Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых веществ и изделий с их применением

Бұйрық · № 242 · қабылданған 21.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54954/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых веществ и изделий с их применением Күшін жойған Бұйрық ·№ 242 ·21.08.2010
28.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых веществ и изделий с их применением

Күшін жойған Бұйрық ·№ 242 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых веществ и изделий с их применением
Атауы (қаз.)
Улар, Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
242
Қабылданған күні
21.08.2010
Көрсетілген редакция
28.11.2012 AI54954_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006528
ЭКБ идентификаторы
54954
Редакция идентификаторы
AI54954_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:30

0 Улар, Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (А.С. Таспихов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Қ. Әбдібековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушы
_____________________А. Рау
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және
сауда министрі
__________________Ж. Айтжанова

0 Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 21 тамыздағы
№ 242 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің
2010 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 171 және бірлескен
бұйрығымен бекітілген
Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) бақылау субъектілерін тәуекелдің белгілі бір тобына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Лицензиялау туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер қолданылады:

1

1) тәуекел - улардың, оқ-дәрінің, қару-жарақтың, әскери техниканың, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдардың заңсыз айналымды жүзеге асырудың нәтижесінде көрінген зардаптардың ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы;

2 2) бақылау субъектілері - төменде көрсетілген қызмет түрлерін атқаруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар:

босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу; .P080000082
уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою; .P070001137
монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді  және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу; .P080000093
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу. .P080000243

3 3. Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері мыналарға бөлінеді:

1 1) объективтік, бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген.

2 2) субъективтік, тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты анықталады.

4 4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға бастапқы жатқызу объективтік критерийлер ескеріліп, жүзеге асырылады.

5 5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға одан кейінгі жатқызу субъективтік критерийлер ескеріліп, жүзеге асырылады.

6 6. Тәуекел дәрежесінің субъективтік критерийлері объективтік критерийлер бойынша тәуекелдің жоғарғы тобына жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты қолданылмайды.

Тәуекелдің жоғарғы тобына жатқызылған бақылау субъектілері жыл сайынғы бақылауға жатады.

7 7. 0бъективтік критерийлер бойынша:

1 1) тәуекелдің жоғарғы тобына мыналарды жүзеге асыратын лицензиаттар жатады:

босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
уларды өндіру, өңдеу, пайдалану, жою;
монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру.

2 2) тәуекелдің орташа тобына мыналарды жүзеге асыратын лицензиаттар жатады:

уларды сатып алу, сақтау, өткізу;
монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды алу және өткізу;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сату, оларды сатып алу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу.

3 3) объективтік критерийлер бойынша тәуекелдің төменгі тобына лицензиаттар жатқызылмайды.

8 8. Субъективтік критерийлер бойынша:

1 1) тәуекелдің жоғарғы тобына тексерулер нәтижесінде 4 және одан жоғары балл жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

2 2) тәуекелдің орташа тобына тексерулер нәтижесінде 2-ден 3 баллға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

3 3) тәуекелдің төменгі тобына тексерулер нәтижесінде 1 балл жинаған бақылау субъектілері жатқызылады.

Бақылау субъектілерінің тиісті қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъективтік критерийлер осы Критерийлерге қосымшасында келтірілген.

9 9. Тәуекелдің белгілі бір тобының бақылау субъектілерін тексеру жоспарына бірінші рет енгізу критерийлері:

1 1) алдыңғы тексерулер қорытындылары бойынша ең көп балл;

2 2) соңғы жоспарлы тексеру өткізудің ең үлкен мерзімі.

1 Улар, қару-жарақ, әскери техника

мен жекелеген қару түрлері,
жарылғыш заттар мен олар қолдана
отырып жасалған бұйымдар айналымы
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне қосымша

