Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта

Бұйрық · № 396 · қабылданған 06.09.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54959/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта Қолданыста Бұйрық ·№ 396 ·06.09.2010
30.03.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта

Қолданыста Бұйрық ·№ 396 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта
Атауы (қаз.)
Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
396
Қабылданған күні
06.09.2010
Көрсетілген редакция
30.03.2016 AI54959_4.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006517
ЭКБ идентификаторы
54959
Редакция идентификаторы
AI54959_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:25

0 Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Әуежай пайдаланушысының бірінші басқарушысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4 Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптары

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 6 қыркүйекте
N 396 бұйрығымен
бекітілген
Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптары

1 1. Осы біліктілік талаптары әуежай пайдаланушысының бірінші басқарушысы лауазымына кандидаттарға қойылады.

2 2. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидат жоғары білімі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжат түрінде расталуы тиіс азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адам бола алады.

3 3. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар өздерінің біліктілігін мынадай нормативтік құқықтық актілермен растайды:

1 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2 2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

3 3) «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысы (Чикаго, 1944 жыл 7 желтоқсан) (Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-13 және 15-18 қосымшаларды қоспағанда);

4 4) азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер.

Қолданыстағы