiн үйлестiрушi.

82 82. Экипаждарды үйлестiрушi.

83 83. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушi.

84 84. Базалық техникалық қызмет көрсету жөнiндегi үйлестiрушi.

85 85. Планер және қозғалтқыштар жөнiндегi авиация механигi (техник).

86 86. Аспаптар және электр жабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник).

87 87. Радио жабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник).

88 88. Жанар-жағармай материалдарының авиатехнигi.

89 89. Бортмеханик.

90 90. Жүк ұшақтарының бортоператоры.

91 91. Бортсерiк.

92 92. Бортрадист.

93 93. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері-нұсқаушысы.

94 94. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің аға диспетчері.

95 95. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің ұшу басшысы.

2 Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының киiм үлгісін киюге құқығы бар жұмыскерлерiн киiм үлгісімен қамтамасыз ету нормалары және бұйымдарды пайдалану мерзiмдерi

Азаматтық авиация авиациялық
персоналының киім үлгісін
кию және айырым белгілерін
тағып жүру ережелеріне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының
киiм үлгісін киюге құқығы бар жұмыскерлерiн киiм үлгісімен қамтамасыз ету
нормалары және бұйымдарды пайдалану мерзiмдерi
Ны­сан­ды киiм бұй­ым­да­ры­ның ата­уы
Бiр адам­ға ар­нал­ған жиын­тық неме­се бұй­ым­дар­дың са­ны
Кию мер­зі­мі
Ұшу құ­ра­мы үшін
Ко­кар­да­лы фу­раж­ка
1 да­на
2 жыл
Ко­кар­да­лы қы­стық құ­лақ­шын
1 да­на
3 жыл
Ма­мық­тан күр­те­ше неме­се қы­сқы паль­то
1 да­на
3 жыл
Ал­ма­лы-сал­ма­лы син­те­пон­ды және (неме­се) терi астар­лы, ал­ма­лы-сал­ма­лы ка­ше­мир­лi және (неме­се) терi жа­ға­сы бар бiр­қа­у­сыр­ма­лы мау­сым­дық плащ-паль­то
1 жиын­тық
3 жыл
Плащ-паль­то­ның ал­ма­лы-сал­ма­лы және суық күн­дер­ге ар­нал­ған жы­лы ка­пю­шо­ны
2 да­на
3 жыл
Екi жап­сыр­ма қал­та­лы, жең­дi және жең­сiз қы­сқа бел­дiк­шелi по­гон­да­ры бар то­қы­л­ған жем­пiр
2 да­на
2 жыл
Жаз­ғы жеңiл ко­стюм (күр­те­ше, екi шал­бар, қы­сқа жең­дi және жап­сыр­ма қал­та­ла­ры бар екi жей­де)
1 жиын­тық
2 жыл
Ал­ма­лы-сал­ма­лы жы­лы аста­ры бар жел­пiл­дек-күр­те­ше
1 да­на
3 жыл
Жар­ты­лай жүн­дi (мик­ро­га­бар­дин­дi) ма­та­дан тi­гiл­ген екi түй­мелi қо­сқа­у­сыр­ма­лы ко­стюм (пи­джак және екi шал­бар).
1 жиын­тық
1 жыл
Ұзын жең­дi және екi жап­сыр­ма қал­та­ла­ры бар жей­де
3 да­на
1 жыл
Қы­сқа жең­дi және екi жап­сыр­ма қал­та­ла­ры бар неме­се қал­та­лар­сыз жей­де
3 да­на
1 жыл
Гал­стук-ре­гат
2 да­на
1 жыл
Қы­сқы шарф
1 да­на
2 жыл
Ал­ма­лы-сал­ма­лы иық­қа та­ға­тын ай­ы­ру бел­гiлерi (по­гон­дар)
4 да­на
2 жыл
Ма­ман­дық­ты бiл­дiретiн төс бел­гiлерi
2 да­на
2 жыл
Дөң­ге­ле­гi бар че­мо­дан-сө­мке
1 да­на
2 жыл
Туфли
1 да­на
1 жыл
Қы­сқы бәтең­ке
1 да­на
1 жыл
Сиг­нал неме­се ша­ғы­лы­сты­ра­тын ке­уде­ше
1 да­на
3 жыл
Пи­лот­қа ар­нал­ған то­қы­л­ған жи­лет
1 да­на
3 жыл
Шев­рон­дар (ӘКК және ЕҰ)
2 да­на
1 жыл
Борт­серiк­тер мен бор­то­пе­ра­тор­лар­ға (ер­лер)
Ко­кар­да­лы фу­раж­ка
1 да­на
2 жыл
Ко­кар­да­лы қы­стық құ­лақ­шын
1 да­на
3 жыл
Ал­ма­лы-сал­ма­лы син­те­пон­ды және (неме­се) терi астар­лы, ал­ма­лы-сал­ма­лы ка­ше­мир­лi жа­ға­сы бар бiр­қа­у­сыр­ма­лы мау­сым­дық плащ-паль­то
1 жиын­тық
3 жыл
Ма­мық­тан күр­те­ше неме­се қы­сқы паль­то
1 да­на
3 жыл
Жар­ты­лай жүн­дi (мик­ро­га­бар­дин­дi) ма­та­дан тi­гiл­ген үш түй­мелi бiр­қа­у­сыр­ма­лы ко­стюм  (пи­джак және екi шал­бар)
1 жиын­тық
1 жыл
Шал­бар
3 да­на
1 жыл
Кар­ди­ган неме­се пу­ло­вер
1 да­на
2 жыл
Ұзын жең­дi және жап­сыр­ма қал­та­ла­ры бар жей­де
3 да­на
1 жыл
Қы­сқа жең­дi және жап­сыр­ма қал­та­ла­ры бар жей­де
2 да­на
2 жыл
Гал­стук-ре­гат
1 да­на
1 жыл
Қы­сқы шарф
1 да­на
2 жыл
Иық­қа та­ға­тын бел­гiлер (аға БП, ин­струк­тор­дың по­гон­да­ры)
4 да­на
2 жыл
Аты жа­зы­л­ған бэйдж
3 да­на
5 жыл
Дөң­ге­ле­гi бар че­мо­дан-сө­мке
1 да­на
3 жыл
Ал­жап­қыш (борт­серiк­тер­ге)
1 да­на
1 жыл
Ны­сан­ды жи­лет
2 да­на
1 жыл