Кри­те­рий­лер
Балл
1
2
3
Улар­ды са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу
1
Қам­та­ма­сыз ете­тін қыз­мет­тер­дің бол­мауы
ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін ба­қы­лау мен қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау
3
ме­ди­ци­на­лық ба­қы­лау
3
улар­дың есеп­ке алы­нуы
3
2
Ти­іс­ті ар­найы бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар, тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сі мен өнер­к­ә­сіп қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­да қа­уіп­сіз­дік ере­же­сін үй­ре­ну­ден және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер­дің және бас­шы қыз­мет­кер­лер­дің бі­лік­ті құ­ра­мы­ның бол­мауы
3
3
Улар­ды сақ­та­у­ға ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­лар­дың, үй-жай­лар мен сый­ым­ды­лық­тар­дың бол­мауы
3
Улар­ды сақ­та­у­ға ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­лар, үй-жай­лар мен сый­ым­ды­лық­тар мен­шік құқы­ғын­да емес
3
Улар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған және ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­лар, үй-жай­лар мен сый­ым­ды­лық­тар өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры­на жа­у­ап бер­мей­ді
1
4
Улар­ды сақ­та­у­ға жаб­дық­тал­ған қой­ма­лар, үй-жай­лар мен сый­ым­ды­лық­тар кү­зе­ті­нің неме­се кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын субъ­ек­ті­лер­мен кү­зет қыз­ме­тін көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ты­ның бол­мауы
3
5
Қор­ға­ныс құ­рал­да­ры­ның бол­мауы
ар­найы қор­ға­ныс ки­і­мі­нің
3
же­ке қор­ға­ныс затта­ры
3
өрт­ке қар­сы мүк­әм­мал
3
6
Ық­ти­мал ава­ри­я­лар­ды жо­ю­дың бе­кі­ті­л­ген жос­па­ры­ның, жұ­мыстар­ды қа­уіп­сіз жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар­дың, ере­же­лер­дің және бас­қа да нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың бол­мауы
3
7
Ак­тив­тер­дің мөл­ше­рі 10000 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен аз
1
Мон­таж­да­уды, рет­те­уді, пай­да­ла­ну­ды, сақ­та­уды, жөн­де­уді және сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді қо­са ал­ған­да, оқ дә­рі­лер­ді, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­те­рін, жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен ас­пап­та­рын, сон­дай-ақ олар­ды өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ар­найы ма­те­ри­ал­дар мен жаб­дық­тар­ды алу және өт­кі­зу
8
Бас­шы­да және/неме­се оның орын­ба­са­рын­да жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім­нің бол­мауы
3
9
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық жо­ға­ры бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі бар бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
3
10
Оқ-дә­рі­лер­ді, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­те­рін, жи­нақ­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен олар­дың ас­пап­та­рын, ар­найы ма­те­ри­ал­дар­ды, олар­ды өн­ді­ру үшін жаб­дық­тар­ды мон­таж­дау, рет­теу, пай­да­ла­ну, сақ­тау, жөн­деу, сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту үшін мен­шік құқы­ғын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ғи­ма­рат­тың бол­мауы
3
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ғи­ма­рат мен­шік құқы­ғын­да емес
3
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ғи­ма­рат­тың ау­ма­ғы
оқ­ша­у­лан­ба­ған
3
қор­шал­ма­ған
3
қа­ру­лы кү­зет­пен кү­зе­тіл­мей­ді
3
өрт қа­уіп­сіз­ді­гі және са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ере­же­лер мен нор­ма­лар­дың та­лап­та­ры­на жа­у­ап бер­мей­ді
3
тұр­ғын және өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ден қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тер­де көз­дел­ген қа­уіп­сіз ара­қа­шық­тық­та ор­на­лас­па­ған
3
11
Жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­лар­дың бол­мауы
1
Қыз­мет­тік үй-жай­лар са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на жа­у­ап бер­мей­ді
1
12
Оқ-дә­рі­лер­дің, қа­ру-жа­рақ­тар мен әс­ке­ри тех­ни­ка­ның, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­те­рі­нің, жи­нақ­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен ас­пап­та­ры­ның, сон­дай-ақ са­тып алу­ға және са­ту­ға жа­та­тын ар­найы ма­те­ри­ал­дар­дың және жаб­дық­тар­дың түр­ле­рі ту­ра­лы, мә­лім­дел­ген қыз­мет­тің кі­ші тү­рін жү­зе­ге асы­ру ба­ры­сын­да орын­да­ла­тын жұ­мыстар ту­ра­лы тү­сін­дір­ме жа­з­ба­ның бол­мауы
1
13
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, жұ­мыс іс­те­у­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның неме­се жұ­мыстар­ға тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну қа­жет­ті­лі­гі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы рас­та­ма­сы­ның бол­мауы
1
14
