Құжат мәтініне өту

Об утверждении описания и Правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан

Қаулы · № 1094 · қабылданған 22.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55002/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении описания и Правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1094 ·22.10.2010
16.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении описания и Правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1094 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении описания и Правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және оларды қолдану қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1094
Қабылданған күні
22.10.2010
Көрсетілген редакция
16.11.2018 55002_371217.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001094
ЭКБ идентификаторы
55002
Редакция идентификаторы
55002_371217
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:07

0 Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және оларды қолдану қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы және оларды қолдану ережесі бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгісінің сипаттамасын және оларды қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 723 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 293-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы және оларды қолдану қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1094 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы және оларды қолдану қағидасы
1. Кеден органдарының танымдық туы - жоғары бөлігі көгілдір түсті, төменгі бөлігі жасыл түсті кездеме. Көгілдір түс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын білдіреді жасыл түс мемлекеттік шекаралардың жалпыға бірдей қабылданған халықаралық белгісі. Көгілдір және жасыл түстердің арақатынасы 50:50 теңдігін құрайды. Тең ортасында біздің планетаны білдіретін сегіз қырлы алтын жұлдызы бар ақ шеңбер, онда алтындалған жіңішке жиекті алтын шаңырақ орналасқан. Жұлдыздың ішінде алтын реңде жоғары жақта көгілдір түсті әріптермен «Кеден» деп және төменгі жағында «Customs» деп жазылған. Ту енінің оның ұзындығына қатынасы 1-қосымшаға сәйкес 1:1,5.
Кеден органдарының танымдық туы және оның бейнесі мөлшерлеріне қарамастан, 1-қосымшаға сәйкес оның түрлі-түсті және схемалық бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс.
Танымдық ту кеден органдарының иелігіндегі өзен, теңіз кемелерінде және кеден органдарының мекемелерінде қолданылады.
2. Кеден органдарының танымдық белгісі (эмблемасы) ішінде көгілдір реңдегі алтын шаңырақ бейнеленген сегіз қырлы алтын жұлдыз. 2-қосымшаға сәйкес шаңырақтың үстінде алтын реңдегі жұлдыздың ішінде көгілдір түсті әріптермен «Кеден» деп және шаңырақтың астында «Customs» деп жазылған.
Танымдық белгі (эмблема) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелігіндегі көлік құралдарының барлық түрлерінде қолданылады және екі жағынан симметриялы орналастырылады.
Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының аға басшы құрамының нысанды киіміндегі танымдық белгінің (эмблеманың) мөлшері 2,5:2,5 құрайды. Танымдық белгінің (эмблеманы) бейнелеу кезінде оның енінің ұзындығына сәйкестігі - 1:1.

1 Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1094 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы

2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық белгісі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1094 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық белгісі

Қолданыстағы