Мау­сым­дық ке­пеш
1 да­на
4 жыл
Жүн­нен жа­сал­ған ке­пеш
1 да­на
4 жыл
Қы­сқы қал­пақ
1 да­на
4 жыл
Туфли
1 да­на
1 жыл
Қы­сқы бәтең­ке
1 да­на
1 жыл
Ба­гаж бел­гі­сі
2 да­на
2 жыл
Сиг­нал неме­се ша­ғы­лы­сты­ра­тын жи­лет
1 да­на
3 жыл
Борт­серiк­тер үшiн (әй­ел­дер)
Ал­ма­лы-сал­ма­лы ка­пю­шо­ны, жүн­дi аста­ры бар мау­сым­дық бiр­қа­у­сыр­ма­лы паль­то неме­се плащ
1 да­на
3 жыл
Ма­мық­тан күр­те­ше неме­се қы­сқы паль­то
1 да­на
4 жыл
Ны­сан­ды көй­лек
1 да­на
1 жыл
Ұзын жең­ді блу­за
2 да­на
1 жыл
Шал­бар
2 да­на
1 жыл
Ко­кар­да­лы қы­стық қал­пақ(ка­пю­шон-шар­фы­мен)
1 да­на
3 жыл
Жар­ты­лай жүн­дi ма­та­дан тi­гiл­ген үш түй­мелi бiр­қа­у­сыр­ма­лы ко­стюм (жа­кет, шал­бар, жи­лет, бел­дем­ше)
1 жиын­тық
1 жыл
Қы­сқа жең­дi әй­ел жей­десi
4 да­на
2 жыл
Жей­де­ге та­ға­тын гал­стук-бант
2 да­на
1 жыл
Шарф (фу­ляр)
1 да­на
1 жыл
Иық­қа та­ға­тын бел­гiлер (аға БП, ин­струк­тор­дың по­гон­да­ры)
4 да­на
2 жыл
Аты жа­зы­л­ған бэйдж
3 да­на
5 жыл
Дөң­ге­ле­гi бар че­мо­дан-сө­мке
1 да­на
3 жыл
Ал­жап­қыш
1 да­на
1 жыл
Туфли
1 да­на
1 жыл
Қы­сқы етік
1 да­на
2 жыл
Ба­гаж бел­гі­сі
2 да­на
2 жыл
Сиг­нал неме­се ша­ғы­лы­сты­ра­тын жи­лет
1 да­на
3 жыл
Кар­ди­ган неме­се жем­пір
1 да­на
2 жыл
Мой­ын ора­мал
1 да­на
2 жыл
Пи­лот­ка
1 да­на
3 жыл
Жер­де­гi пер­со­нал­ға (әй­ел­дер)
Ал­ма­лы-сал­ма­лы ка­пю­шо­ны, жүн­дi аста­ры бар мау­сым­дық бiр­қа­у­сыр­ма­лы паль­то неме­се плащ
1 да­на
3 жыл
Ма­мық­тан күр­те­ше
1 да­на
3 жыл
То­қы­л­ған жем­пір
1 да­на
2 жыл
Ұзын жең­ді блуз­ка
2 да­на
1 жыл
Ны­сан­ды жем­пір
1 да­на
2 жыл
Қы­сқы қал­пақ (ка­пю­шон-шар­фы­мен)
1 да­на
3 жыл
Жар­ты­лай жүн­дi ма­та­дан тi­гiл­ген үш түй­мелi бiр­қа­у­сыр­ма­лы ко­стюм (жа­кет, шал­бар, жи­лет, бел­дем­ше)
1 жиын­тық
1 жыл
Қы­сқа жең­дi әй­ел жей­десi
4 да­на
2 жыл
Иық­қа та­ға­тын бел­гiлер (қа­жетiне қа­рай)
4 да­на
2 жыл
Шарф (фу­ляр)
1 да­на
2 жыл
Жей­де­ге та­ға­тын гал­стук-бант
2 да­на
1 жыл
Мой­ын ора­мал
1 да­на
3 жыл
Ал­жап­қыш
1 да­на
2 жыл
Агент­ке ар­нал­ған қол сө­мке
1 да­на
2 жыл
Қы­сқы етік
1 да­на
2 жыл
Туфли
1 да­на
1 жыл
Ба­гаж бел­гі­сі
1 да­на
2 жыл
Сиг­нал неме­се ша­ғы­лы­сты­ра­тын жи­лет
1 да­на
3 жыл
Жаң­быр жа­мы­л­ғы­сы
1 да­на
2 жыл
Аты жа­зы­л­ған бэйдж
3 да­на
5 жыл
Жер­де­гi пер­со­нал­ға (ер­лер)
Фу­раж­ка
1 да­на
2 жыл
Қы­стық құ­лақ­шын
1 да­на
4 жыл
Син­те­пон­ды неме­се жүн аста­ры, ал­ма­лы-сал­ма­лы ка­ше­мир­лi жа­ға­сы бар бiр­қа­у­сыр­ма­лы мау­сым­дық плащ-паль­то
1 жиын­тық
3 жыл
Ма­мық­тан күр­те­ше
1 да­на
3 жыл
То­қы­л­ған жем­пір
1 да­на
2 жыл
Жар­ты­лай жүн­дi ма­та­дан тi­гiл­ген үш түй­мелi бiр­қа­у­сыр­ма­лы ко­стюм (пи­джак және екi шал­бар)
1 жиын­тық
1 жыл
Ұзын жең­дi және жап­сыр­ма қал­та­ла­ры бар жей­де
4 да­на
1 жыл
Қы­сқа жең­дi және жап­сыр­ма қал­та­ла­ры бар жей­де
2 да­на
2 жыл
Ны­сан­ды жи­лет
2 да­на
1 жыл
Мау­сым­дық ке­пеш
1 да­на
4 жыл
Иық­қа та­ға­тын бел­гiлер (қа­жетiне қа­рай)
4 да­на
2 жыл
Гал­стук-ре­гат
1 да­на
1 жыл
Қы­сқы шарф
1 да­на
3 жыл
Туфли
1 да­на
1 жыл
Қы­сқы етік
1 да­на
2 жыл
Агент­ке ар­нал­ған қол сө­мке
1 да­на
2 жыл
Ба­гаж бел­гі­сі
1 да­на
2 жыл
Сиг­нал неме­се ша­ғы­лы­сты­ра­тын жи­лет
1 да­на
3 жыл
Жаң­быр жа­мы­л­ғы­сы
1 да­на
2 жыл
Ны­сан­ды жем­пір
1 да­на
2 жыл
Аты жа­зы­л­ған бэйдж
3 да­на
5 жыл
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту қыз­ме­ті­нің ма­ман­да­ры (ер­лер)
Ко­стюм жар­ты­лай жүн­нен жа­сал­ған екі түй­ме­мен (курт­ка, кө­кі­рек­ше және екі шал­бар) бір ке­уде­ше
2 жиын­тық
3 жыл
Ұзын жең­ді көй­лек
2 да­на
3 жыл
Қы­сқа жең­ді және жүк­құ­жат­ты көй­лек
қал­та
2 да­на
3 жыл
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту қыз­ме­ті­нің ма­ман­да­ры (әй­ел­дер)
Жар­ты­лай жүн ма­та­дан (пи­джак, кө­кі­рек­ше, шал­бар, юб­ка) жа­сал­ған бір түй­ме­лі қап­сыр­ма­сы бар бір ке­уде­ше ко­стюм
2 жиын­тық
3 жыл
Ұзын жең­ді көй­лек
2 да­на
3 жыл
Қы­сқа жең­ді және жүк­құ­жат­ты көй­лек
қал­та
2 да­на
3 жыл