Оқ-дә­рі­лер­ді, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­те­рін, жи­нақ­та­у­шы бұй­ым­дар мен ас­пап­та­рын, мон­таж­да­уды, рет­те­уді, пай­да­ла­ну­ды, сақ­та­уды, жөн­де­уді және сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді қо­са ал­ған­да, олар­ды өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ар­найы ма­те­ри­ал­дар­ды, жаб­дық­тар­ды са­тып алу­ға және са­ту­ға мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стың және/неме­се мем­ле­кет­тік ор­ган­мен неме­се ұй­ым­мен жа­сал­ған шар­ттың (ке­лі­сім-шар­ттың) бол­мауы
1
15
Орын­да­ла­тын жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін тап­сы­рыс бе­ру­ші өкіл­ді­гі­нің бол­мауы
1
16
Ак­тив­тер­дің мөл­ше­рі 10000 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен аз
1
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды са­тып алу және өт­кі­зу
17
Бас­шы­да және/неме­се оның орын­ба­са­рын­да жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім­нің, Жа­ры­л­ғыш жұ­мыста­ры ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік­тің бі­рың­ғай ере­же­ле­ріне сәй­кес Жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы және жа­ры­л­ғыш жұ­мыста­ры­ның бас­шы­лы­ғы құқы­ғы­ның бол­мауы
3
18
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл ең­бек өті­лі бар, өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­да тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сі мен қа­уіп­сіз­дік ере­же­сін бі­лу­іне бі­лік­ті­лік тек­се­ру­ден өт­кен бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
3
19
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар қол­да­ны­ла­тын бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға, та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар­дың бол­мауы
3
ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ғи­ма­рат­тар­дың бол­мауы, мен­шік құқы­ғын­да емес
3
3
ар­найы кө­лік­тің бол­мауы, мен­шік құқы­ғын­да емес
3
3
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ғи­ма­рат­тар мен ар­найы кө­лік өнер­к­ә­сіп қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры­на жа­у­ап бер­мей­ді
1
20
Жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­лар­дың бол­мауы
1
Қыз­мет­тік үй-жай­лар өрт қа­уіп­сіз­ді­гі және са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на жа­у­ап бер­мей­ді
1
21
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, жұ­мыс іс­те­у­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның неме­се жұ­мыстар­ға тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну қа­жет­ті­лі­гі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы рас­та­ма­сы­ның бол­мауы
1
22
Жа­ру ісі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу­ге мә­лім­дел­ген жа­ры­л­ғыш заттар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да қол­да­ну­ға ұсы­ны­ла­тын өнер­к­ә­сіп­тік жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар­дың, жа­ру және ба­қы­лау ас­пап­та­ры­ның тіз­бе­сіне сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
1
23
Ак­тив­тер­дің мөл­ше­рі 10000 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен аз
1
Қол­ға ұстай­тын жа­уын­гер­лік атыс қа­руы мен оның па­трон­да­рын са­ту, олар­ды са­тып алу
24
Бас­шы­да және/неме­се оның орын­ба­са­рын­да жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім­нің бол­мауы
3
25
Ти­іс­ті жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі бар бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
3
26
Қол­ға ұстай­тын жа­уын­гер­лік атыс қа­руы мен оның па­трон­да­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған мен­шік құқы­ғын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қой­ма­ның бол­мауы
3
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қой­ма тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға жа­у­ап бер­мей­ді және өрт-кү­зет даб­ы­лы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ма­ған
1
27
Қол­ға ұстай­тын жа­уын­гер­лік атыс қа­руы мен оның па­трон­да­рын есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі құ­жат­та­ма­ның бол­мауы
1
28
Са­тып алу және са­ту­ға жос­пар­лан­ған қол­ға ұстай­тын жа­уын­гер­лік атыс қа­руы мен оның па­трон­да­ры­ның үл­гі­ле­рі­нің так­ти­ка­лық-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры мен тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­сы­ның бол­мауы
1
29
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, жұ­мыс іс­те­у­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның неме­се жұ­мыстар­ға тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну қа­жет­ті­лі­гі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы рас­та­ма­сы­ның бол­мауы
1
30
Қол­ға ұстай­тын жа­уын­гер­лік атыс қа­руы мен оның па­трон­да­рын са­тып алу­ға және са­ту­ға мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стың және/неме­се мем­ле­кет­тік ор­ган­мен неме­се ұй­ым­мен жа­сал­ған шар­ттың (ке­лі­сім-шар­ттың) бол­мауы
1
31
Орын­да­ла­тын жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін тап­сы­рыс бе­ру­ші өкіл­ді­гі­нің бол­мауы
1
32
Ак­тив­тер­дің мөл­ше­рі 10000 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен аз
1

Қолданыстағы