Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 2174
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2174
- Қабылданған күні
- 16.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2011 · қолданыстағы 54974_162617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZA000196
- ЭКБ идентификаторы
- 54974
- Редакция идентификаторы
- 54974_162617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:20
0 Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орал қаласында аумағында 2010 жылғы 18 тамыздан бастап 1 қазанға дейінгі аралықта оқу құралдарының көшпелі сауда орындары болып Д. Нұрпейісова көшесінің бойы Құрманғазы және Мұхит көшелерінің аралығы белгіленсін.
2 2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) күн сайын көшпелі сауда орындарының аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
3 3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі көшпелі сауда орындары аумағына қоқыс салатын контейнерлерді, биодәретханаларды орнатсын және күнделікті жинастыру мен қоқыстарды шығаруды ұйымдастырсын.
4 4. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" және "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды жүзеге асырсын.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 18 тамыздан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. Дремасовқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Орал қалалық ішкі істер
басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
_____________А. Мухамедьяров
16.09.2010 ж.