3 Киім үлгісін киюге құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы қызметкерлерiнiң лауазымдық санаттары бойынша берiлген жеңдiк және алмалы-салмалы иықтық айырым белгiлерiнiң (шеврондар мен погондар) табелi

Азаматтық авиация авиациялық
персоналының киім үлгісін кию
және айырым белгілерін
тағып жүру ережелеріне
3-қосымша
Киім үлгісін киюге құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы қызметкерлерiнiң лауазымдық санаттары бойынша берiлген жеңдiк және алмалы-салмалы иықтық айырым белгiлерiнiң (шеврондар мен погондар) табелi
Ла­у­а­зы­мы
Са­на­ты
Ай­ы­рым бел­гiлерi (оқа­лар)
1. Ұшу­ға рұқ­са­ты бар авиа­ком­па­ни­я­ның бiрiн­шi бас­шы­сы.
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
2. Ұшу­ға рұқ­са­ты бар авиа­ком­па­ни­я­ның бiрiн­шi бас­шы­ның орын­ба­са­ры
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
3. Ұшу қа­уiп­сiздi­гi жөнiн­де­гi авиа­ком­па­ния ин­спек­ци­я­сы­ның ба­стығы
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
4. Ұшу қа­уiп­сiздi­гi жөнiн­де­гi авиа­ком­па­ния ин­спек­ци­я­сы­ның ин­спек­тор­лық құ­ра­мы
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
5. Авиа­ция жа­са­ғы­ның ко­ман­ди­рi
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
6. Авиа­ция жа­са­ғы ко­ман­ди­рi­нің орын­ба­са­ры
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
7. Авиа­ция эс­кад­ри­лья­сы­ның ко­ман­ди­рi
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
8. Авиа­ция эс­кад­ри­лья­сы ко­ман­ди­рi­нің орын­ба­са­ры
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
9. Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту жөнiн­де­гi ди­рек­ци­я­ның ба­стығы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
10. Ұшу қа­уiп­сiздi­гi жөнiн­де­гi ин­спек­ци­я­ның ба­стығы
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
11. Авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк жөнiн­де­гi ин­спек­ци­я­ның ба­стығы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
12. Ұшу-әдiсте­мелiк ка­би­нет­тiң ба­стығы
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
13. Ұшу құ­ра­мын оқы­ту қыз­метiнiң ба­стығы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
14. Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту жөнiн­де­гi бөлiм­нiң ба­стығы
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
15. Тек­се­ру бөлiм­ше­сiнiң ба­стығы (оның орын­ба­сар­ла­ры)
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
16. Тек­се­ру бөлiм­ше­сiнiң ауы­сым ба­стығы
1
Бір жең­дiк және бір иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
17. Кү­зет және ба­қы­лау бөлiм­ше­сiнiң ба­стығы
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
18. Кү­зет және тек­се­рудiң ин­же­нер­лiк-тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры бөлiм­ше­сiнiң ба­стығы
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
19. Авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк бөлiм­ше­сiнiң ба­стығы (оның орын­ба­сар­ла­ры)
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
20. Авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк бөлiм­ше­сiнiң ауы­сым ба­стығы
1
Бір жең­дiк және бір иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
21. Аэро­вок­зал ке­шенi қыз­метiнiң ба­стығы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
22. Әу­е­ай­лақ қыз­метiнiң ба­стығы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
23. Борт­серiк­тер қыз­метiнiң ба­стығы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
24. Штаб ба­стығы-әуе ке­месiнiң ко­ман­ди­рi
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
25. Авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк қыз­метiнiң ба­стығы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
26. Жо­ла­у­шы­лар­ға жер­де қыз­мет көр­се­ту қыз­метiн бас­қа­ру­шы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
27. Борт­ме­ха­ник-нұс­қа­у­шы
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
28. Борт­серiк-нұс­қа­у­шы.
1
Бір жең­дiк және бір иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
29. Әуе ке­ме­лерiн пай­да­ла­ну жөнiн­де­гi же­тек­шi ин­же­нер
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
30. Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жөнiн­де­гi же­тек­шi ин­же­нер
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
31. Екiн­шi пи­лот
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
32. Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту қыз­метiнiң дис­пет­черi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
33. Авиа­ци­я­лық та­сы­мал­дар­ды (ха­лы­қа­ра­лық, жо­ла­у­шы­лар, поч­та-жүк) ұй­ым­да­сты­ру жөнiн­де­гi дис­пет­чер
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
34. Та­сы­мал­дау қыз­метiнiң дис­пет­черi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
35. Ин­же­нер
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
36. Борт ин­же­нерi
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
