Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств резерва Акима области

Қаулы · № 179 · қабылданған 18.10.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5493/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств резерва Акима области Күшін жойған 18.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил использования средств резерва Акима области

Күшін жойған Қаулы № 179 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств резерва Акима области
Атауы (қаз.)
Облыс Әкімінің резерві қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179
Қабылданған күні
18.10.1999
Көрсетілген редакция
18.10.1999 5493_268236.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99C000386_
ЭКБ идентификаторы
5493
Редакция идентификаторы
5493_268236
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:52
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс Әкімінің резерві қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 14.04.2003 № 88 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында Облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Облыс Әкімінің резерві қаржыларын пайдалану Ережелері бекітілсін.

2. Аудандар және Ақтөбе қаласының әкімдеріне резерв қорын пайдаланудың ережесін бекіту туралы ұсыныс жасалсын.

3. Облыс Әкімінің 1997 жылғы 26 маусымындағы "Резерв қорының қаржыларын пайдалану Тәртібін бекіту туралы" № 130 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 Ақтөбе облысы Әкімінің резерв қорын пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы ереже облыс Әкімінің резерв қорын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

1. Осы ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:

облыс Әкімінің резерві-облыстық бюджетте сол қаржы жылына қаралған және облыс Әкімінің шешімімен алдын-ала қаралмаған шығынды қаржыландыруға арналған бір реттік ыңғайдағы бөлінетін қор;
алдын-ала қаралмаған шығындар-ағымдағы қаржы жылына болжау мүмкіндігі болмағандықтан жергілікті бюджетті қалыптастыру барысында жоспарлауға енбеген, сол ағымдағы қаржылық жылда кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығындар;
облыс Әкімі резервінің құрамындағы облыс Әкімінің және жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін шегеру үшін есептелген қор-облыс Әкімі резерві құрамында қаралған және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың басқарушыларына облыс Әкімінің немесе жергілікті органдардың міндеттемелерін сот шешімі бойынша шегеру үшін бөлінетін қор;
облыс Әкімі резервінің құрамында төменгі буындағы бюджеттік қорды несиелендіру үшін жергілікті бюджетте бекітілген шығындарды каржыландыруға қайтармалы негізде төменгі буындағы бюджетке бөлінген, ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджетке ағымдағы түсіммен қамтамасыз етілмеген және жергілікті бюджеттегі қаржы кардарлығына сай арнаулы резерв.
Облыс Әкімі резерві қорын алушы-жергілікті бюджеттік бағдарлама жетекшісі немесе аудан мен қала әкімі.

2. Облыс Әкімі резерві қорынан бір реттік ыңғайдағы алдын-ала каралмаған шығындарды қаржыландыратын төмендегі шаралар:

1) табиғи және техногендік ыңғайдағы төтенше жағдайларды

жою, оған мыналар кіреді:
- төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық жәрдем көрсету;
- зардап шеккендер үшін уақытша тұрақ пен тамақтандыруды қамтамасыз ету;
- құтқару және қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықтап-жарақтандыру;
- төтенше жағдай аймағын күш және қаржы жеткізілуімен қамтамасыз ету.

2) облыс Әкімінің орталық атқару органдарының міндеттемелерін сот шешімі бойынша өтеу;

3) ағымдағы қаржы жылы ішінде төменгі бюджеттік несиелендіру;

Облыс Әкімінің резерв қоры басқа шығындарды қаржыландыруға жіберілмейді.

2 IІ. Облыс Әкімі резерв қорының бөліну және пайдалану тәртібі

3. Облыс Әкімінің резервінен қаржы бөлуді облыстық қаржы басқармасы жергілікті бюджетгің тиісті қаржы жылына шығындар мен несиелендіру құрамында бекітілген мөлшерде және осы мақсатқа деп жүзеге асырады. Ол облыс Әкімінің өкімімен белгіленген заң тәртібі негізінде жүзеге асырылып, онда алушы, бөлінген қаржы мөлшері, оларды пайдалану тәртібі, сонымен бірге бөлінген қаржы қайтармалы негізде берілсе - оны беру және қайтару шарттары көрсетіледі.

4. Облыс Әкімінің резерв қоры қатаң түрде мақсатты жүзеге асырылады және осы Ережеде, облыс Әкімінің резервтен қаржы бөлу туралы өкімінде көрсетілмесе пайдаланылуы мүмкін емес.

