Құжат мәтініне өту

Орал қаласының аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

Қаулы · № 2173 · қабылданған 16.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54975/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Орал қаласының аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 2173 ·16.09.2010
17.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Орал қаласының аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 2173 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Орал қаласының аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Орал қаласының аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2173
Қабылданған күні
16.09.2010
Көрсетілген редакция
17.02.2011 · қолданыстағы 54975_162616.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZA000197
ЭКБ идентификаторы
54975
Редакция идентификаторы
54975_162616
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:20

0 Орал қаласының аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" қаулыларын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Орал қаласының аумағында 2010 жылғы 20 тамыздан 1 қарашаға дейінгі аралықта маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындары болып Ә. Кердері көшесі бойындағы Ж. Досмұхамедов және Фрунзе көшелерінің аралығы белгіленсін.

2 2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) күн сайын көшпелі сауда орындары аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

3 3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі көшпелі сауда орындары аумағына қоқыс салатын контейнерлерді, биодәретханаларды орнатсын және күнделікті жинастыру мен қоқыстарды шығаруды ұйымдастырсын.

4 4. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі", "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" және "Орал қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды жүзеге асырсын.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 20 тамыздан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. Дремасовқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Орал қалалық ішкі істер
басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
_____________А. Мухамедьяров
16.09.2010 ж.

Қолданыстағы