37. Ин­же­нер­лiк-авиа­ци­я­лық қыз­мет­тiң ин­же­нерi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
38. Ин­спек­тор
-
-
39. Ұшу қа­уiп­сiздi­гi жөнiн­де­гi ин­спек­тор
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
40. Авиа­ци­я­лық қа­уiп­сiздiк жөнiн­де­гi ин­спек­тор
-
-
41. Ұшу-өн­дiрiстiк қыз­мет­тiң ин­спек­то­ры
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
42. Борт нұс­қа­у­шы­сы-жол­серiк
1
Бір жең­дiк және бір иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
43. Тре­на­жер нұс­қа­у­шы­сы
-
-
44. Әуе ке­месiнiң ко­ман­ди­рi
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
45. Желiлiк пи­лот
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
46. Борт­та та­мақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру жөнiн­де­гi ме­не­джер
-
-
47. Ұшу қа­уiп­сiздi­гi жөнiн­де­гi ме­не­джер
-
-
48. Ұшу­ды қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi ме­не­джер
-
-
49. Тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi ме­не­джер
-
-
50. Ком­мер­ци­я­лық авиа­ция пи­ло­ты
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
51. Пи­лот-нұс­қа­у­шы
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
52. Әу­ес­қой пи­лот
-
-
53. Аға ин­спек­тор
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
54. Аға пи­лот-нұс­қа­у­шы
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
55. Ұшу стан­дарт­та­ры жөнiн­де­гi aғa ме­не­джер
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
56. Аға штур­ман
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
57. Авиа­ция тех­ни­гi
-
-
58. Ұшу ақ­па­ра­тын өң­деу жөнiн­де­гi тех­ник
-
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
59. Теңiз қон­дыр­ғы­ла­ры­на тiкұ­шақ­ты қон­ды­ру жөнiн­де­гi тех­ник
-
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
60. Тре­на­жер­лар­ды пай­да­ла­ну жөнiн­де­гi тех­ник
-
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
61. Объ­ек­тив­тi ба­қы­ла­удың авиа­ци­я­лық жабды­ғын пай­да­ла­ну жөнiн­де­гi авиа­ция тех­ни­гi (ме­ха­ник)
-
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
62. Әуе ке­ме­лерiн (әуе ке­ме­лерi жүй­е­лерiн) пай­да­ла­ну жөнiн­де­гi авиа­ция тех­ни­гi (ме­ха­ник)
-
-
63. Шеф-пи­лот
4
Төрт жең­дiк және төрт иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
64. Штур­ман
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
65. Штур­ман-нұс­қа­у­шы
3
Үш жең­дiк және үш иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
66. Штур­ман-опе­ра­тор
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
67. Тек­се­ру аген­тi
-
-
68. Жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­ма­лы­на қыз­мет көр­се­тудi ұй­ым­да­сты­ру жөнiн­де­гi агент
-
-
69. Поч­та-жүк авиа­та­сы­ма­лы­на қыз­мет көр­се­тудi ұй­ым­да­сты­ру жөнiн­де­гi агент
-
-
70. Жо­ла­у­шы­лар­ға жер­де қыз­мет көр­се­ту аген­тi
-
-
71. Тех­ни­ка­лық жос­пар­лау жөнiн­де­гi әкiм­шi
-
-
72. Тех­ни­ка­лық өн­дiрiс жөнiн­де­гi әкiм­шi
-
-
73. Са­па жөнiн­де­гi әкiм­шi
-
-
74. Ұшу қа­уiп­сiздi­гi жөнiн­де­гi әкiм­шi
-
-
75. Же­дел бас­қа­ру ор­та­лы­ғы ма­ма­ны­ның ас­си­стен­тi
-
-
76. Ұшу құ­ра­мын оқы­ту жөнiн­де­гi үй­ле­стiру­шiнiң ас­си­стен­тi
-
-
77. Дис­пет­чер­дiң ас­си­стен­тi
-
-
78. Ұшу­ды қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi ме­не­джер­дiң ас­си­стен­тi
-
-
79. Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту жөнiн­де­гi үй­ле­стiру­шi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
80. Тең­дестi­ру жөнiн­де­гi үй­ле­стiру­шi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
81. Борт­серiк­тер қыз­метiн үй­ле­стiру­шi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
82. Эки­паж­дар­ды үй­ле­стiру­шi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
83. Ұшу құ­ра­мын оқы­ту жөнiн­де­гi үй­ле­стiру­шi
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
84. Ба­за­лық тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жөнiн­де­гi үй­ле­стiру­шi.
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
85. Пла­нер және қоз­ғалт­қы­штар жөнiн­де­гi авиа­ция ме­ха­ни­гi (тех­ник)
-
-
86. Ас­пап­тар және элек­тр­жабды­ғы жөнiн­де­гi авиа­ция ме­ха­ни­гi (тех­ник)
-
-
87. Ра­дио жабды­ғы жөнiн­де­гi авиа­ция ме­ха­ни­гi (тех­ник)
-
-
88. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның авиа­тех­ни­гi
-
-
89. Борт­ме­ха­ник
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
90. Жүк ұшақ­та­ры­ның бор­то­пе­ра­то­ры
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
91. Борт­серiк
-
-
92. Борт­ра­дист
2
Екi жең­дiк және екi иық­тық ай­ы­рым бел­гiлерi
93. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері-нұсқаушысы.
3
Үш жеңдік және үш иықтық
94. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің аға диспетчері.
3
Үш жеңдік және үш иықтық
95. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің ұшу басшысы
4
Төрт жеңдік және төрт иықтық

