Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Өзге акт · № 294 · қабылданған 02.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54867/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 294 ·02.09.2010
31.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 294 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
294
Қабылданған күні
02.09.2010
Көрсетілген редакция
31.10.2014 AI54867_12.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NL000145
ЭКБ идентификаторы
54867
Редакция идентификаторы
AI54867_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:27

0 Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.

КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ Т. Салмина

3 Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

Мәслихаттың
2010 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 294 шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарабалық ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстардың, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының, отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2

2. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін отбасы (азамат) (әрі қарай - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын өкілетті органға (әрі қарай - өкілетті органға) арызбен жолығады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" қаулысының 4 тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

3 3. Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері түрінде тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын өкілетті органға тапсырылады. Тексеріс өткеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.

Өкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске қалыптастырады.

4 4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар тапсырылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.

5 5. Ұсынылған құжаттар күмәнді болған жағдайда, өкілетті орган арыз берушінің тұрғын үй көмекті тағайындауға және төлеуге құқығын айқындайтын тиісті органда мәліметтерді сұратады.

6 6. Тұрғын үй көмегі өтінішті берген айдан тағайындалады және өтініш берген ағымдағы тоқсанына көрсетіледі.

7 7. Тұрғын үй көмегінің алушысы тұрғын үй көмегінің мөлшерінің өзгертуіне негіз болып табылатын, сонымен қатар оның дұрыс емес тағайындалғаны жағдайлары туралы уәкілетті органға хабарлайды.

8 8. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне ықпал ететін жағдайлар пайда болса, көрсетілген жағдайлар (алушының қайтыс болғанынан басқа) басталған күнінен бастап қайта есептеледі.

Өтініш берушімен тұрғын үй көмегінің заңсыз төлем тағайындалған дұрыс емес мәліметтерді ұсынған жағдайда, тұрғын үй көмектің төлемі тағайындалған кезеңге тоқталады.

9 9. Артық төленген сомасы бюджетке қайтарылады. Алушы аударылған сомаларды қайтаруға ерікті тәртібінде бас тартқан жағдайда, өкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамамен бекітілген тәртіппен өндіріп алады.

10 10. Жалғыз басты тұратын тұрғын үй көмегін алушының қайтыс болған жағдайларын тұрғын үй көмегінің төлемі қайтыс болған кейінгі келесі айдан тоқтатылады.

Тұрғын үй көмегін алушының бір отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда қайтыс болғаннан кейін айдан бастап қайта есептеледі.
Қайтыс болуына байланысты төлемдердің тоқтатуы немесе қайта есептелуі ай сайын уәкілетті органмен әділет органдардың немесе отбасы мүшелерімен мәліметті ұсынуды сұратқан қайтыс болған тізімінің негізінде жүргізіледі.

11 11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша шыққан келіспеушіліктер әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша комиссияның қарауына салынады, немесе Қазақстан Республикасы қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес шешіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін анықтау

12

12. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері, тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен анықталады.

13 13. Алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 27.04.2012 № 41 шешімімен (алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14

14. Азаматтың табысын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде жұмыссыз тұлғалармен, мүгедектерден және стационарлық емделуде бір айдан астам болған тұлғалардан, күндізгі түрдегі оқудың оқушыларынан, студенттерден, тыңдаушылардан, курсанттардан және магистранттардан, сонымен қатар 1,2 топ мүгедектерін, сексен жастан асқан тұлғалармен, жеті жасқа дейінгі балалармен күтімді іске асыратын азаматтардан басқа, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарда олардың тіркеулерін жұмыссыз ретінде куәландырған құжаттар ұсынылады.

15 15. Жол берілетін шекті шығыстың үлесі қосынды табыстан 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

16 16. Тұрғын үй көмек көрсетілгенде есепте көлем нормасы алынады:

1 1) отбастың бір мүшесіне көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратын он сегіз шаршы метр пайдалы көлемі, отбасқа 9 шаршы метр қосылады, бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындарға – тұрғын үйдің жалпы көлемі;

2 2) жалғыз тұратын азаматтарға пайдалы көлеміне қарамастан, бірақ нақтыны астам 30 шаршы метр шегінде, осы норма жатақханалар үшін қолданады.

17 17. Коммуналдық қызметін пайдалану есеп құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтемақы шараларымен қамтылған нормативтері қолданыстағы заңдылықа сәйкес белгіленеді.

Егер заңнама бекіткен тәртіппен шығындарға нормативтер мен тарифтер анықталмаса, шығындардың өтуі нақты шығыстар бойынша жасалады.

18

18. Коммуналдық қызметін пайдалануға есептеу құралдары бар тұтынушыларға үшін есептеуге қабылдайтын шығыстар есеп құралдардың көрсеткіштердің негізінде, бірақ есеп құралдары жоқ, толық мөлшерінде барлық коммуналдық қызметтер көрсетілген алдындағы тоқсан немесе соңғы тоқсанның нақты төлемдер жөнінде анықталады.

19 19. Электр энергия пайдалануға шығындарын өтеу үшін бір адамға 100 киловатт; электроплиталар, электро су жылытулары бар үйлерде бір адамға 130 киловатт есебімен шығарылады, бірақ нақты шығыстан астам емес.

20 20. Егер төлем осы тараумен белгіленген нормалардан тыс болса, ол меншік иелерімен немесе жалдаушылармен (қосымша жалдаушылармен) жалпы негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

21 21. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаттары арқылы, сондай-ақ мақсатты ағымдағы трансферттер қаражаты (олар бөлінсе) жүзеге асырылады.

22 22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша, тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминимум нысандарын басқару органдарының банктік шоттарына аударылып екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы