Құжат мәтініне өту

"Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Ереже · № 44-2 · қабылданған 14.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.06.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54872/?version=54872_194525.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
"Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 44-2 ·14.09.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

"Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

ҚАЗ"Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 44-2 · қабылданған 14.09.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
"Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44-2
Қабылданған күні
14.09.2010
Көрсетілген редакция
08.06.2012 · қолданыстағы 54872_194525.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
08.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DN000099
ЭКБ идентификаторы
54872
Редакция идентификаторы
54872_194525
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:22

0 "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан мәслихатының заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.И. Ботанбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Көксу ауданы мәслихатының

2010 жылғы 14 қыркүйектегі
"Көксу ауданының Құрметті
азаматы" атағын беру Ережесін
бекіту туралы N 44-2 шешімімен
бекітілген
"Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы
Е Р Е Ж Е

1

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағы аудан мәслихатының шешімімен беріледі. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру патриоттық функцияны орындауға шақырады және Қазақстан Республикасы мен аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамның мойындауының көрінісі болып табылады.

Сондай-ақ, "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Көксу ауданының тарихында сақтау болып табылады.

2

2 2. Атақ беру жөніндегі талаптар

2 2."Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағы өмірбаяны Көксу ауданымен байланысты, аудан жұртшылығына танымал, белгілі, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:

1 1) Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандарға;

2 2) өзін жергілікті мемлекеттік басқару саласында көрсете білген, ауданның дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;

3 3) халық шаруашылығының салаларындағы инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ықпал еткендерге;

4 4) аудан халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу алдын-алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгені үшін;

5 5) қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;

6 6) ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуда елеулі үлес қосқандарға;

7 7) Қазақстан Республикасының азаматтары, өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда айрықша үлес қосқандарға;

8 8) отандық спорттың әлемдік ареналарында даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне.

3

3 3. Атақ беру тәртібі

3 3. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын иеленуге үміткерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі ұсынады.

4 4. Ұсынылған үміткерлердің:

1 1) аудан әкімінің ұсынысы;

2 2) өмірбаяндық мәліметі;

3 3)ерекше еңбектерін растайтын құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының тізбесі ұсынылады.

5 5. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.

6 6. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным аудан мәслихатының сессиясында қаралады.

7 7. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағы соттылығы алынып тасталынбаған немесе өтелмеген тұлғаларға берілуі мүмкін емес.

8 8. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімнің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.

9 9. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным аудан мәслихатының сессиясына қатысқан депутаттар санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

10 10. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағы берілген тұлға "Көксу ауданының Құрметті азаматы" ерекше белгісімен марапатталады.

11 11. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгісін жасауды аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.

12 12. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағы салтанатты және жариялық жағдайында аудан мәслихатының хатшысы мен аудан әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.

13 13. Құрметті азаматтың есімі "Ауданның Құрметті азаматтары" кітабына жазылады.

14 14. "Көксу ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы аудан мәслихатының шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

15 15. Ауданның Құрметті азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен қала, кент, село көшелеріне Қазақстан Республикасының Заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.

16 16. Атақ алған адам қайтыс болған жағдайда, оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлердің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.