4 Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация жұмыскерлерiнiң киім үлгісінің сипаттамасы

Азаматтық авиация
авиациялық персоналының
киім үлгісін кию және айырым
белгілерін тағып жүру ережелеріне
4-қосымша
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация жұмыскерлерiнiң киім үлгісінің сипаттамасы

1

1. Қатты (жұмсақ) негiздегi фуражка, маңдайшасының жоғарғы бөлiгiнiң (тулья) биiктiгi 7 сантиметрден (бұдан әрі – см) және төменгi бөлiгiнiң (околыш) биiктiгi 4 сантиметрден аспайтын көкшiл қара түстi матадан тiгiледi. Күнқағары пластинка тәрiздес қара түстi жиекпен жиектелген. Күнқағардың үстi бiр реңдi матамен қапталған. Күнқағардың үстiне енi 13,5 мм алтын түстi нейлон бау-таспа түймеленедi. Командалық-ұшу құрамы фуражкасының күнқағарында алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстiнен, мата тәрiздес негiзде алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген азаматтық авиацияға тән белгi - белгiленген үлгiдегi кокарда бекiтiледi. Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң фуражкасы (бортоператорлар мен бортсерiктердiң) жеке кокардамен және қара түстi белгiленген үлгiдегi бау-таспамен жинақталады.

2

2. Ер адамдардың қысқы құлақшыны - фуражкалық күнқағарымен, үстi көкшiл қара түстi кашемир (драп) немесе жадағай матадан жасалған жұмсақ негiздегi бiрiздендiрiлген құлақшын. Құлақшынның алдыңғы жағы қосымша маңдайлықпен тысталған. Құлақшынның негiзi қара түстi терi болып табылады, командалық-ұшу құрамы үшiн қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетушi персоналдар үшiн жұқа жақсартылған цигейкадан тігіледі.
Командалық-ұшу мен ұшу құрамы құлақшынының күнқағары үстiнен алтын түстi нейлон бау-таспа (лента-тесьма) түймеленедi. Командалық-ұшу құрамы құлақшынының күнқағарында алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстiнен, мата тәрiздес негiзде алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген азаматтық авиацияға тән белгi - кокарда бекiтiледi.
Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң құлақшыны (бортоператорлар мен бортсерiктердiң) жеке кокарда және белгiленген үлгiдегi қара түстi бау-таспамен жинақталады.

