О некоторых вопросах акционерного общества "Медицинский университет Астана"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Медицинский университет Астана"
- Атауы (қаз.)
- "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 710
- Қабылданған күні
- 13.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI54899_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000710_
- ЭКБ идентификаторы
- 54899
- Редакция идентификаторы
- AI54899_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:48
0 "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтауды дамыту институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан жарғылық капиталдың 100 %-ы (жүз пайызы) мөлшерінде "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) акцияларының пакетін алсын;
2 2) Университет акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берсін;
3 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
3 3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 шілдедегі
№ 710 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-119-жолмен толықтырылсын:
"21-119. "Астана медицина университеті" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-7-жолмен толықтырылсын:
"227-7. "Астана медицина университеті" АҚ".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.