5. Облыс Әкімінің өкімін әзірлеу барысында төмендегі жағдайлар ескеріледі:

1) жергілікті бюджетте ағымдағы қаржы жылына қаржының болмауы;

2) Әкім мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін сот шешімімен шегеруден басқа жағдайда алушының ескі міндеттемелерімен байланысты емес қажетгілік және облыс Әкімінің резерв қорына тұтынушылық ағымдағы жылы пайда болса;

6. Облыс Әкімінің резерв қорынан қаржы бөлу туралы облыс Әкімінің өкімі жыл аяқталғанға дейін облыс Әкімінің тиісті өкімі негізінде күшін жояды, тек облыс Әкімінің арнаулы қорынан төменгі буындағы бюджетке несие беру туралы шешімінен басқасы, егер ол несиені толық қайтарса. Бұл қаржы төменгі буындағы бюджет шығындарында толық қамтамасыз етілмесе облыс Әкімінің өкіміне сәйкес өзара есеп айырысуға берілуі мүмкін.

III. Қаржыны табиғи және техногендік ыңгайдағы төтенше жағдайларды жоюға бөлу

7. Табиғи және техногендік ыңғайдағы төтенше жағдайлар орын алғанда облыс Әкімінің резервінен қаржы бөлу туралы ұсынысты төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды. Табиғи және техногендік жағдайдағы аймақтық және ірі көлемдегі төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы өкім жобасын облыс Әкіміне ұсынады.

IV. Облыс Әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін сот шешімімен шегеруге қаржы бөлу

8. Облыс Әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін сот шешімі бойынша шегеру соттың орындаушылық құжаттары болған жағдайда облыс Әкімі қоры есебінен қамтамасыз етіледі.

V. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін арнаулы резервтен қаржы бөлу және оны пайдалану

9. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін арнаулы қордан қаржы бөлу үшін қала және аудандардың әкімдері облыс Әкімінің резервінен қаржы бөлу туралы ұсынысты тиісті негіздемелері мен есептерін көрсете отырып, облыстық қаржы басқармасына ұсынады.

10. Облыстық қаржы басқармасы ұсынылған құжаттар негізінде арнаулы резерв қорынан төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін қаржы бөлу мүмкіндігінің барлығы немесе жоқтығы жөнінде тұжырымдама жасайды.

Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін арнаулы қордан қаржы бөлу үшін қажетті шарттар:

1) қалалар мен аудандардың бюджеттерін несиелендіру үшін ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджетте қаралған соманың болуы;

2) бөлінген қаржыны жергілікті бюджет шығындарын қаржыландыруға жолдау, ол жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілуі тиіс және белгілі есепті кезең ішінде жергілікті бюджеттің қаржы қардарлығы және жергілікті бюджетке ағымдағы түсімдердің қамтамасыз етілмеуі болғанда;

3) облыстық бюджеттен бұрынырақта берілген несиеге байланысты жергілікті атқарушы органдардың созылған қарызы болмаса.

11. Қала, аудан әкімдерінің ұсынысы бойынша оңды қорытынды жасалғанда облыс Әкімінің арнаулы қорынан қаржы бөлу туралы шешім жобасы төменгі буындағы бюджетті қаржыландыру үшін облыстық қаржы басқармасы тарапынан облыс Әкімінің арнаулы қорынан несие беру және қайтару тәртібі мен шартын облыс Әкімі белгілейді.

12. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін облыс Әкімінің арнаулы қорынан несие беру және қайтару тәртібі мен шартын облыс Әкімі белгілейді.

VI. Бақылау және есеп беру

13. Облыс Әкімі резервінен бөлінген қаржыны алушылар оны пайдалану, атқарылған жұмыстардың мерзімі мен тәртібі, көлемі мен құнына байланысты облыстық қаржы басқармаеы бекіткен тәртіппен есеп береді.

14. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын облыс әкімшілігіне облыс Әкімінің резерв қорын пайдалану және тиісті мерзімге қалдығы туралы хабар беріп тұрады.

15. Облыс Әкімі резерв қорынан бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылуы жөніндегі жауапкершілікті алушы Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған тәртіппен көтереді.