3

3. Ер адамның кашемирден тiгiлген көкшiл қара түстi, бiр қаусырмалы, погонсыз пальтосы. Жабық түймелi. Арқасы ортаңғы тiгiсiмен және айырығымен. Қиылған жан қалталары, қайырма жағасы және белдiгi бар пальто. Қатты негiздегi фуражкамен киюге арналған қысқа белдiкшелi тiк жеңмен, немесе жұмсақ негiздегi фуражкамен киюге арналған қысқа белдiкшелi реглан-жең тiгiледi.

4

4. Сырып тiгiлген синтепон және жақсартылған терiден алмалы-салмалы маусымдық тыстары бар қара түстi плащтық матадан тiк тiгiлген бiр қаусырмалы ер адамның, маусымдық плащ-пальтосы. Жабық түймелi. Қиылған жан қалталары, алынып-салынатын жағасы мен белдiгi, қысқа белдiкше-погондары бар плащ-пальто. Жеңi тiк тiгiстi төменгi жағында қысқа белдiкшесiмен. Кашемир мен терiден жасалған маусымдық жағалармен жинақталады. Күзгi жағаның негiзi қара түстi кашемир болып табылады. Қысқы жағаның негiзi қара түстi терiден, командалық-ұшу мен ұшу құрамдары үшiн қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетушi персоналдар үшiн жұқа жақсартылған цигейкадан.

5

5. Қарсы iлгегi бар алмалы-салмалы синтепонмен немесе мамықтан тысталған, аралас немесе плащтық қара немесе қою көк түстi матадан тiгiлген, тiк тiгiстi, қосқаусырмалы ер адамның астарлы желдiрме-күртешесi. Жасырын қарсы iлгегiмен екi қиылған төс қалтасы бар. Екi қиылған тiк жан қалталары мен астыңғы жағынан түймеленетiн қапталында қысқа белдiкшелерi бар. Жағасы қайырмалы. Жеңi тiк, төменгi жағы қысқа-белдiкшелi. Қара түстi алмалы-салмалы кашемир жағамен жинақталады.

6

6. Астарлы (пиджак пен шалбар) көкшiл қара түстi жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан тiгiлген қос қаусырмалы ер адамның екi қатарлы төрт түймелi костюмi. Пиджак, кеуде тұсының сол жағында қиылған жапырақша қалтасымен және қақпақтары бар қиылған жан қалталарымен, арқаның төменгi жағындағы екi немесе бір айырығымен. Жеңдерi тiк, төменгi жағында айырығымен. Шалбары тiк, классикалық пiшiмдi, бүгiлмеген немесе бiр бүкпелi, қондырылған белбеуi мен қарсы iлгектi.

7

7. Астарлы (пиджак пен шалбар), үш түймелi, жартылай жүндi матадан тiгiлген көкшiл қара түстi ер адамның бiр қаусырмалы костюмы. Пиджак бiр қатар түймелi, қақпақтарымен қиылған жан қалталары және сол жақ кеудесiнде қиылған жапырақ-қалтасы бар. Жеңi тiк, айырықсыз тiгiлген. Шалбары тiк, классикалық пiшiмдi, қондырылған белбеуi мен қарсы iлгегi бар.

8 8. Қысқа және ұзын жеңдi, екі жапсырмалы төс қалталары бар, түймеленетін ер адамның жейдесi. Ақ немесе қызыл түстi, жейде матасынан тiгiлген, жағасы қайырмалы, погонсыз немесе екi иықтық қысқа белдiкшелi-погондары және ортасында бiр қатар қаусырма түймелерi бар.

9 9. Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшқыштар құрамы мен көлiктiк (жүк тасымалдық) әуе кемелерiнiң бортоператорларына арналған жазғы жеңiл костюм, бозғылт-жасыл түстi көйлегi, шалбары мен күртешеден құралады:

1

1) бiр қаусырмалы, тiк пiшiмдi, бозғылт-жасыл түстi аралас матадан тiгiлген, қарсы iлгегi бар күртеше. Жасырын қарсы iлгегi бар екi қиылған төс қалта, қапталында екi тiк қиылған жан қалталары бар. Қапталындағы қысқа белдiкшелерiнiң астыңғы жағы түймеленген. Жағасы қайырмалы. Жеңi тiк тiгiстi, төменгi жағында қысқа белдiкшесiмен;

2 2) шалбары аралас бозғылт-жасыл немесе қою көк түстi матадан тiк тiгiлген, классикалық пiшiмдi, қондырылған белбеуi және қарсы iлгегi бар;

3 3) белгiленген үлгiдегi қысқа жеңдi, кеудесiнде екi жапсырмалы қалтасы бар, түймелi жейде. Бозғылт-жасыл түстi жейде матасынан тiгiлген, жағасы қайырмалы, екi иықтық қысқа белдiкшелi-погондары және ортасында қаусырма түймелерi бар. Кәсiптiк төс белгiмен жинақталады.

10 10. Көкшiл қара түстi плащтық матадан тiгiлген әйел адамның қосқаусырмалы плащы. Тiк тiгiстi, қайырмалы жағалы, белдiгi мен алынып-салынатын немесе алынбалы капюшоны тысталған астарлы, қиылған жан қалталары бар.

