Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на территории Акжарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на территории Акжарского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжар ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 01.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2013 54886_189384.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SD000111
- ЭКБ идентификаторы
- 54886
- Редакция идентификаторы
- 54886_189384
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:28
0 Ақжар ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақжар ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
өз еріктерімен босатылған тұлғалар;
уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
50 (елу) жастан асқан тұлғалар;
жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіби колледждердің түлектері;
ұйымдардың штаттық немесе сандық қысқартуына байланысты жұмыссыз қалған тұлғалар.