О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 20.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2020 54955_439300.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006534
- ЭКБ идентификаторы
- 54955
- Редакция идентификаторы
- 54955_439300
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:31
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3 3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
3
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен кейін он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4 4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Төрайым _________ Е.Бахмутова
2010 жылғы 8 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Министр _________ Б.Жәмішев
2010 жылғы 9 қыркүйек
0 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 20 тамыздағы
№ 76 қаулысына қосымша
1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
3 3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4 4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5 5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6 6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7 7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 22 сәуірде - 6 мамырда № 9 (206) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде:
74-тармақта "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздер "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1 және 1-2-қосымшаларда "ББН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
2-1 қосымшада "СЖН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.