11

11. Көкшiл қара түстi жартылай жүндi матадан тiгiлген әйел адамның костюмi. Жакет, белдемше, көкiрекше және шалбардан құралады. Жакет бiр қаусырмалы немесе қосқаусырмалы, жартылай қынама силуэттi, үш түймелi, қиылған қалталары бар. Белдемшесi тiк тiгiстi, көмкерiп тiгiлген белдiгi және қапталында қарсы iлгегi бар.
Жилет мойынының қиындысы үшбұрышты, төрт түймелi, астыңғы өңiрi бейнелi болып келген. Шалбары тiк, астыңғы жағы тарлау тiгiлген, тiк тiгiстi, жанап тiгiлген белдiгi және қарсы iлгегi бар.
Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiлген дизайнға қарай, әйел костюмiнiң түсi ауысып құрамдастырылады.

12 12. Ақ немесе қызыл түстi жiбек, көйлек матасынан тiгiлген, қысқа немесе ұзын жеңдi, жапсырма қалталы немесе қалтасыз, жағасы қайырмалы, ортасында қаусырма түймелерi бар әйел адамның жейдесi.

13 13. Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiлген дизайнда әйел адамдардың бас киiмдерi және нысанды киiмдердiң басқа бөлiктерi азаматтық авиация ұйымдарында осы Ережеге сәйкес әзiрленедi.

14 14. Иiнiштiк (иық) айырым белгiлерi - белгiленген үлгiдегi көкшiл қара түстi шұғадан жасалған, алмалы-салмалы погондар. Командалық-ұшу құрамы мен мамандарына iшiндегi икемдi қондырғысымен, ұзындығы 112 мм, енi 62 мм.

Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдарына белгiленген үлгiдегi - ең үлкен ұзындығы 49 мм мен енi 49 мм таңбасыз (қысқартылған) погондар (6-қосымша).

15

15. Белгiленген үлгiдегi айырым белгiлерiне арналған оқалардың (бау-таспалардың) енi 8-75 мм. Алмалы-салмалы погондарда ара қашықтығы 13 мм жолағымен, жеңдiк шеврондарында ара қашықтығы 2-3 мм жолағымен орналасады. Азаматтық авиацияның қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мен ұшу, командалық-ұшу құрамына арналған оқалар (галуны) алтын түстi болып келедi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мамандығының бiлiктiлiгi жоқ авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегi авиациялық персоналдарына арналған оқалар күмiс түстi.

16

16. Белгiленген үлгiдегi бас киiмдер үшiн бау-таспалардың (оқалардың) енi 13,5 мм. Азаматтық авиацияның командалық-ұшу, ұшқыштар құрамы үшiн алтын түстi. Қызмет көрсетушi экипаждар мүшелерi үшiн қара түстi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мамандығының бiлiктiлiгi жоқ авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегi авиациялық персоналдарына арналған бау-таспалар (оқалар) күмiс түстi.

17

17. Костюмдердегі түймелер-үлкен диаметрі 21 мм және кіші диаметрі 13,5-14 мм алтын түсті, әуе қозғалысына қызмет көрсету мамандары үшін - негізгі костюм матасының түсінде. Азаматтық авиацияның командалық-ұшу, ұшу құрамы, азаматтық авиация ұйымдарының ұшу және қызмет көрсету экипажының мүшелері үшін - ұйымның логотипі бар немесе онсыз.

18 18. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдары үшiн белгiленген үлгiдегi бөкебайлар мен мойынорамалдар (шарф, кашне) түсi ашық болмауға тиiстi. Азаматтық авиация азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген дизайнына сәйкес түспен ғана ерекшеленеді.

19 19. Ұшу экипажының мүшелерiне арналған мамандықты бiлдiретiн, белгiленген үлгiдегi төс белгiлер көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен маталық негiзде бедерлi тiгiледi.

20 20. Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiне арналған мамандықты бiлдiретiн төс белгiлердiң негiзi көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен бедерлi тiгiледi.

21

21. Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық құрамның бас киiмдерiне тағатын кокарда - маталық негiзде, бедерлi тiгiлген авиациялық өкiмет елтаңбасы - Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының негiзгi эмблемасы (бұдан әрi - азаматтық авиацияның негiзгi эмблемасы). Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық құрамдарына алтын түстi жiппен тiгiледi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң бiлiктiлiгi жоқ мамандарына күмiс түстi жiппен тiгiледi.

22

22. Азаматтық авиация ұйымының ұшу экипажы мүшелерiнiң (командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшу құрамының) бас киiмдерiне тағатын кокарда азаматтық авиация эмблемасының негiздемесі бар осы ұйымның эмблемасының комбинациясын құрайды. Кокарданың негiзi - азаматтық авиацияның негiзгi эмблемасының дөңгеленген сыртқы ою-өрнектерi, алтын түстi жiппен бедерлi тiгiледi. Кокарданың өзегi – азаматтық авиацияның негізгі эмблемасынан алынған шеңберлі сыртқы өрнек алтын түстес жіппен бедерлі тігіледі.

23 23. Азаматтық авиацияның қызмет көрсетуші экипаж мүшелеріне (бортоператорлар мен бортсеріктер) арналған бас киiмге тағатын кокарданың негiзi көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен бедерлi тiгiледi.

24 24. Көкшiл қара түстi галстуктi материалдан тiгiлген классикалық дизайнды галстук-регат қажетiне қарай резеңке бекiтпеде жасалуы мүмкiн. Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтілген дизайнға қарай галстуктiң түсi өзгереді.

