Қолданыстағы ред. 16.09.2010 (Редакция 54894_194611.kaz)

Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы от 16.09.2010 г. № 37-215 (Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы)

0

Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, Белбұлақ ауылдық округінің шекарасы (шегі) мынадай болып өзгертілсін:
Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылы елді мекеннің шекарасына барлығы 5,8080 гектар жер аумағы енгізілсін.

2

2. "Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.

3

3. "Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.

4

4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.