25

25. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қара сұр түсті жартылай жүнді матадан жасалған екі түймелі бекіткіші бар бір төсті еркек костюм. Пиджак, көкірекше және шалбардан тұрады. Түймелердің бір қатары бар блейзер, клапандары бар бүйірлік қалталар және кеуде қуысының сол жағында парақшалы қалта. Пиджактың, графиттің, қара түстің лапельдерінде не негізгі матаның тонында кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Жеңдер тіке және жұмыс ілмектері бар, айырым белгілерін білдіретін күртешенің жеңдеріндегі кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Үшбұрышты мойын сызығы бар көкірекше, төрт түймеде, бүйірлерінің төменгі бұйра жиектері бар. Тік шалбар классикалық кесілген, белбеуі мен сыдырмасы бар.

26 26. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қысқа және ұзын жеңді ерлер жейдесі түймелерге түймеленетін екі төс жапсырма қалтасымен рұқсат етіледі. Ақ түсті жейде матадан, бүктелген жағасы, орталық бүйірлік түймелері бар.

27

27. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қара сұр түсті жартылай жүнді матадан жасалған бір түймесі бар астары бар бір кеудеше әйелдер костюмі. Ол куртка, жилет, юбка және шалбардан тұрады. Түймелердің бір қатары бар блейзер, клапандары бар бүйірлік қалталар. Пиджактың, графиттің, қара түстің лапельдерінде не негізгі матаның тонында кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Жеңдер тіке және жұмыс ілмектері бар, айырым белгілерін білдіретін күртешенің жеңдеріндегі кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Үшбұрышты мойын сызығы бар көкірекше, төрт түймеде, бүйірлерінің төменгі бұйра жиектері бар. Юбка түзу, белбеуі және артқы сыдырмасы бар. Шалбар тік, белбеуі мен сыдырмасы бар төмен қарай тарылған.

28 28. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қысқа және ұзын жеңді әйелдер жейдесі екі төс үстеме қалтамен рұқсат етіледі. Ақ түсті жейде матадан, бүктелген жағасы, орталық бүйірлік түймелері бар.

29 29. 25, 26, 27, 28-тармақтарда көрсетілген киімдердің жиынтығы, түстері, материалдары мен дизайны азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен өзгереді және біріктіріледі.

5 Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған киiм үлгісінің сипаттамасы

Азаматтық авиация авиациялық
персоналының киім үлгісін кию
және айырым белгілерін
тағып жүру ережелеріне
5-қосымша
Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған киiм үлгісінің сипаттамасы

1 1. Жазғы киiм:

көкшiл қара түстi фуражка (бейсболка);
көкшiл қара түстi берет (әйелдердiң кепи - шляпасы);
көк (көгiлдiр) түстi қысқа жеңдi әйел адамның жейдесi;
көк түстi қысқа жеңдi жейде;
қара түстi галстук;
жейдеге тағатын бант-галстук;
көкшiл қара түстi ер адамның костюмi (китель мен шалбар);
көкшiл қара түстi әйел адамның костюмi (жакет, көкiрекше, белдемше, шалбар);
қара түстi туфли.

2 2. Маусымдық киiм:

көкшiл қара түстi фуражка (бейсболка);
көкшiл қара түстi берет (әйелдердiң кепи - шляпасы);
көкшiл қара түстi күртеше;
көкшiл қара түстi әйел адамның бiр қаусырмалы плащы;
су өтпейтiн плащ;
көк (көгiлдiр) түстi ұзын жеңдi жейде;
көк түстi ұзын жеңдi жейде;
қара түстi галстук;
жейдеге тағатын бант-галстук;
белгiленген үлгiдегi жемпiр;
көкшiл қара түстi ер адамның костюмi (китель мен шалбар);
маусымдық костюмi (күртеше, шалбар және жартылай комбинезон);
көкшiл қара түстi әйел адамның костюмi (жакет, көкiрекше, белдемше, шалбар);
қара түстi туфли.

3 3. Қысқы киiм:

қара түстi қысқы қалпақ (бейсболка);
көкшiл қара түстi күртеше;
көкшiл қара түстi әйелдер пальтосы;
көк (көгiлдiр) түстi ұзын жеңдi жейде;
көк түстi ұзын жеңдi жейде;
қара түстi галстук;
жейдеге тағатын бант-галстук;
белгiленген үлгiдегi жемпiр;
көкшiл қара түстi ер адамның костюмi (китель мен шалбар);
көкшiл қара түстi әйел адамның костюмi (жакет, көкiрекше, белдемше, шалбар);
қара түстi әйелдер етiгi;
қысқы бәтеңке;
унты.

6 Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған айырым белгiлердiң сипаттамасы

Азаматтық авиация авиациялық
персоналының киім үлгісін кию
және айырым белгілерін
тағып жүру ережелеріне
6-қосымша
Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған айырым белгiлердiң сипаттамасы
Сыртқы киiм үлгісінің сол жеңiнде иықтан 8 см қашықтықта авиациялық қауiпсiздiк қызметiне тиесілі азаматтық авиация ұйымының эмблемасы бар логотип, алдыңғы сол жағында үстiңгі 2 және 3-түймелердiң тұсында сары түстi, көлемi 10х3 см «SECURITY» деген жазуы бар логотип, арқасында жағадан 10 см төмен қашықтықта сары түстi, көлемi 30х7 см «SECURITY» деген жазу орналасуы тиiс. Бас киiмнiң алдыңғы жағында азаматтық авиация ұйымының басшылығы белгiлеген үлгiдегi кокарда орналасады.

Қолданыстағы